Мұнайлыда "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 58 маман көтерме жәрдемақы алған

Мұнайлыда "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 58 маман көтерме жәрдемақы алған

Мұнайлы ауданында жыл басынан бері 58 маман көтерме жәрдемақы алған. Оған аудан қазынасынан 16,9 млн. теңге қарастырылған. Сондай-ақ 48  маман 209,5 млн. теңгеге бюджеттік несие алған. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Ауданда мұғалімдер мен дәрігерлерге, яғни әлеуметтік сала мамандарын қолдауға бағытталған “Дипломмен ауылға” бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Жыл сайын ауданның әлеуметтік саласына қажетті мамандықтар тізбесі жасалады. Қажетті мамандарға үстеме жәрдемақы тағайындалады. Мәселен білім саласында қажетті мамандар тізбесі бойынша математика және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мамандарына сұраныс жоғары”, - деді Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шынар Сұңғат.

Айта кетейік, биыл ауданда 28 денсаулық, 14 білім, 4 мәдениет және спорт салаларының мамандары бюджеттік несие алған. Жылдық жоспар бойынша бюджеттік несие 60 маманға беріледі деп жоспарланды. Қазір оның 56-ы несие алған.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 232
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 243
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 506

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18429
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18289
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33475
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32025
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35793