10 қараша күні «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жаңа мүмкіндіктері» атты семинар өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Еспағанбетов, Ветеренария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай, ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Дастан Сағыров, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» облыстық филиаланың басшысы Берік Сариев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Едіге Насамбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Алдаберген Нұғманов, ауылдық округтердің әкімдері, шаруа қожалықтарының басшылары, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағдарланған қаржы институттарының өкілдері мен ғалымдар қатысты.
Семинар алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отыра ауыл шаруашылығын тиімді енгізу және өнімділігін көтеру сұрақтарын талқылайтын сараптау алаңына айналды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы мен бизнесті қолдау шараларын күшейту жұмыстары жүргізілуде.
«Бүгін біздің алдымызда ауыл шаруашылығы саласын заманауи талаптарға сай әрі қарай дамыту бойынша бірқатар міндеттер тұр. Олардың қатарында осы саланың мемлекеттік қолдау шараларын тиімді жүзеге асыру міндеті бар. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өнім сапасы мен өнімділік көлемін көтеруге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді»,- деді семинарды ашқан облыс әкімі.
Оңдасын Оразалин шаруалардың ерен еңбектерін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Айта кетейік, биыл Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында 23,7 млрд теңге субсидия бөлінсе, оның 13,3 млрд. теңгесі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, 7 млрд теңге мал азығын дайындауға кетті. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуды ынталандыру үшін жергілікті бюджет есебінен осы мақсаттарды субсидиялау көлемі 25 пайыздан 35 пайызға дейін ұлғайтылды.
Нәтижесінде жыл басынан бері ірі қара мал басы 9,9%, жылқы - 14% өсті. 270 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.
Биылғы жылғы қолайсыз ауа райы тұрақты мал азығы базасын жасау қажеттігін көрсетті. Соған байланысты Ақтөбе облысында қазіргі таңда жемшөптік дақылы көлемін 2023 жылға дейін ұлғайту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол жемшөптік дақылдарды егуге берілетін субсидияны көбейтуді және мал азығын әзірлеуге қажет ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қарастыратын болады. Шаруалардың өздері мемлекет көмегі осы жылы бұрын болмаған деңгейге жеткенін атап өтті.
«Біздің облыстың шаруа қожалықтары атынан сізге ризашылығымды білдіргім келеді. Негізінде бізге үлкен қолдау көрсетіледі. Мұндай қолдау ешбір өңірде жоқ деп сеніммен айта аламын. Сіздің шаруаларға деген көмегіңізді халыққа деген қамқорлық деп санаймыз».- деді «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» облыстық филиаланың басшысы Берік Сариев.
Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың алдағы уақытта да өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға жан-жақты қолдау көрсететініне айтты.