Ойбай, қытай қаптап кетті!

Ойбай,   қытай қаптап кетті!

Бұл  – халықтың сөзі. Ал «халық айтса қалып айтпайды» дегендей, бұл айқай-сүреңге толы сөзде шындық бар. Мұндай әңгімелердің шегі, шеті жоқ десе де болады. Өзіміз де көршілерімізді әр-әр жерден көріп жүрміз. Соңғы кездері шынында да қытайдың қарасы көбейген. Базарларда, ауылдарда, әуежайларда өздерінің тілінде шүлдірлеген оларды көргенде ішіңді жиясың, бойыңды үрей билейді. Неге? 

Ел олардың қулығын айтады, залымдығын айтады. «Ақырзаман болғанда қара қытай қаптайды» деп бала күнімізде ересектер жиі айтатын. Қара қытай деген кім? Кеңес өкіметінде шетелдердегі өсек-аяң шекарадан өте алмайтын. Бірақ картадан Қытай мемлекетінің барын, олардың өте көп екенін білдік. Халқының көптігі жағынан әлемде бірінші орын алатынын біліп, ойланып қалатынбыз. 

Тәуелсіздік алғаннан кейін кімнің кім екенін жан-жақты біле бастадық. Тоқсаныншы жылдары қытайдың арзан киімін киіп, қаптаған тауарларын қолдана бастадық. Қытайдағы кіші Түркістаннан бауырларымыз көшіп келе бастады. Олардың сөзіне қарасақ, қытай деген халық жаман емес сияқты. Ондағы екі-үш миллион қазағымызға бар жағдайды жасап қойған. Бақуатты, бай екен бәрі. Зейнетақысы да бізден жоғары. Рухани жағынан да жаман емес. Кітаптары шығып жатады екен. Қазақ тілінде телеарнасы, радиосы, газеттері бар. Қызығып, қызғана қарайтынды шығардық. Себебі тәуелсіз мемлекет болсақ та, күні бойы көрсетіп тұратын бізде қазақтілді телеарнамыз жоқ еді. Дегенменде олардың кейбір теріс нәрселерін де естіп, аяғымызды тартатынбыз. 

2016-2017 жылдардағы ондағы бауырларымызға көрсеткен Қытай өкіметінің қысастықтары бізді қарадай шошытып, көршімізге деген жылылық жойылып, оларға тыжырына, осқыра қарай бастадық. Баяғы мектеп, телеарна, газет, радио жабылып, бәріне шектеу қойылыпты. Бұл зұлымдық та кейінгі жылдары тыйылып, екі ел арасында қайтадан көршілік жылы қатынас орнай бастады. Әсіресе НӘН-нің кезінде Қытайға жалға жер беріледі екен деген сыбыс тарап, билігімізге ел наразылығын білдірді. «Елуден аса өндіріс орындарын әкеліп орналастырады екен» дегенде тағы да қарсылығымызды таныттық. Дегенмен, шынтуайтқа келгенде, мұнай, газ шығатын біраз жерлерімізді көршіміз жалға алып, сорып, пайдаланып жатқанына да біраз жылдың жүзі болды.

Қытайдың тілін, ниетін, салт-дәстүрін жетік білетін екінші Президентіміз Қ.Тоқаев кейінгі жылдары батыл түрде екі ел арасында кең қатынас орната бастады. Қарым-қатынас визасын жеңілдетті. Инвестицияны молынан күреп ала бастадық. Қазір ШЫҰ-ның белді мүшесіміз. Кешегі саммитте де талай қатынас құжаттарына қол қойылды. Осыны пайдаланған қытайлар елімізге ағылып келе бастады. Бұл жақсы ма, жаман ба? «Ойбай, қытай қаптап кетті!» деп ғаламтор арқылы қазір қазағымыз шулап, қауіптерін ортаға салуда. Бұл білместік пе, әлде бірдеңені біліп шулап жатырмыз ба? Әрі қарай осы өзара қатынасымыз қоюланып, қытайлар жерімізден шықпай қойса қайтеміз? Иә, сақтық керек. Билік олардың молынан келіп жатқанын көріп, біліп отырғаны анық. Заң бар, тиісті өкіметтік орындар бар. Әр нәрсенің шегі болады. 

Айтпақшы, өткен аптада әлеуметтік желіде таралған видеода қытай азаматының қызыл туын көтеріп масайрап тұрғанын қалай түсінеміз? Бұл мазақтағаны ма? Алдағы уақытта шектен шығып бара жатса, тыйым салынар. Алайда заңды қатайтып, оларды жерімізде талтаңдата бермеуіміз керек. Ал тиісті орындар бұған не дейді екен?

 

Ертай Айғалиұлы
26.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 321
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 468
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 315
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 166

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18232
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18093
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33280
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31831
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35536