«Мен Қаңтар көтерілісінде өлуім керек еді...»

«Мен Қаңтар көтерілісінде өлуім  керек еді...»

    Бұл – Қаңтар оқиғасына қатысқан Самат Нұрлыхановтың назалы үні. Ол бар болғаны 45 жаста. Қаңтар оқиғасына дейін оның тепсе темір үзетіндей күш-қуаты, зор денсаулығы, қажымас жігері бар болатын. Енді міне, ол мүгедек. Оны мұндай жағдайға жеткізген кімдер? Әлбетте, қатыгез полицейлер, өзіміздің қазақтарымыз. Ыстық су құйып күйдірген, аямай басың бар, көзің бар демей ұрған, соққан, тепкен. Шынында да, біз, қазақтар, неге бір-бірімізге соншама жауыздық, зұлымдық жасаймыз? Неге соншама бір-бірімізге өшпіз, қатыгезбіз? Біздіңше, сол полицейлердің дені ауылдық жерден, әке-шешесінің қазақи тәрбиесін көрген. Ал мына қызметке келген соң қалайша өзгеріп кеткен? Соған таң қаласың. Әлде надан, білімсіз болып өсті ме? Әлде ол соншама бай ма? Олар Назарбаевтардың халқын 30 жыл бойы тонағанын білмей ме? Ал сол жүйеге, әділетсіздікке Қаңтар оқиғасына қатысқандардың қарсы шыққанын жақсы біліп тұрып, өз қызметін асыра пайдаланатыны несі?! Қайта оларға құрметпен қарап, осы Назарбаевтар әулетінің түп-тұқиянымен құруына үлес қоспай ма? «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос...»

    Иә, Самат Нұрлыхановтар сияқты таяқ жеп, азап көргендер өте көп. Ол туралы видеоны көзіңе жас алмай, тебіренбей қарау мүмкін емес. Жүрегің ауырады, аяйсың, онымен бірге назаланасың. Оның ісі әлі де қаралуда. Сотталып та кетуі әбден мүмкін. Ал қазіргі жағдайы өте аянышты. Әйелі балалары үшін көмекке 70 мың теңге алады екен. Оның елу-алпыс мыңы осы Саматтың дәрі-дәрмегіне жұмсалады. «Бүкіл денемде ауырмайтын жерім жоқ. Соққылар тиген. Басымның іші әңкі-тәңкі. Беттерім жансыз десе де болады. Түнімен бүкіл денем ине сұққылағандай ауырып, ұйықтай алмаймын. Ең жаманы мені дәрігер қарамайды, ауруханаға жатуға, емделуге хақым жоқ. Сақтандыру жүйесінде жоқ екенмін. Мен бір жүрген міскінмін. Мен бүйтіп бейшара болып жүргенше Қаңтар көтерілісі кезінде өліп қалуым керек еді», – деді Самат ызаланып. Ызасы да, назасы да орынды. Жергілікті әкімдер неге көмектеспейді?  Жанашыр жандар қайда? Президенттікке үміткерлердің ішіндегі бір ханым жағдайы жақсы, тамаша дәрігерлер қарап, емдеп отырған иттердің орталығына келіп, олардың жағдайын жасауға уәдесін беріп тұрғанын көрдік. Мәссаған! Ау, сонда Қазақстанның азаматы, Жамбыл облысының тұрғыны Самат Нұрлыханов сол ит құрлы жоқ па? Мінеки, көрдіңіз бе, біздің қоғамда адамдарға осындай көзқарас қалыптасқан. Ақша төлемесең, дәрігерлер сені жандарына жолатпайды. Ей, адамдар, Самат бауырымызға көмектесейік.  Әсіресе біз «Amanat» партиясына осы мәселені оңынан шешеді деп зор сенім білдіреміз. Бұл дабыл көтеретін мәселеге жүрдім-бардым қарамайықшы, ағайын!

 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 99
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404