МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, адал әрі тиімді пайдаланатын азаматтарға берілуде. Бұл шара ауылшаруашылығын дамыту мен жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында қолға алынған.

 

Түркістан облысында соңғы үш жылда 1 млн гектарға жуық жер қайтарылды. Атап айтқанда, 2022 жылы 520 мың, 2023 жылы – 330 мың,  2024 жылы 70 мың гектардан астам ауылшаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылған. Биылғы меже 110 мың гектар болса, бүгінгі күнге оның 60,1 мың гектары қайтарылды. Бұл жерлер кезінде ауылшаруашылығы мақсатында жеке тұлғаларға берілгенімен, жылдар бойы пайдаланылмағаны анықталған.

Облыс әкімінің аппаратында өткен апталық мәжілісте ортақ пайдаланудағы жайылымдық жерлер мәселесі талқыланды. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, өңірдің жалпы жер қоры – 11 млн 610,3 мың гектар. Қазіргі таңда пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді және заңды бұза отырып пайдаланылып жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс әкімінің өкімімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Түркістан облысы бойынша ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару екі бағытта жүзеге асырылып жатыр. Бірінші бағыт Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен жоспар аясында жүргізілсе, екінші бағыт жұмыс тобы анықтаған ортақ жайылымдарды қайтару жоспары бойынша іске асуда.

Жиын барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жайылым жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Ол жауапты органдарға жүйелі мониторинг жүргізіп, жылдық жоспардың толық орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

– Мемлекет басшысы ортақ жайылымдарды ел игілігіне қайтару жөнінде нақты тапсырма берді. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқармалар мен департаменттер осы бағыттағы жұмысты күшейтсін. Мақсатсыз пайдаланылып жатқан жерлерді қайтару ісі жүйелі жүргізілуі керек. Космомониторинг нәтижелерін ескеріп, терең талдау жасаған жөн. Мониторинг, зерделеу жұмыстары тоқтамау керек және жылдық жоспардың толық орындалуы тиіс, – деді облыс басшысы.

Қазіргі таңда Жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан 403 жер пайдаланушыға тиесілі 124,3 мың гектар жайылым жерге қатысты құжаттар қаралып, нұсқамалар жолдануда. Сонымен қатар аудан және қала әкімдіктері бекіткен жоспарлар ауылдық округтер кесіндісінде әзірленіп, бекітілген. Қайтарылған жайылым жерлердің карта-сызбалары дайындалды.

Шадияр МЕКЕНБАЙҰЛЫ
19.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17808
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17662
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32848
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31416
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35089