Көмір экспорты — 20 млн тонна

Көмір экспорты — 20 млн тонна

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму комитетінің қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игісінов: «Биылғы қаңтар-тамыз аралығында 69,2 млн тонна көмір өндірілді. Бұл жерде көмір концентратын қосып отырған жоқпыз. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызды құрайды. Былтыр осы аралықта 69 млн тонна өндірілген болатын. Биыл экспортқа 20 млн тонна көлемінде көмір шығаруды жоспарлап отырмыз. Оперативті деректер бойынша, энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,1 млн тонна көмір жөнелтілді. Бұл — былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4,5 пайыз көп. Өнеркәсіп кәсіпорындарында 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 5 млн тонна көмір жөнелтілді. Экспорт 19,4 млн тоннаны құрады. Қоймадағы көмірдің қазіргі қоры — шамамен 1,5 млн тонна болады. Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ірі көмір өндіруші компанияларда өндірістің өсімі байқалады. Мысалы, «Богатырь» көмір кенішінде 4,5 пайыз өсім бар. «Шұбаркөл» көмір компаниясында - 9,5 пайыз, «Қаражыра» компаниясында - 7,4 пайыз өсім бар», — деп атап өтті. 

Ермек Сахариев
29.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852