"Тәуекел" деп маңызды сәтте, өзімізге жауапкершілікті алып, қажетті шешім қабылдап, сөзден әрекетке көшетін кезең.
Дәл сондай «Тәуекел» деп іске араласатын уақыт басталды!
Жалпы бүкіл Қазақ елінің алдында сондай кезең және жеке өзімдің де шешім қабылдайтын сәт.
Мемлекеттік деңгейінде қандай ТӘУЕКЕЛГЕ бару керек?
ХАЛЫҚҚА БИЛІККЕ АРАЛАСУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАЙТАРУ.
Қасіретті Қаңтардан кейін ең қажетті, уақыт күтпейтін түбегейлі өзгерістер басқару жүйесінің әділдігін орнату, Қазақстан азаматтары өздері таңдаған өкілдері арқылы атқарушы билікті бақылауға алу, өздеріне қажетті шешімдерді қабылдату.
Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихына жүгінсек Алаш арыстары бастауымен 1920 жылдың 4 қазанында Орынборда өткен съезінде алғаш рет біздің елімізді Республика деп жарияланды. Патша империясының бодандығынан шығып демократиялық, азат мемлекет құрамыз деп армандады.
Ал, «Республика» дегеніміз,- патшалық билік немесе авторитарлық басқару жүйесінен айырмашылығы, республикалық саяси жүйеде - халықтың тікелей биліктің шешіміне араласуы. Халық қана билікті таңдайды және қайтарып алады. Азаматтар Депутаттарды сайлайды, ал Парламент атқарушы билікті бақылайды. Басқару құқығы да шектеулі уақытқа ғана беріліп, тиімділігіне қарай жиі-жиі өзгертіліп отырады.
Сол 1920 жылы Орынборда өткен жұмысшы, шаруа, казак, қазақ және Қызыл Армия депутаттарының съезінде Қырғыз АССР-нің Конституциялық құрылуын жариялаған Декларация қабылданды. Съез осы Декларацияның негізінде мемлекеттік және мемлекеттік басқару органдарын, жер саясатын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесі мен оның принциптерін, сотты ұйымдастыру мен қызмет жүйесін анықтады. Ұзаққа созбай, сол съезде халық өкілдері РЕСПУБЛИКА мемлекет құрылымы ретінде БІРІНШІ РЕТ ӨЗДЕРІ ӨЗДЕРІНЕ БИЛІКТІ САЙЛАП АЛДЫ.
Бірақ патша империясынан кейін, одан жауыздығы кем емес "Қызыл империя" орнады. Халық қайтадан өз билігін өздері тікелей таңдай алмай қалды.
Тек 70 жылдан кейін 1990 жылы 25 қазанында Жоғарғы кеңес "Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы декларация" қабылдады. Сол Декларация арқылы азаматтар билікті қайта қолдарына қайтарғандай болды, өз өкілдерін Парламентке сайлау арқылы атқарушы билікті бақылауға алу, және халықтың атынан Партия емес, Үкімет емес , тек қана Жоғарғы Кеңес сөйлей алу құқығы.
Бірақ, Республика деп аталғанымызбен "халықтың билікке тікелей араласуы" ұзаққа созылмады. Бірте бірте суперпрезиденттік басқару жүйесіне айналдық, бір адамның қолында ғана шоғырланған бар биліктің уәкеттілігі басқару монополизациясына жеткізді.
Өз талаптарын билікке жеткізе алмаған азаматтардың жағдайы жылдан жылға қарай қиындай түсті. Әділетсіз саясат - авторитаризм , әділетсіз экономика - олигополия, әділетсіз әлеуметтік жағдай - мемлекет әлсіз топтардың жағдайын ескермейді, әділетсіз құқықтық жүйе - заң жәбірленгенді емес қолында билігі байлығы барларды қорғайды.
Аяғы Қастерлі Қаңтар оқиғасына әкелді.
Одан кейін жарияланған саяси реформаның басты мақсаты - ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ.
Ол құр Ұран емес, ол бір саяси топтың бағдарламасының бір уақытша бағыты емес, бұл уақыт күттірмейтін өте зор қажеттілік.
Онсыз ары қарай мемлекетіміз дами алмайды.
Әр азамат "Менің Мемлекетім" деп құрмет тұтып, болашағын Қазақ елімен байланыстырып , Тәуелсіздікті нығайту үшін, ХАЛЫҚҚА - БИЛІККЕ ТІКЕЛЕЙ АРАЛАСУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАЙТАРУ!!!
Өткен жылғы Референдум сол мүмкіншілікті азаматтарға ресми қайтарды. Енді барлық деңгейде халық өз арасынан өңірлердігі Маслихаттан бастап, орталықтағы Мәжіліс депутаттығына қоғамның белсенділерін таңдап, атқарушы билікті бақылауға алып, азаматтардың талаптарын орындау мақсатында қажетті заңдарды қабылдатқызып, бюджеттен қаржыны бөлдіріп, көпшілікке ең өзекті проблемларды шешкізеді, бір топтың мүддесі үшін емес, бүкіл Қазақ елінің болашағы үшін қызмет жасайды.
Оған, Президенттің партияның мүшесі болуын шектеу қойылғаны, Парламенттің Үкіметке, Маслихаттардың Әкімгшілікке қарағанда уәкеттілігі күшейгені әсер ететіні сөзсіз.
Алдағы 19 науырыздағы Сайлау сонау 100 жыл бұрын Алаш арыстарының бастаған Республика идеясын қайта іске асыру. Халық өз өкілдері арқылы биліктің жұмысына тікелей араласады , бақлауға алады.
Бұған сайлау жүйесінің өзгерістері өз ықпалын байқатып жатыр. Тек партиялар арқылы емес, можаритарлық жүйе арқылы ең белсенді азаматтарды тікелей таңдау.
Биылғыдай белсенді қызу сайлауды көрмегенімізге жиырма жылдай болды. Қоғам көптен күтіп жүрген өзгерістер екені байқалады.
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ САЯСИ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕРУДЕ НАР ТӘУЕКЕЛГЕ БАРДЫ - ХАЛЫҚҚҚА ТИЕСІЛІ БИЛІККЕ ТІКЕЛЕЙ АРАЛАСУ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР.
Бұл тұрғыда әрине қауіптері мол кезең екенін айтып өту керек. Саяси бәсекелестік мақсатында елімізді шулатып, өз қажеттілігіне жету үшін, бөлек топтардың мүддесін қорғап қалу жоспарымен әртүрлі теріс әрекеттер, провакациялар жасалуы мүмкін.
Бірақ қоғам үшін, болашағымыз үшін өте маңызы зор кезең!
Дәл сондай мен үшін де жеке өзімнің НАР ТӘУЕКЕЛГЕ баратын кезеңім басталды. Осындай жүйелі өзгерістерден тыс қала алмаймын.
Саясатпен тікейлей айналасқаныма биыл тура 20 жыл.
Кезінде өзім метеп муғалімі, кіші кәсіп, жүмыссыз, такси айдап нан тауып жүрген кезімде осы салаға қызығып қарадым.
Өңірден бастап, Парламентте, министірлікке дейін қызметтерді атқардым. Бірақ қалыптасқан монополиялық жүйеде өзгерістер жасау қиын болды.
Тура 10 жыл бұрын өз еркіммен ресми саяси қызметтен кеттім, белсенді партиялық жұмыстарды азайттым.
Білім саласына қайта оралдым. Жастарға сапалы білім беру басты мақсатым болды. Оған қоса, тәуелсіз деңгейде қоғамдық жұмысқа көбірек көңіл аудардым. Сараптамалық бағытқа қызықтым, арнайы топтарды құрдым, еліміздегі саяси мәдениетті қалыптастыруға арластым, ашық пікірталастарды дамытып, жаңа медиалар арқылы қоғамның пікірінің билікке әсер ету күшін көрсеттім.
Осы он жыл ішінде ұсынылған мемлекеттік және ресми саясаттағы қызметтерге баруға бас тарттым.
Дегенмен билік ауысықаннан кейін, 2019 жылдан Елімізде басталған саяси өзгерістерге қоғам өкілі, тәуелсіз сарапшы ретінде тікелей араластым. Себебі менің ішкі қажеттілігіме сәйкес келді. Президент Тоқаевтің сайлаудан кейін, ең бірінші болып құрылған Ұлттық Сенім Кеңесінің мүшесі болып, басынан аяғына дейін қоғамдық қызмет атақардым. Басты мақсат - алдағы саяси реформаларды әзірлеу. Ондай өзгерістер болатынына сенімім бар, себебі бізде басқа жол жоқ - тәуелсіз ел болып сақталу үшін басқару жүйесін күрт өзгерту керек.
Неге Қоғамдық Кеңес арқылы реформа дайындалды? Себебі ол кездегі Парламент ескі жүйеге тәуелді болғаны белгілі, олар түбегейлі өзгерістерге бармайтыны анық.
Кеңестің жұмысына араласып, өзім саясаткер, құқықтанушы, заң шығару тәжіриебем бар қоғам өкілі ретінде ұсыныстар бердім. Әсіресе, Мәжіліс пен Маслихат депуттаттарының мәртебесін күшейту, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру туралы.
Сол, Ұлттық Кеңестің даярлаған реформалары дәл казір іске асырыла басталды. Өткен жылғы Референдум алдағы жылдарға нағыз бағыт бағдар белгілеп берді. Оған қоғамның басым көпшілігі қолдау көрсетті.
Жаңалаған Ата заңымызды іске асыру кезеңі басталды.
Сол бастамарларды тек теориясын дайындау емес, енді соны іске асыру үшін араласуға шешім қабылдадым. Білімім бар, тәжіриебем де жеткілікті. Билікті іштен де сырттан да білемін. Менің ойым қызметке тұру емес, өзімді сынап көру емес. Талай лауазымды атқарып, қажет деп шешкен кезімде өзім кеттім. Қазір жұмысым бар, материалдық жағын да, жеке саласында өзің шешесін. Басты мақсат осындай шешуші сәтте, сыртта қалып қоймай, арасында болып, жауапкершілікті мойныма артып, Еліміздің болашағына қолымнан келгенше қызмет жасау.
Қандай да бір жақсы идея болмасын оны іске асыру жүйесі керек.
Бұрыннан демократиялық Республикаларда қалыптасқан билікке азаматтар атынан әсер ету құрылымы - САЯСИ ПАРТИЯЛАР!
«Жалғыздың үні шықпас» деп халық босқа айтпайды.
Бірақ, қай саяси партия арқылы деген сұрақ туындағанда мен "Аманатты" таңдадым.
Еліміздегі саяси реформалармен қатар "Аманат" партиясы ішкі өзгерістерін жүйелі бастап кетті. Оны мен "Жер Аманаты" жобасы жұмысына араласудан байқадым. Елге танымал, белсенді азаматтармен бірге миллиондаған гектар жерлерді халыққа қайтардық. «Жер Аманаты» жұмысымен ел аралап жүріп, халықтың мұндай нақты істерді қолдайтынын, халық атынан ұран емес ықпалды саяси партия болғанын қалайтындарын байқадым. Және "Аманат" барлық өзгерістерден кейін, жүйесіз керек емес шараларды ысырып тастап, азаматтарға ең қажетті мәселелерді көтеріп, соларды шешуге тырысып жатқанын өз көзіммен көрдім. Тек жұмыс бағытын емес, партия қатарларын да өзгертіп бастады. Беделін түсіретін, кездейсоқ адамдар кетіп, жаңадан шынайы адамдар қосыла бастады.
Сол себептен, егер Партиялар арасында таңдау жасайтын болсам маған "Аманаттың" казіргі ұстанымы, құндылығы жақын деп - өзім үшін шешім қабылдадым.
Сол себептен соңғы сегіз ай "Аманаттың" шараларына бірте бірте араласа бастап, ішкі трансформациясына үн қостым. Арнайы топтың тәуелсіз сарапшы ретінде партия өзгерістеріне ұсыныс бердім. Бүгінгі "Аманат" партиясы, ол түбегейлі жаңарған саяси құрылым және ол өзгерістердің арасында менің үлесім бар.
Ал енді сол жаңарған партияның, елдің болашағына қызмет жасауына тікелей араласуды бастап кеттім.
"Аманат" съезінің шешімімен мені саяси партияның тізіміне қосты. Әріптестерімнің сеніміне шын алғысымда айтамын.
Мен үшін бұл ерекше жауапкершілік. Соңғы он жылды саяси жүйенің кемшілігін, қателерін көрсетіп тек сын айту немесе бөлек ұсыныс берумен шектелмей, енді тікелей Парламентке барып, сол идеяларды іске асыру мүмкіндігі пайда болады.
Бірнеше саланы жақсы білемін, заң шығаруда тәжірибем бар, биліктің алдында өзімді тең сезінуге азаматтық ұстанымым қалыптасқан. Осы құзіреттерімді бұғып қалмай, аянбай ел үшін жамсауға дайынмын.
Бірақ оның барлығын халық 19 Наурыз күні шешеді.
Сайлаушылар қолдап, әріптестерім сенім артса, қызмет атқаруға дайынмын!
НЕГЕ ТЕК БҮГІН ТОЛЫҒЫМЕН ТАРАТЫП ЖАЗЫП ОТЫРМЫН?
Себебі енді ғана үгіт насихат кезеңі басталды. Бұған дейін артық ақапарат бергім келмеді, асығыстық жасап заңды бұзбайын дедім.
Беделді партия өкілі болғаннан кейін өзім қате жібермейін, әріптестеріме зиян тигізбейін деп, керекті регламентті сақтап ақпарат беріп отырмын. Енді қолыма Куәлік тиді, мені ресми Үміткер деп таныды, енді партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оған өз көзқарасымды білдіріп сайлаушыларға түсіндіре бастаймын. Ел аралаймыз, көп кездесулер жоспарлануда, біраз өңірлерде шаралар жоспарлануда.
Бірақ оған қоса, менің көп жылдар бойы қалыптасқан қоғаммен байланыс алаңым бар - ол осы Әлеуметтік желідегі оқырмандарым. Көп жылдар бойы менің жазбаларымды оқып, ойларымды қолдап, өз ұсыныстарыңызды қосып келесіздер. Мүмкін сіздердің осындай белсенді қолдауларыңыз болмағанда, мен оны сезінбесем, саясатқа қайта оралуға шешім қабылдаймын ба? Кім біледі? Маған "сіз неге саясатқа бармайсыз", "неге тек бұл жерде айтып қана қоясыз","билікттің жүйесінде нақты ықпалыңыз болғанда көп көтерген мәселені тиімді шешуге болар еді","сізді депутат қатарынан көргіміз келеді, айтылған мұң мұтажымызды шешім қабылдайтындарға жеткізсенңіз" деген пікірлер жиі жазылып тұрады. Көшеде кездесіп қалса, "мен сіздің пікіріңізді үзбей оқып жүремін, қолдаймын" деген сөздерді естігенде, өзекті мәселені күн тәртібіне шығарып жүргеніміз елге қажет екен деп сезінесің. Ол да маған жауапкершілік арттырады. Себебі тек сөзбен үміттендіріп қоймай, осыны бірге асырсақ деген қоғамның алдындағы міндетін сезінемін.
Құрметті достарым, әріптестерім, пікірлестерім, оқырмандарым!
Сіздерге дәл осылай ұзағынан таратып жазу мақсатым, өзімнің бұл шешімге қалай келгенімді шынайы өз атымнан жеткізу.
Қолдау жасап жатсаңыздар, алдын-ала алғысымды жеткізгім келеді.
Қай салада? Қай қызметте жүрсем де? Қазақ Елінің болашағы үшін қызмет жасауға дайынмын.