Иорданияда Қазақстанның кино күндері өтті

Иорданияда Қазақстанның кино күндері өтті

Иордания Хашимит Корольдігінің астанасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстандық кино күндері өтті. Шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Иорданияның кинематография бойынша Корольдік комиссиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшілігі ұйымдастырды. Кинокөрсетілім Амман қаласының ең көне аудандарының бірінде орналасқан «Кино үйінде» өтті. Қонақтармен амандасқан Қазақстан Елшісі Айдарбек Туматов оларды қазақстандық кинематографияға танытқан қызығушылығы үшін алғысын білдірді. «Шара иордандықтардың Қазақстан халқымен, оның тарихы және мәдениетімен жақынырақ танысуына жағдай жасап, қазақстандық-иордан мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының одан ары нығаюына септігін тигізеді», — деп атап өтті Елші. Шара режиссер Нұргелді Садықұловтың «Балуан Шолақ» көркем фильмінен басталды. Кинокартина көрерменнің жоғары бағасын алды. Келесі көрсетілген фильм – режиссер Ақан Сатаевтің «Жаужүрек мың бала» кинокартинасы. Фильмдер түпнұсқа үлгісінде, ағылшын тіліндегі субтитрлерімен көрсетілді. Шараға дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Иордания астанасының қоғам қайраткерлері мен тұрғындары қатысты.

Ермек Сахариев
25.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 843
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6916
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10756
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6987
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7126