Гол салмай, қазынаға қол салма,әй!

Гол салмай, қазынаға қол салма,әй!

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса үкіметтен футбол клубтарын мемлекет есебінен миллиардтап қаржыландыруды тоқтатуды талап етті. Депутат: «Футбол федерациясының бас хатшысы кешегі баспасөздегі сөзінде: «Біз бюджеттен қаражат алмаймыз, қайдағы миллиардтар, 200 миллион теңге ғана алдық. Ал «жеңілістің себебі – жақсы футболшылардың тапшылығы», – деп ақталыпты. Федерация «бюджеттен көп қаржы алмаймыз» дейді, бірақ миллиардтарды осы федерацияға кіретін кәсіпқой клубтар облыс әкімдіктері арқылы алуда. Соңғы үш жылдағы облыстық әкімдіктердің кәсіби клубтарға бөлген қаржысының өзі аз емес, ол сома бақандай 111, 2 млрд теңгені құрайды.

Ал федерацияға республикалық бюджеттен, УЕФА-дан, «Самрұқ-Қазынадан», демеушілер бөлген қаржыларды қосар болсақ, олардың есебі жоқ: өйткені ресми мәліметтер жоқ. Футбол әлемі бойынша барлық анық ақпараты бар transfermarkt.com сайтының мәліметі бойынша Қазақстан футболының бір жылдық бюджеті – 133 млрд теңге. Бізде халық қазынасы қазақ футболшысын дамытуға емес, шетелдік ойыншыны байытуға жұмсалып жатыр. ФИФА рейтингісі бойынша қазір Қазақстан 125 орында тұр. 2000 жылы 121 орында болғанбыз, сонда одан бері миллиардтар көбейген сайын дамудың орнына біз кері кетіп бара жатырмыз. Ал ТМД елдеріндегі футбол бюджеті ең аз – Қырғызстан 96-ы орында. Миллиардтар алып отырған қазақ футболында гол жоқ! Ал ауылдарда қаржы тапшылығынан жол жоқ! Клубтардың әлемдік рейтінгісінде ешқандай клубымыз 100-діктің қатарына кірмейді. Ал 200-діктің соңында, 186-ы орында тек бір «Астана» клубы ғана бар. Бірде бір футболшымыз трансферлік құны бойынша алғашқы 500-дікке кірмейді. Бұл факті, 30 жыл бойы футболымыздың ешқандай дамымағанына дәлел. Ендеше, футболға халықтың қыруар қаржысын Франциядағыдай әлемге масқара болу үшін құйып отырмыз ба? Нәтижесіз футболға бөлінген 133 млрдқа кемінде 133 мектеп салуға болар еді… Сондықтан гол салмайтын, тек халық қазынасына қол салатын, қол салғанда мол салатын футболға миллиардттарды босқа шашуды тоқтататын уақыт жетті. Себебі кәсіби спорт – бизнес. Әлемде кәсіби спорт мемлекеттің мойнына мініп алмайды. Сондықтан мен бюджетке байланған футбол клубтары- ның барлығын жекешелендіріп, мемлекеттен қаржыландыруды тоқтату қажет деп санаймын», – деп мәлімдеді ренішін жасыра алмай. Ренжитін жөні де бар, өйткені, 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан футбол құрамасы Франциядан 0:8 есебімен оңбай жеңілген болатын.  

Ермек САХАРИЕВ
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 221
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 216
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 722
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 845
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 758

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8914
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8308
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11535
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9292
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10520