Менің әжем

Менің әжем

17 жасымда ауылдан қалаға келген жылы әкем мені орыс апайға табыстады. «Еліктей ерке қыздың етегін жинап, есін жидырсын» деген ниеті ауыл қызын қаталдығы жетіп артылар әжейге аманат етіп кете барды.

Бір ауыз орысша білмеймін. Алып жердің бетінде адамды түсіну үшін тіл емес, жылы жүрек қана қажет екенін сонда ұқтым. Күн өткен сайын әжейдің қаһарлы жүзі жылып, әлемдегі ең қамқор анаға айнала бастады.

Таңалакеуімнен кірген ас үйден күн бата шығатын. Оған себеп – мен тамақты аз ішемін және тым арық екенмін. Киімімді жуып, көйлектерімді үтіктеп, ас-ауқатымды дайындау да әжем үшін бір бақыт. Мені ештеңеге араластырмай, бәрін өзі істегенді қалайтын. Бөлмеміз ғана бөлек еді. Менің бөлмеме ұрлана кіріп, шиша бөтелкеге сүт қатылған шай құйып, бәліштердің сан алуан түрін маған білдірмей сөмкеме салып кету әжейдің сүйікті ермегіне айналған. Ал, кеш бата тағдыры жайлы сыр шертеді. Соғысқа қатысқан. Қан кешіп жүріп, ән салғанын, гүл тергенін айтады. Москвада жалғыз қызы бар еді. Соны сағынып жылайды. Сосын мені құшақтай алып: «Сені маған Құдай берді» деп қуанады. Сәлден соң: «Таңертең оянбасам хабарлас», – деп қызының телефонын береді. Сол сәт ең аяулы адамымды қимай «өлме» деп мен егіле жылаймын. Соңыра бір жастықта бас түйістіріп, құшақтаса ұйықтаған екі жүрек айырылысар күнді ойлап, таңға күрсініп шығатынбыз.

Бірде қызы маған хат жазды. Хатында анасының бөтен қызды жақсы көретінін, қызғанып қалғанын жасырмады. «Жуырда шешемді алып кетем», –депті сағынышқа толы жазбасының соңында.

Бірде әжей басқа үйге көшетін болды. Мен туыстардың үйіне кеттім. Жеңгем құрақ ұшып қарсы алса да, ойымда әжем тұрды. Таң қылаң бере үйден қашып шығып, көше кезіп, жаяулатып әжеме тарттым. Ағаш қақпаны тоқтаусыз ұрғылай бердім. Ар жақтан әжем аңырап: «Дочка, это ты?» деп жылап келе жатты. Есікті аша сала айқасқан құшақтар сол күні кеш батқанша айырылыспады. Кешке күн қызара батқанда «Туыстарың уайымдайды, қайта ғой» деп, шығарып салды.

Айырылысар сәт жеткенде жолдың ортасында қайта құшақтаса кеттік. Көлік жүргізушілері тоқтаусыз ысқырып жатыр. Жиналған адамның айқай-шуы. Бірі маған, бірі әжеме жармасып, екі жаққа тартады. Бірақ, біздің айқасқан құшаққа ешкім де, ештеңе де әсер етпеді. Өйткені, адамдар тартқан сайын біз бір адамға айналып, біте қайнасып бара жатқандай ауыр күй кештік.

Соңыра тағдыр жеңді. Мен әжемді тастап, ауылға кайттым. Араға бірнеше ай салып, әжемнің қақпасын қайта қақтым. Көшіп кетіпті.

20 жыл іздедім. Өлгеніне, өлеріне сенбедім. Бірде Қарттар үйіне жұмыс бабымен бардым. Әлдекімнің аңырап жылап: «Доченька» деген даусын естігенде орнымнан үш оқталып әзер тұрдым. Өмір жолындай айқыш-ұйқыш әжімдердің арғы жағынан кәрі көзі тесіле қарап: «Тамақтанып жүрсің бе?» деді ғой, әжем. Мен сені әрең таптым ғой! Ұзақ сырластық. Қызы сол күйі келмегенін айтып мұңайды. Үш күннен соң келетінімді айтып, қоштасқан едім.

Уәде бойынша араға үш күн салып, есігіңді қақтым. Әттең, тағы да тағдыр жеңді. Менің қайта келгенімді күтпей, өмірден озғанын естідім. Қош, аяулым…

Ақ жол газеті
29.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 35
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 92
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 95
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 209
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 422
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 385

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9079
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8477
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11705
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9468
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10686