«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр.
Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады.
Бүгін мектеп партасында отырған білім алушылар ертең ел тағдырын шешетін азаматтар.
Құзыреттілікке үнемі іздену, өзін – өзі жетілдіру арқылы жетуге болады. Көп ізденіс арқасында оқушылар нәтижеге жетеді.
Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан – жаңаны табатын өнер.
Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Осындай мақсатта Ахмет Байтұрсынұлы атындағы меткеп гимназиясында "Математика сабағында оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру-білім сапасын арттыру" атты семинар өтті.
Ақиқатында маңызды мәселелерді шешуде, жас ұрпаққа сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.
Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.
Ал, талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.
Математика пәні ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі, сондай ақ әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап түсінуге көмектеседі.
Пәннің болашақ тұлға үшін моральдық эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні де баршылық.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың қилы әдістері мен технологияларын білуі қажет.
Семинарға қатысып көтерілген мәселелерді тыңдап, ой бөлістік.