Облыс әкімі Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралап шықты

Облыс әкімі Ақтөбе қаласын жұмыс бабымен аралап шықты

14 қазан, бейсенбі күні, облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласын абаттандыру және инфрақұрылымдық дамуы бойынша бірқатар жобалардың жүзеге асырылуымен танысты.

Жұмыс сапары Нұр Ақтөбе тұрғын үй алабындағы өрт сөндіретін автокөлік құралдарына арналған тұрақ – гараждың құрылыс барысымен танысудан басталды.

«Қала аумағы екпіндеп үлкейіп келеді, соның ішінде қазіргі таңда Қарғалыда орналасқан өрт сөндіру бөлімі қызмет көрсететін Нұр Ақтөбе тұрғын үй алабы да бар. Бұл жер айтарлықтай қашық, біз үлгермейміз, сондықтан өрт сөндіру бекетін ашу қажеттілігі туды»,- дейді Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайрат Қасымов.

Өрт сөндіру бекеті бір уақытта екі жерге шығуға есептелген, жеке құрам 100 % жасақталған.

«Әкімдік қолдауының арқасында жыл соңына дейін 33 бірлік техника сатып алынатын болады, оның 11 бірлігі әкелініп қойылды. Мердігер жыл соңына дейін осы нысанның құрылысын аяқтауды міндетіне алды, сонымен бірге, Нұр Ақтөбенің қазандығы тұрған жерде мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр. Өрт сөндіру бөлімінің құрылысы аяқталған соң бұл бекет гарнизонның барлық техникасына арналған жөндеу базасы болады. Бұл біз үшін өте маңызды, нысан қатты керек»,- деді өңір басшысына жобаның жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған Қайрат Қасымов.

Кейін Оңдасын Оразалин Нұр Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысын қарап шықты.

«Ақтөбе Сәулет» ЖШС бас директоры Арнұр Ахмадиұлы екі тоғызқабатты үйді пайдалануға беру жұмыстары туралы баяндады.

«Үйлер 72 пәтерлі. Олардың жартысы – екі бөлмелі, қалған жартысы – үш бөлмелі. Жалпы аумағы 5 мың м2. Жыл соңына дейін тапсырамыз. Құрылыс материалдарын қаржыландыру мен жеткізуге байланысты проблема жоқ»,- деді өңір басшысының сұрақтарына жауап берген А.Ахмадиұлы.

Биыл облыс бойынша барлығы 1,1 млн м2 баспана тұрғызылмақ. Өткен 9 айда 624,8 мың м2 немесе 4 250 пәтер пайдалануға берілді. Қазіргі таңда облыс бойынша 6 несиелі және 11 жалдамалы-коммуналдық көппәтерлі үйлердің құрылысы жалғасуда.

Облыс орталығындағы, соның ішінде қала орталығынан алыс жерлер мен жаңа тұрғын үй алаптарындағы қоғамдық кеңістіктерге ерекше назар аударылады. Нұр Ақтөбе тұрғын үй алабының 1 шағын ауданында үлкен гүл бағын салу басталды. Жыл соңына дейін жаяужол плиткалары төселіп, жаяужүргіншілер жолдары, жарық, суару жүйесі, балаларға арналған және спорт алаңдары, күрке және т.б. орнатылады. Жарын коммуналдық қызметтер гүл бағын көгалдандыру жұмыстарымен айналысатын болады.

Облыс әкімі ескі қаладағы гүл бақтары мен аллеяларды қалпына келтіру жұмыстарын қарап шықты.

««Ахтанов шаршысын» қалпына келтіреміз, бұл – Қобыландин көшесі бойындағы гүл бағы, Шернияз көшесінің бір бөлігі, сосын Алтынсарин көшесінен Жангелдин ескерткішіне дейінгі жер. Қиыршық тас төсеп, 120 шам орнатамыз, ескі қоршауларды ауыстырамыз, 54 шағын сәулет формалары мен баспалдақтарды қалпына келтіреміз»,- деді “АЭМК Жарық” ЖШС мердігер мекемесі директорының орынбасары Александр Гальцев.

Жұмыстар қазан айының соңына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қызметтік сапар Жаңақоныс тұрғын үй алабындағы Алматы көшесі бойындағы жолдың жөндеу жұмыстарымен танысумен жалғасты.

Осы жылы Жаңақоныста Советская көшесінің 2 шақырым және Алматы көшесінің 2,3 шақырым жолын жөндеу басталды. Жоба жалғасуда - биыл асфальт төсемнің бірінші қабаты төселді. Жұмыстар келер жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Облыс әкімі сондай-ақ, Тәуелсіздің даңғылы бойындағы «Азаттықтың ақ таңы» кешеніне арналған орынды қарап шықты.

Қызметтік сапар соңында облыс әкімі ауласы бар аумақтардың абаттандырылуымен танысты. Ол Әбілқайыр хан даңғылы мен Алдияров көшесі бойындағы бірқатар аулаларға барып, жергілікті тұрғындармен тілдесті.

«Бізге қатты ұнайды. Ауламыздың жаңартылып, балалар алаңының орнатылғаны қуантады, қазір асфальт төсеп жатыр, бордюрлар орналастырып жатыр. Осылай жалғастыра беріңіздер – сол кезде қалада бәрі жақсы болады»,- деді қала тұрғыны Вячеслав Сухоносов.

Осы жылдың қорытындысы бойынша облыс орталығында 220 аула жөнделіп, балалар ойнайтын 67 алаң орнатылады, 9 саябақ пен гүл бағы қалпына келтіріледі.

Сапар соңында облыс әкімі қала басшылығына облыс орталығын әрі қарай абаттандыру мен жүзеге асырылып жатқан жобаларды уақытында аяқтауға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

15.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796