Меже – 100 мың түп көшет

Меже – 100 мың түп көшет

Түркістан облыс орталығы мәртебесін алғалы қала аумағын жасыл желекпен жайқалтуға көп көңіл бөлініп келеді. Бұл игі іс әлі де жалғасын табуда. Мамандардың айтуынша, күзде қондырылған ағаштар көктемде егілген көшеттерге қарағанда тез тамыр жаяды екен. Осы ерекшілік назарға алынып, жасыл желек аумағын арттыру мақсатында Түркістан қаласында ағаш көшеттерін егу бүгінде қарқын алды. 

Түркістан қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биылғы меже – 100 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызу екен. Осы мақсатта қызу жұмыс басталып кетті. Бір қуантарлығы, бұл іске енді тұрғындар да атсалысуда. Сектор басшылары тазалық пен абаттандыру шараларына жергілікті тұрғындардың қатысуы күн санап артып келетінін жеткізді. «Ауылына қарап азаматын танитын» ел емеспіз бе?! Бүгінгі еңбек – қаланың ертеңгі келбеті. Түркістандықтар өз көшесіндегі көшеттердің қурамауы үшін күтіміне белсенді қатысса, жап-жасыл, көлеңкелі орта қалыптастырып, ұрпағының таза қалада өмір сүруіне ықпал етері анық. 

Межеге қол жеткізуді өз қадағалауына алған Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков суғару мәселесі және заңсыз полигондарды жабу бойынша атқарылған жұмыстарды аралап, тексерді. Аралау барысында салаға жауапты орынбасарына полиция бөлімімен бірлесіп, ретсіз қоқыс алаңдарына бақылауды күшейтуді, ол үшін арнайы кезекшілік топ жасақтауды тапсырды. Сонымен қатар күзгі ағаш егу науқанын талапқа сәйкестендіруді жүктеді. «Өнбеген тірлікке жан ауырмаса, демек ол – ат үсті атқарылған тірлік. Қандай маман екендеріңізді түсіңізге емес, ісіңізге қарап баға беремін», – деген Нұрбол Әбдісаттарұлы сала жетекшілеріне істі ширату қажеттігін ескертті.

Ш.Мекенбайұлы
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 60
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 54
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794