Нан бағасы қымбаттамайды

Нан бағасы қымбаттамайды

Қазақстанның астық өндірушілер одағы елімізде бидай тапшылығы мен ұн бағасының күрт қымбаттауы салдарынан диірмендер тоқтап жатыр. Сондықтан Ауылшаруашылығы министрлігі бидай экспортын жауып, барлық қорларды түгендеуі керек деп дабыл қаққан болатын. Астық өндірушілерді алаңдатқан шикізат тапшылығы мәселесіне байланысты Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров «Ешқандай тапшылық жоқ, республикада астық жеткілікті мөлшерде бар. Жеке мүддені халыққа деген қамқорлық деп көрсетудің қажеті жоқ» деп мәлімдеді. Алайда ұн өнімдері болсын, басқа азық-түлік, тұтыну тауарлары болсын баға күннен күнге шарықтап барады. Қазір халық арасында айлығы шайлығына жетпей, тұрмысы ауырлап бара жатқанын айтып, елдегі қымбатшылыққа шағымданушылар көп. Иә, бағаның тұрақсыздығы кім-кімді де алаңдатпай қоймайды. 

Журналистердің «Нан қымбаттай ма?» деген сұрағына «Бізде екі түрлі нан бар. Біріншісі әлеуметтік нан. Оның бағасын мемлекет реттейді және бақылайды. Бүгінде әлеуметтік нанның бағасы өңірлерде тұрақты, өзгермейді. Егер жекелеген өңірлерде диірменшілер шикізат тапшылығына тап болса немесе бидай бағасы күрт өссе, онда бидай құнын субсидиялау бағдарламасы іске қосылады. Яғни қазіргі таңда әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне ешқандай алғышарт жоқ», – деп жауап берді АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов. 

Дегенмен Ресейдегі жағдайға байланысты әлемдік нарықта бидай мен ұнға деген сұраныс күрт артып, баға да бірнеше есеге өсіп отыр. Сондықтан кейбір, яғни премиальды нан – багет, круассан секілді тоқаш түрлерінің бағасы шикізат құнына қарай өзгеруі мүмкін. Бірақ «Соған қарамастан, біз, ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында кез келген өңірдің өзінің физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес, сол халықты қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорларынан кепілді түрде қажетті көлемдегі ұнды сатып аламыз. Қазіргі кезде жалпы Қазақстан бойынша 120 мың тоннаға жуық ұн бар. Соның 30 мыңға жуығы – тұрақтандыру қорларында», – деді АШМ Аграрлық азық-түлік нарығы және ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова. Оның айтуынша, тұрақтандыру қорларының негізгі міндеті бағаны тұрақтандыру, яғни нарықта, мейлі ол ішкі нарық болсын, әлемдік нарық болсын, бидай мен ұн бағасы өссе, аталған тұрақтандыру қорларында сақтаулы тұрған ұн ішкі нарыққа арзан бағамен сатылады. Бұдан бөлек, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының резервінде 800 мың тоннаға жуық астық сақталған. Оның 500 мың тоннасы – резервтік қор.

 – Сондықтан әлемдік нарықта бидай немесе ұн бағасының өсуі ішкі нарықта тікелей ұнның немесе нанның қымбаттауына әсерін тигізеді деу – бұл қате пікір, – деді Н. Хатепова. 

 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 144
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8840
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448