Кентті көркейтуге үлес қосып, спортта белсенділік танытты

Кентті көркейтуге үлес қосып, спортта белсенділік танытты

Орал қаласының іргесіндегі Деркөл кентінің аға ұрпағы қайырымдылық айлығы аясында спорттық іс-шараларға қатысып, ағаш отырғызу рәсіміне өз үлестерін қосты.

Кентте қайырымдылық айлығы аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, ізгілікті істер өз жалғасын тапты.

1 қазан – халықаралық қарттар күнінен бастау алған мерекелік іс-шаралар легі айдың соңына дейін жалғасты. Кент әкімі Жұбан Жұмағалиев «Мейірбандық күндері»  қайырымдылық айлығы аясында шағын футболдан өткен ашық турнирдің ашылу салтанатында бұл атаулы күннің маңызына тоқталып, жастарға ақылшы болар аға буынның қоғамдағы орны ерекше екенін жеткізді. Сонымен бірге көмекке мұқтаж жандарға мүмкіндігіне қарай қолұшын созу да – әрбір адамның азаматтық борышы екенін айтты. Аталмыш жарыстың жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және медалдармен марапатталды.  Шараға қатысқан командалардан түскен 70 мың теңге қаражат ауылдағы әлеуметтік санаттағы жанұяларға азық-түлік алуға жұмсалды.

Сонымен бірге кент әкімі Жұбан Тұрарұлы белсенді ардагерлермен бірге жас көшеттер отырғызу ісіне атсалысты. Осылайша кентті көгалдандыру жұмыстары өз жалғасын тауып, елді мекен 300-ге жуық жас көшетпен толықты.

Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер арасында тоғызқұмалақ,  дойбы, шахмат және асық ату түрлерінен ұйымдастырылған жарыстарға да кент тұрғындары белсене қатысты.  Спорттық сайыс соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар  мен сыйлықтар табысталды.

Қарияны құрметтеу – ежелден келе жатқан игі дәстүр. Осы дәстүрді ұмыт қалдырмаған Деркөл әкімдігі өз заманында ел игілігі үшін қызмет еткен аға буын өкілдері үшін мерекелік дастархан жайды. Елдегі жағдайға байланысты көптен мұндай басқосулардан шет қалған ардагерлер бір-бірімен жүздесіп, көңілдерін серпілтті. Өздеріне құрмет көрсеткен ұйымдастырушыларға ақ тілектерін жаудырып, ән айтып, би билеп, жақсы көңіл күймен тарқады.

Осындай тағы бір игі іс-шара «Баракат» дәмханасының және Батыс Қазақстан облыстық Қазақ күресі ассоциациясының демеушілігімен ұйымдастырылды. Қайырымды азаматтар кенттегі көпбалалы отбасылардың ұл-қыздарына және ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арнап мерекелік дастархан ұйымдастырды. Жеткіншектер өз өнерлерін ортаға салса, ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Қайырымдылық – ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Осы ретте деркөлдік еріктілер 12 жалғызілікті қарияға қысқы отындарын дайындап беріп, аулаларын жинап, сауапты іс жасады. Сондай-ақ кент әкімдігі бір мұқтаж шаңыраққа қысқы отындарын түсіріп берді.

Құрамына бірнеше елді мекен кіретін Деркөл кентіндегі қайырымдылық бағыттағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Күн санап көркейіп келе жатқан ауылдың жария етер жақсы істері толыға түсері сөзсіз.

Жалпы бүгінгі таңда Деркөл кентінде екі мыңға жуық ардагер тұрып жатыр.

 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
05.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 60
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 54
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794