Мәнерлеп сырғанау: Жұптық сайыста 10-орындамыз

Мәнерлеп сырғанау:  Жұптық сайыста 10-орындамыз

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиадада мәнерлеп сырғанауда жұптық сайыс өткізілді.  Мұз үстінде билеуден жұптық сайыста ел намысын Гаухар Наурызова мен Бойнсагур Датиев қорғаған еді. Олар 53.08 балл жинап, оныншы орынға тұрақтады. Аталған сайыста бірінші орын АҚШ атынан сынға түскен Лоррен Макнамара мен Антон Спиридоновке бұйырды, олардың еншісінде 69.12 балл бар. Екінші орын 68.72 баллмен франциялық Мари Дюпайяж бен Тома Набе жұбына бұйырса, сол елден келген Наташа Лагуж және Арно Каффа 68.21 баллмен үздік үштікті түйіндеді. Аталған сайыста барлығы 13 жұп сынға түсті. Енді Гаухар Наурызова мен Бойнсагур Датиев 16 қаңтарда еркін бағдарлама бойынша сынға түседі.

 

Ермек Сахариев
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 327
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6430
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8043
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6510
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6647