Мерекелі наурыз

Мерекелі наурыз

Ақтөбе облысында Наурыз мейрамы жылдағы дәстүр бойынша 14-наурыздан тойлана бастады. Он күнге созылатын Ұлыстың ұлы күні мейрамы аясында түрлі шаралар өткізілді. 

14 наурыз – халықтың қыстан аман-есен шығып, шуақты көктемге аяқ басып, барша жұртпен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысатын күн. Сондықтан бұл күнгі шаралар «Көрісу күні» деген тақырып аясында өткізілді. Бұл күні Ақтөбе қаласы және аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ұлттық киім киген жастар, дәстүрлі әншілер халыққа көрісу салтын ұсынып, әртүрлі спорттық ойындар, концерттер өткізілді.  

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің атынан көптеген аға буын өкілдері, еңбек ардагерлері мен аяулы әжелерге арнайы сыйлықтар тапсырылып, құрмет көрсетілді.  Ал жастар жағы бұл күні қала көшелеріндегі аялдамалар мен автобустарда домбырамен ән шырқап, жолаушыларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Жастар тұрғындармен төс қағыстырып, мерекенің маңызын түсіндіру мақсатында құттықтау қағаздарын таратты.

Осы күні Ақтөбедегі Тұңғыш Президент Н.Назарбаев атындағы Орталық демалыс саябағында «Көктем басы – Көрісу» атты театрландырылған мерекелік шара өтті. 

15 наурыз – аға буынды құрметтеу, қастерлеу мерекесі, яғни «Бата күні» деп аталды. Бұл күннің басты мақсаты  – ежелден келе жатқан бата түрлерін дәріптеу. Облыс бойынша 60-75 жас аралығындағы ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанатын, бойында шешендік қабілеті бар ақсақалдардың қатысуымен «Батаменен ел көгерер» атты ақсақалдар байқауы ұйымдастырылды. 

16 наурыз – «Жайлау күнінде» қала және аудан көлемінде киіз үйлер орнатылып, арнайы көрме жасақталып, жиналған қауымға ұлттық тағамдар үлестірілді.

Ал 17 наурыз «Сарқыт күні» деп аталады. Бұл күні үлгілі жас отбасыларға арналған шеберлік сағаттары өткізілді.  18 наурыз  – «Игі істер күнінде» аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіліп, қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күніне орай ақтөбеліктерге ұлттық спорттық ойын түрлері 19 наурыз – «Ұлттық спорт күнінде» ұлан-асыр тойға ұласты. 

– 21 наурыз – «Шеберлер күнінде» Ақтөбе қаласында қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Ал 22 наурыз күні облыс тұрғындарына халықтық серуендер, театрландырылған көріністер, концерттік бағдарламалар ұсынылды. 23 наурызда – «Қайырымды ұлт» тақырыбында түрлі шаралар өткізілді. Бұл шараларға еріктілер, белсенді азаматтар, меценаттар қатысты. Жалпы биылғы мерекелік шараларға барлық аудан, ауыл-аймақтар атсалысты.

 

М.ТАБЫН, Ақтөбе облысы
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 140
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 298
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 510

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 140
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 185
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 298
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 297
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 408