Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан  қаласының әкімін қабылдады

12 қазан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

«Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қолжетімді тұрғын үй, мектептер салу, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, инвестициялар тарту және т.б. туралы баяндадым. Президенттің тапсырмасы бойынша қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды. Мәселен 2018 жылы 1800, 2019 жылы 2900, 2020 жылы 7 мың әлеуметтік пәтер салынса, биыл бұл көрсеткішті 10 мың пәтерге дейін жеткіземіз. Сондай-ақ оқу орындары құрылысының көлемі артты. Биылғы 15 мектептің құрылысы 40 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе, ал 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Сол сияқты ШОБ-қа жағдай жасауға, оны қолдауға, жеке инвестициялар тартуға, елдімекендерді дамытуға, газдандыруды жүргізуге ерекше назар аударып отырмыз. Осылайша, екі жылда елдімекендерде 645 км астам кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынады. Бұдан бөлек қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцинация шаралары жайлы ақпарат бердім. Қала тұрғындарының 67%-дан астамы вакцинаның бірінші компонентін алды. Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді», – деп жазды Алтай Сейдірұлы. 

Ал Ақорда сайтында «Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамытуға, атап айтқанда газбен қамтуға, инвестиция тартуға, үлестік құрылысқа қатысты мәселелерді шешуге және жылыту маусымы барысында қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуіне қатысты бірқатар тапсырма берді»,– деп жазды.

14.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 169
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 679
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 799
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 713

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474