Футбол: «Шахтер», «Тобылды» ірі есеппен ұтты

Футбол:   «Шахтер», «Тобылды»   ірі есеппен ұтты

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы аясында өткізілген алғашқы ойында Қарағандының «Шахтері» өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасын 5:2 есебімен ойсырата ұтты. Ойын барысында қарағандылық клубтың белсенділігі айқын байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан бірінші кезеңде Идрис Умаев – 8, 45, Давид Атанаскоски 13 минуттарда мергендік танытса, оған 44-і минутта қостанайлық клубтан Асхат Тағыберген бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде «Шахтер» сапынан Давид Мавутор 48  минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал «Тобыл» футболшысы Игор Сергеев 58-і минутта есеп айырмасын қысқартса, 87 минутта қарағандылық Айдос Тәттібаев қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Шахтер» қарсыласын 5:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл кездесуде ел футболында тұңғыш рет VAR жүйесі қолданылды. 7 қарашада елордалық «Астана» өз алаңында Алматының «Қайрат» командасын қабылдап, қонақтардан 0:3 есебімен оңбай жеңілді. Жеңімпаздар қатарынан доп соққандар: Дугалич 45+7 (0:1), Канте 67 (0:2), Шушеначев 72 (0:3). Командалар арасындағы қарымта ойындар 20 мен 21 қарашаға белгіленген. Финалдық ойын 28 қарашада өтеді. 

 

Ермек САХАРИЕВ
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18252
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568