Обыр, жемқор «НӘН» қыздар ел байлығын қашанғы сора береді?

Обыр, жемқор «НӘН» қыздар ел байлығын қашанғы сора береді?

Нанның ақшасын төлеуге ұмсына бергенім сол еді, сатушы жымия күліп: «Ақшасы төленген. Тегін», – деді. Таң қалып қалған мен: «Кім төледі?» – дедім. «Бір жомарт қыз бүгінгі келген нанның бәрінің ақшасын төледі». «Бәрекелді! Аллам садақасының сауабын берсін!» – дедім мен ризашылығымды білдіріп.

  Қарапайым ғана қазақтың мәрт қызы. Аты белгісіз. «Шіркін!.. – деп ойладым. – Қазір кедейлік пен жоқшылықта өмір сүріп жатқан халқымызға осындай Атымтай жомарттар ауадай қажет. Мәселен, Назарбаевтың бай, алпауыт қыздары неге осындай мәрттік істемеске?..» Сәт өтпей ол ойымның орындалмайтынына мойынсұндым. Себебі олар беруге емес, халқын тонауға бейімделген. Яғни жемқор қыздар. «Ала берсем, ала берсем» деп ашкөзденіп, әбден құныққан қарау, обыр жандар.

Жақында «Дат» газетін қарап отырсам, осындайды зерттеп жүретін Қажымұқан Ғұбайдуллин інім шетелде қашып-пысып жүрсе де Назарбаевтар әулеті әлі де сырттан «кәсіпкерлікпен айналысып», бәз-баяғысынша елімізді тонап жатқанын нақты дәлелдермен жазыпты. Яғни шетелдерде ең қымбат, сәулетті үйлерінде, теңіз жағасында жатып, ақша жасап, еліміздің байлығын сорып жатыр. Бұл деректердің жарияланғанына біршама уақыт өтсе де, билік тарапынан «бұл жалған» деп бір шенеунік мәу демеді. Яғни шын ақпарат. Әсіресе Қаңтар оқиғасынан кейін Президентіміздің өзі «тәркіленіп жатыр» деп халықты қуантқан нысандар» әлі де Назарбаевтарға қызмет етіп жатқан көрінеді. Бұл масқара! Сонда оларға қазіргі биліктің шамасы жетпей ме, әлде аңысын аңдып тұрған басқа жағдайлар бар ма? Түсінбедік, шынында да НӘН-дер еліміздің байлық, қазынасын қашанға тонай береді? Алшаң-алшаң басқан ол қылмыскерлерді неге түрмеге тықпаймыз? Бұл біздің ғана емес, бүкіл халықтың талабы. Нанбасаңыз, кез келген қарапайым жаннан сұраңыз.

Сайлау жақындап келеді. Егерде кімде-кім осы обыр, жебір, жемқорларды ауыздықтаса, соған бүкіл халық дауыс берер еді. Оған кімнің жүрегі дауалайды, кімнің күші жетеді? Кәнеки, кәнеки, Президент болғыларыңыз келген батырлар, қол көтеріңіздер! 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 24
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 45
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 15
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 21
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 25
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 21
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 47
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 45
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 253
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 875

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8949
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8343
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11569
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9327
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10553