Мемлекеттік тілді қолдау үшін құрылған QAZAQ TILI ENDOWMENT QORY-на алғашқы жарнаны ҚР Президенті қосты

Мемлекеттік тілді қолдау үшін құрылған  QAZAQ TILI ENDOWMENT QORY-на  алғашқы жарнаны ҚР Президенті қосты

 

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін қолдау мақсатымен құрылған QAZAQ TILI Endowment Qory-на алғашқы жарнаны аударды.

Мемлекет басшысы өз қаражатынан қосқан жеке жарна көлемі – 7 млн. теңге.

QAZAQ TILI Endowment Qory халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының бастамасымен құрылған. Негізгі міндеті – мемлекеттік тілді қолдау және дамытумен айналысатын еліміздегі ең ірі ұйым – «Қазақ тілі» қоғамының тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету.

Биыл 12 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының басшысымен кездесуінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатымен арнайы эндаумент қорын құру бастамасына қолдау білдірген болатын.

Эндаумент қорының ерекшелігі – қорға жиналған қаржы жұмсалмайды. Қаражат толықтай басқаруға беріледі және инвестицияланады. Эндаумент қорының инвестициялық қызметінен түскен табысы бенефициар ұйымның жарғылық міндеттерін орындауға жұмсалады. Әлем елдерінде білім беру мен әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың тұрақты әрі ұзақмерзімді қызметін қамтамасыз ету үшін эндаумент қорын құру тәжірибесі кең таралған.

Қазіргі таңда Жапониядағы ғылым мен технология қоры, сонымен қатар, Стэнфорд, Гарвард университеттерінің қорлары дүние жүзіндегі ең ірі эндаумент қорларының қатарына кіреді. Елімізде ірі университеттер, мектептер мен коммерциялық емес ұйымдардың эндаумент қорлары сәтті жұмыс істеп жатыр.

QAZAQ TILI Endowment Qory-на жиналған қаражатты беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен мемлекет өкілдерінен құралған тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылап, қадағалайтын болады.

Эндаумент қорынан түскен табыс халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту, модернизациялау мен оны қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жобаларға грант негізінде беріліп отырады.

Президент «Қазақ тілі» қоғамына мемлекеттік тілдегі медиа және баспа контентін көбейту үшін нақты жобалар мен шаралар кешенін жүзеге асыру, тілді оқыту мен үйрету әдістемесін жетілдіру, оқу сауаттылығы мен жазу мәдениетін  дамыту, сонымен қатар, қазақ тілін қолдау мен тілді қолданатын қауымдастық аясын кеңейту үшін заманауи технологиялық шешімдерді кеңінен пайдалануды тапсырды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік тілдің жанашырлары атынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа бастамаға білдірген қолдауы мен өзгелерге көрсеткен үлгісі үшін алғыс айтады.

 

06.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678