Кәсіпқой бокс: Қазақ боксшылары Мексиканы мойындатты

Кәсіпқой бокс: Қазақ боксшылары Мексиканы мойындатты

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол Мехико қаласында осы жекпе-жекке дейін жеңілмеген Мексика өкілі Йессон Пачеко Сервантеспен (6-1, 3 КО) жұдырықтасты. Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды, қазақстандық боксшы қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

Ал, екінші бір қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет те (7-0, 5 КО) кәсіби рингтегі сегізінші жекпе-жегін өткізді. Ол Мехико қаласында (Мексика) өткен бокс кешінде жергілікті боксшы Лучано Араухомен (6-5-3, 3 КО) кездесті. Жекпежек супер орта салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланған болатын. Бұл жекпе-жекте Нұрмағанбет екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін де абыроймен аяқтады, ал Лучано Араухо мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырады. Нұрмағанбет өткен жылы WBA International тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын. 24 жастағы қазақстандық кәсіби деңгейде 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Ермек САХАРИЕВ
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 342
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 331
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 190
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 485

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18246
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18106
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31845
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35560