Марат Бәйділдаұлы: АЙНАЛАЙЫН ӨКІМЕТ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАҒАНША НАҚТЫ ЖҰМЫС ІСТЕСЕҢДЕРШІ?!

Марат Бәйділдаұлы: АЙНАЛАЙЫН ӨКІМЕТ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАҒАНША НАҚТЫ ЖҰМЫС ІСТЕСЕҢДЕРШІ?!

 Иә, сөйтіп мемлекет басшысы  Қ.К.Тоқаевтың бүгінгі жолдауында биыл елімізде тағы да кезектен тыс Президент сайлауы өтетіндігі мәлім болды. Президент өкілеттілігі бес жылдан жеті жылға ұзартылмақ. Әрі бір-ақ мерзіммен шектелем дейді. 

     Қазақстан халқы ондай президент сайлауына қатысты түрлі «ойындардан» әбден шаршаған. Оған «жаңалық» деп қарамайды. Мұндай ойындар халық үшін жиіркенішті. 

    1998 жылы  да 7-қазанда Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізіліп, президенттің өкілеттік мерзімі жеті жылға ұзартылған. Сөйтіп келесі 1999 жылғы 10-қаңтарда өткен сайлауда сол саңлауды пайдаланып Н.Назарбаев жеті жылға сайланған. Бірақ президенттік мерзім артынан қайтадан бас жылға түскен. «Кезектен тыс» сайлау десе болды ойылған жолда шоқалақтаған үш аяқты «мотосеклге» ұқсаймыз.   Заңсыздықтардан жүрегіміз зырқ ете түседі. Елімізде  отыз жылда – бес рет: 1991, 1999, 2005, 2011, 2015 жылдары президент сайлауы өтсе,  соның 1999, 2011, 2015 жылдарда өткендері әлгіндей «кезектен тыс» зу ете түскен. 

      Бір қызығы  Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы мұндай «без өшірет» науқандарды демократиялық стандарттарға  үйлеспейді деп пәсін басып тастаған. Яғни оның қызығатын ештеңесі жоқ! 

    Бұрынғы назарбаевтық көнерген саяси технологтар ұсынса керек, президенттік мерзімді жеті жылға ұзарту туралы ұсынысты зу еткізіпті. Президенттің қалауы солай екен деп Ата заңымызды ойыншық ете беруге бола ма? Жеті жылдық өкілеттілік болғанын ұмытқан жоқпыз, ол қайта бес жылдыққа ауыстырылған. Референдум арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеніне үш ай да толған жоқ. Сонда бұл не қылған ойын, не қылған конституциялық сауда? Бүгінгі таңда Президент беделі, «государственниктердің» абыройы конституциялық қағидаларды өзгерте берумен емес оларды қатаң сақтауымен өседі. Саяси технологтардың миы соған да жетпей ме?     

    Тоқаевтан кейін өмір тоқтап қалмайды. Одан кейін келетін президент демократиялық талаптар бойынша президенттік мерзімді бес жылдан, екі реттен асырмай қалпына келтіретіне күмән жоқ.  Яғни авторитарлық аурудың синдромын көре тұра тоқтатпасақ – болмайды!    

    Президенттің кезекті сайлауы 2024 жылы, ал Парламент сайлауы 2025 жылы белгіленілген  тәртіппен өте берсін. Жұмысы көңілден шықса электорат президентке онсыз да қос қолын  көтеріп дауыс береді. Көңілден шықпаса  халықтың таңдауына мүмкіндік қалуы керек! 

    Айналайын, өкімет, конституциялық ойындар ойнай бергенше халықтың нақты жағдайын жақсартатын  жұмыс істесеңдерші?!

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев), жазушы-публицист
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 674
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8821
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10430