Бала кезімде шахматты әжептәуір жақсы ойнадым. Түрлі комбинациялар құрып, Вильгельм Штайниц, Эмануэль Ласкер,
Хосе Рауль Капабланка, Александр Алехин,
Михаил Ботвинник, Фишер сияқты әлем чемпиондарын оқып, жүрістерін саралайтынмын...
Бірде өзімнен екі-үш жас үлкен бір баламен бәстесіп шахмат ойнамаймын ба.
Жұрттың айтуынша, керемет шахматист бала. Ауылда ешкім жеңіп көрмеген.
Мен де өзімше мықтымын. Әйда, "айқасты" бастап кеттік. Қанша уақыт ойнағанымыз есімде жоқ, бір кезде оны тығырыққа тіредім және атпен шах қойдым. Бұлтара алмайды енді!
Бітті! Карол "өлді". Мәзбін. Күліп қарап отырмын. Қарсыласым алғашында басын қасыған, кейін қабағы түйілді. Бір кезде ферзесімен маған қарсы шабуылға атып шықсын. Шошып кеттім.
Айқай салайын десем жасы үлкен. Сұсы басым. "Іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ". Тілімді тістеп отырмын. Сәлден кейін қарсыластың ферзісіне бір қарап, ақырын ғана: -Сіздің корольіңізді жеймін - дедім.
Ол болса: - Жей бер, корольсіз де таңым атып, күнім батқан. Сол қауқарсыз шалдан не пайда?!. Қайта жақсы болды. Бар жамандық сонымен кетсін!
Ең бастысы шебім мықты. Әскерім түгел - демесі бар ма! Ал, керек болса!
Ұзын сөздің қысқасы, күштінің құйрығы диірмен тартып, соңына дейін шайқастық. Кімнің жеңгені есімде қалмапты. Әйтеуір шахмат тақтасы "қан сасып " жатты.
Мұны айтып жатқаным осы фб-ның бір жерінен "Бізге президент керек емес. Онсыз да өмір сүріп жатырмыз" дегенге саятын бір жазба оқып қалдым. Кейін іздеп таба алмадым. Сосын осы посты жазуға бекіндім.
Қазақ атамыз "Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас, басшысыз елде береке болмас" деп бекер айтпаған. Демек басшы керек. Ол қандай болуы керек?. Майқы би "Хан әділ болса - халық ынтымақты болады" депті. Яғни, басшы, президент тура жолда болуы тиіс. Ешкімге жалтақтамай. билігі қолында тұтас болса құба-құп. Жарым жартылай билік- ешкімге абырой әпермейді ешқашан. Ондай атты күн туса, карольді Ферзея тұрмақ, Піл мен Ладияларда басынады. Президенттің барынан жоғы оларға...
Ондай сәтте елдің тыныштығын бұзуды көксейтін сыртқы күштер, (маған әлімжеттік жасаған баладай) карольсіз - ақ, кешіріңіздер, президентсіз- ақ елді басқарып, оның арты шахмат тақтасындағыдай "Қанжоса" ұрысқа айналып кетуі бек мүмкін...
Жақсы Кароль, (маған не болды?) жақсы президент ондай ағаттыққа жол бермесе керек- ті....
Нағашыбай Қабылбектің фб парақшасынан