Ескі Қазақстан сүрлеуінен шығу – бәріміздің міндетіміз!

Ескі Қазақстан сүрлеуінен шығу – бәріміздің міндетіміз!

Орда бұзар 30 жасқа толып, халықтың тыныс-тіршілігі мен мұң-мұқтажын үзбей жазып, қалың оқырманның сүйікті басылымына айналған «Qazaqstan dauiri» халықаралық газетін, өзімнің жасым жетпістің бел ортасына жеткенімен, әр нөмірін қалт жібермей оқимын. 1999 жылдың басында Сәуле Мешітбайқызын аса жақсы тани қоймайтынмын. Алматыдағы әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеұлының көмегімен «Жалын» баспасынан жарық көрген «Ер намысы – ел намысы» кітабының тұсаукесеріне Сәуле әпкеміз қазақ тілінің жанашыры ретінде шырылдап жүрген Асылы Османмен бірге келіп қатысқан-ды. Сонда Асылы оқу орнының жас тәлімгерлері алдында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың өнегелі ерліктері жайлы кеңінен әңгімелеп берген еді... Аталарымыз «адамды жолдасына қарап таны» деп бекерден-бекер айтпағаны белгілі. Қос құрбының әлі де бір-бірімен ұлағатты басқосуларда кездесіп тұратынына сенімім мол.

Жоғарыда атап өткенімдей, газеттің әр нөмірін қалт жібермей оқып қана қоймай, қоғамымызда жең ұшынан жалғаса сыбайласқан жемқорлық әрекеттермен бел шеше күресумен қоса ел тарихы беттерінде өзгертулердің ауадай қажеттігі жөнінде де сөз қозғап келемін. Жалғыз мен емес, ұлтжанды кей азаматтардың да ой тастап жүргені анық. Атап айтсам, 2019 жылдың 11 ақпанында «Qazaqstan dauiri» газетінде «25 қазанды тәуелсіздік күні деп белгілеп, «...станды» алып тастасақ» атты мақалам жарияланған еді. Осы мақалаға орай Азат Перуашев не дейді? Ресми түрде қолданылуы үшін Қазақ Республикасы атауын қайта енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз деген-ді. Осы орайда «Qazaqstan dauiri»-нде 2022 жылы 14 сәуірде «Ескі Қазақстанның сүрлеуінен шыға алмасақ, бәрімізге сын!» деген атпен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жазған Ашық хатым жарияланған еді. Осы ашық хатта бірқатар ұсыныстарым: 1. ҚР атауын – Қазақ Республикасына немесе Қазақ еліне ауыстырсақ. 2. Тәуелсіздік мерекесін 25 қазанға белгілесек... 5. Ата Заңымыздағы орыс тілі – ресми тіл (уақыт өте келе жүзеге асатыны анық) деген мәртебесін алып тастау туралы келтіргенмін. Осы ұсыныстарымның бәрін қолдамаса да, Қасым-Жомарт Кемелұлына рақмет, Ұлытау облысында өткен дүниежүзі қазақтарының Құрылтайында Тәуелсіздік мерекесін 25 қазанға белгілейміз дегенді айтып қана қоймай, жақында шешімді ресми түрде бекітіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Ашығын айтқанда, халықаралық жағдай уақыт өткен сайын күрделеніп келеді. Оның үстіне елімізде 20 қарашада Президенттік сайлау өтпекші. Бұл саяси науқан өзгеше ерекшелігімен дараланып тұрғандай көрінеді. Сонымен қатар сайлау науқаны уақыт өлшемімен өте тығыз жағдайда өтейін деп отыр. Осы жағдайды ескеріп, Президенттікке сайлануға ынталы үміткерлерге демократиялық жағдайда даңғыл жол ашуып, әсіресе оппозиция өкілдеріне қысым көрсетуге шектеу қойып, қайта оларды тең правалы құқықпен сайлауға түсе алатындай жағдай жасау керек. Заман ағымына сай сайлаушылардың дауыс беру бюллетендерін санау өркениетті әдіспен – электронды форматта жүргізілсе, қаржы да үнемделіп әрі бұрмалауға жол берілмейтіні анық. Сонда біздің Қазақ еліндегі сайлаудың демократиялы жолмен таза әрі адал өткендігімен өзге мемлекеттерге айтарлықтай үлгі болар едік...

Тағы бір айтпағым, Әулиеата өңіріне газдың келгеніне 7 жылға аяқ басқанымен, 21 мыңнан аса тұрғыны бар Шу ауданының орталығы Төле би ауылы халқын газдандыруға тиіс «Париев» ЖШС басшылары елде жоқ қымбат бағаны ұсынып, қитұрқылыққа басып, әлі күнге дейін халықтың тең жартысына жуығы көгілдір отынға қол жеткізе алмай отыр.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовке 20 маусымда жолдаған хатымда да және 30 маусымда Шу ауданы орталығындағы Мәдениет үйінде де өзінің тұрғындармен кездесуінде «париевтіктермен» ауыз жаласып, халықты алдап келген аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаевтың әрекеттерін ашып айтқанмын. Оның барлық қылмыстары нақты дәлелдермен жазылған облыстық «Арай» газетінің 7 сәуірдегі және үстіміздегі жылы 14 сәуірде жарық көрген халықаралық «Qazaqstan dauiri» басылымының көшірмелерін де облыс әкімінің өзіне тапсырып: «1. Халыққа жандарыңыз ашыса, үстіміздегі жылдың 10 маусымында құрылған қоғамдық комиссиямен облыстағы құзырлы орындар өкілдерін қатыстыра тексертіп, Н. Жақсыбаевтай әкімқараларға қатаң шара қолданып, алаяқтықпен халықтан алған қаржыларын қайтартып беруіңізді;

2. Төле би бойынша газдандыруды қолжетімді баға – 120 000 теңгеден асырмауларыңызды сұранамын», – деген болатынмын.

04. 08. 2022 жылы облыс әкімінің атына жолдаған осы хатымызға байланысты да әлі күнге дейін ешқандай нәтиже көре алмай отырмыз.

Осындай қылмыстық, жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қоймай, «Жаңа Қазақстанды» қайтіп құрмақшымыз?! Шындығында, биылғы қаңтардағы қанды оқиғалардың бастамасы сол кездегі облыс әкімі К.Көкірекбаев, бұрынғы аудан әкімі Б.Нұркенов, қазіргі аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаевтай әкімқаралар мен жандайшаптарының халықтың талап-тілегімен санаспай, жұртшылықты ашындырғандықтарынан туындаған жоқ па ?!  

Мәкен УАҚТЕГІ, Әлем халықтары Жазушылары және Журналистер одағының мүшесі, Шу ауданының Құрметті азаматы
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 94
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 89
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 94
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 290
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 284
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 905

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8376
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586