КЕНЕНДЕ КЕЛЕЛІ ІСТЕР БАСТАЛДЫ

КЕНЕНДЕ КЕЛЕЛІ ІСТЕР БАСТАЛДЫ

Кенен ауылы өткен жылы облыс көлемінде өткен «Үлгілі ауыл» өңірлік байқауында топ жарғаны белгілі. Сол байқауда Кенен ауылының экономикасының өсуі, тұрғындарының ынтымағы мен бірлігі, жастардың білімі мен тәртібі, ауыл тазалығы мен мәдениеті, бұқаралық спорттың дамуы және ақсақалдардың белсенділігі өзге қатысушылардан жоғары деп танылды. Ал бүгінгі күні киелі Кененде қандай өзгерістер орын алғанын тарқатып айтсақ.

Аталмыш өңірлік байқауда Кенен ауылы 5 млн теңге сертификат ұтып алған болатын. Ауыл әкімшілігі ақсақалдармен, белсенділермен келісе келе бұл қаражатқа кішігірім демалыс орнын салуды ұйғарды. Осылайша, Кенен Әзірбаев атындағы әдеби-мемориалды музейінің аумағынан орын табылып, жұмыс бас-талып кетті. Жайқалған ағаштардың арасынан тротуар төселіп, отыратын орындықтар, түнде көрік беретін жарық шамдар орнатылды. Ауыл әкімі Нүркен Жаманкөзевтің айтуынша, осы жерден заманауи саябақ жасау жоспарда бар. Ауылда серуендеп, ыстық күндері көлеңкеде отырып тынығатын керемет орын пайда болғанына тұрғындар риза.

Ауылда ауыз су жүйесі күрделі жөндеуден өткені белгілі. Ендігі кезекте ауылішілік көшелердің жөндеуі басталды. Бірден сегіз көшеге асфальт төселетін болады. Атап айтсақ, Байниязов, Белашов, Абай, Әзірбаев, Мажирин, Қордай, Кәкетай және Сейітов көшелері тақтадай түзу болмақ. Қазір үш көше толығымен аяқталған. Жұмыстарды мердігер «Аркантас» ЖШС атқаруда.

– Жақын арада жұмыстарды бітіруіміз керек. Көшелердің біразы жөнделді. Енді жол жиектерін ретке келтіру жұмыстары бар. Бұл жұмыстарға 20 адам, 20 шақты үлкенді-кішілі техника жұмылдырылды. Жұмысшылардың көбі осы жергілікті тұрғындар, – деді учаске басшысы Абусейіт Махамбетов.

– Шыны керек, тегіс асфальт жолдарды көптен бері армандап жүрміз. Ауа райы қолайсыз кездерде балшық кешіп, лай жолмен жүруден шаршадық. Ауылымызға көңіл бөлініп, дамып келе жатқанына өте қуаныштымыз, – дейді Байниязов көшесінің тұрғыны Ердос Ахмадиев.

Қазіргі таңда ауылда газдандыру жұмыстары да қарқынды жүруде. Ауыл көшелеріне газ құбырлары тартылып, үй-үйді құбырға қосу жұмыстары басталды. Бүгінде жиырмаға жуық үйде газ бар болса, отыз шақты үй газды пайдалануға дайын тұр. Жалпы, 371 үй иесімен келісімшарт жасалған, оның екі жүзден астамы ақша төлеуді бастады. Атап айтсақ, газға қосылу ақысын бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Десе де, мердігер «Qazaq SMR» ЖШС өкілдерінің сөзінше, әлі де проблемалар жеткілікті. Оның бастысы – металл құбырларының күрт қымбаттап кетуінен, қосылу бағасы да өсті. Сонымен қатар, көптеген үйлердің құжаттары да дұрыс емес.

Ауыл әкімінің айтуынша ауылды дамыту, одан әрі көркейту жұмыстары әлі жалғасады. Әрине, ең бастысы – қаржы мәселесі. Ауылдан түлеп шығып, үлкен белестерді бағындырған қалталы азаматтардың туған жерін көркейтуге өз үлестерін қосып жатқанын өзге ауылдардан көріп жүрміз. Кененде де осындай жомарт азаматтар көп болады дегенге сенім мол.

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9192
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11818
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9587
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10801