ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов: «Қазақстанда кәсіпкерлік дамыту ұлттық жобасы қабылданады. Егер жұмыссыздық статистикасын алып қарайтын болсақ, жалпы жұмыссыздар санының 56 пайызы әйелдер, ал 46 пайызы ер адамдар. Иә, жұмыссыз әйелдер көп. Бірақ, бұл табиғи процесс. Әйелдерге жұмыспен қатар үй шаруашылығы бар. Әйелдерге «Еңбек» бағдарламасы аясында да қолдау көрсетіледі. Мемлекеттен грант алушылардың жартысынан көбі – әйелдер. Өйткені, олар табандылықпен оқиды және соған сай олар үлкен қолдауға да ие болады. Жалпы, бизнес бастамалардың басым бөлігін әйелдер ұсынады», — дейді.
Ермек Сахариев