МӘСІМОВТІҢ ІСІ СОТҚА ТАПСЫРЫЛДЫ

МӘСІМОВТІҢ ІСІ СОТҚА  ТАПСЫРЫЛДЫ

«Кәрім Мәсімов 2016 жылдан бастап биылғы жылдың қаңтарына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып келген», – деп хабарлайды «Хабар 24». Мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен жоғары лауазымды тұлға қаңтардың 6-сы күні тұтқынға алынған еді. Қылмыстық Кодекстің үш бірдей бабы бойынша оған айып тағылған. Араға тоғыз ай салып, Бас прокуратура тергеу ісін аяқтады. ҚР Бас прокуратурасы: Айыпталушылар Кәрім Қажымқанұы Мәсімов және Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану туралы баптар бойынша сотқа берілді. Бас Прокуратура Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловқа бірдей айып тағып отыр. Олардың ісі Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына жіберілді. Мәсімовтың тағы бір орынбасары Дәулет Ерғожиннің ісі де сотқа жолданды. Дәулет Еділұлы Ерғожин билікті күшпен басып алғаны, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда. Сонымен бірге Мәсімовтың экс-орынбасарлары Бекмұрат Осипов пен Акиповтың үстінен де Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөлімдері бойынша айып тағылған еді. Бас Прокуратура бұл істі «өте құпия» белгісімен жүргізген. Сотта да осы тәртіп сақталмақ.

Ермек Сахариев
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 124
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 127
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 319
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 312
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 935

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9008
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8403
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11629
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9386
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10612