Көк аспанды күй кернеді

Көк аспанды күй кернеді

Домбыра – қазақпен егіз ұғым. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза-Әлінің сөзінде терең мағына жатса керек. Және ақынның мына бір өлең шумағы: «Тыңдайтын жан болса тыңдасын, тұңғиық көңілдің тұнбасын, дінім де, ділім де – домбырам, домбырам – мәңгілік сырласым» деп сыр шертуі сөз басындағы дара тіркесін тағы да салмақтай түседі. Ұлттық аспабын ұлықтап төрге ілген қазақ халқының музыкаға деген құштарлығы домбырамен қоса бейнеленеді. Қос ішектен төгілген әуезді әуен арқылы бабаларымыз халықтың болмысын, батырлықты, бірлікті, татулықты жеткізе білген. Қос ішектің үнінен жүйрік тұлпардың дүбірін, асау арнаның сыңғырын, бабалардың асыл өсиетін естисің. Ұлттық құндылықтарымыздың ұлығы саналатын киелі аспап қара шаңырақтың төрінде ілініп тұруы қажет. Бұл – иісі қазақтың үйіндегі қалыпты көрініс. Елбасының шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Жыл сайын атап өтілмек бұл мерекенің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі үлкен болмақ.

Айтулы датаға орай ауданымызда іс-шаралар легі басталып кетті. Аудандық Мәдениет үйінің ауласында аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен «Домбыра – қазақтың асыл мұрасы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Танымдық кеште «Аса сазы» халықтық ән-би ансамблінің орындауында «Адай», «Балбырауын» күйлері көрермен назарына ұсынылды. Ұлттық болмыстан сыр шертетін кешке жиылған жұртшылық әсем күйге бөленгенін айтып, ұйымдастыру алқасына алғысын білдірді.

Сондай-ақ аудан кітапханаларында қастерлі аспап күніне арналған іс-шаралар болып жатыр. Соның бір көрінісі – Бесағаш ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы В.Оразбекованың бастамасымен «Қазақпен егіз аспабым» атты сазды кеш. Онда ауыл әкімі Бейбіт Нигматуллаев сөз алып, жерлестерін мерекемен құттықтап, ізгі-тілегін жеткізді. Шарада домбырашылар қазақтың күйлерін нақышына келтіріп орындап, көрермен көңілін көктем етті.

Жасұлан СЕЙІЛХАН
05.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 60
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 54
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794