Халқымыздың 300 жылға созылған ерлікке толы шайқасы ұмытылмауы тиіс
Дәулеталы батыр және оның заманы
Батыр бабамыз Дәулеталы Жарыұлы (1642-1730) өмір сүрген заман қазақ елінің ерлікке толы рыцарлық кезеңі болған еді. Батыс Қазақстан елінің Ресей басқыншыларына қарсы тұрған 300 жылдың орта тұсында яғни халқымызды қорғап жанталасқан соғыстың қызған кезі болатын. Осы өңірдегі Ресейге жанталаса қарсы тұрған ерлікке толы 300 жылға созылған қанды шайқастар қазақ елінің тарихында өз есімдерін алтын әріппен жазып кеткен батырларды дүниеге әкелді. Солардың кейбіреулерін атап айтсақ, олар: Әбілқайыр (1709-1748 ж.ж. Кіші жүз ханы), Табын Бөкен бай, Адай Мырзатай, Тама Есет, Шотан батыр, Сырым батыр, батыр қыз Сапура, Қаратай сұлтан, Жоламан батыр, Исатай – Махамбет, ең соңы Адай көтерілісіндегі (1872-1874) Иса Досан т.б. көптеген батыр қолбасшыларды еріксіз еске аламыз.
Қанмен жазылған кіші жүздің тарихы
Қысқаша айтқанда Батыс Қазақстан жерінде аталған 300 жыл ішінде Ресей әскерлерімен соғысып қан төгілмеген жыл болған жоқ еді. Біз Дәулеталы бабамыз өмір сүрген (1642-1730) жылдардың бұрын және соңғы тарихи оқиғаларына қысқаша шолу жасадық...
Енді кейбір елеулі оқиғаларға тоқталсақ Ресей империясы Қазақ еліне алғашқы қарулы шабуылын 1580 жылдары Жайық бойындағы əсем қала Сарайшықты қиратып тонаудан бастады. Көп ұзамай сол 1590-шы жылдары Қазақ ханы Тəуекелдің інісі Оразмұхамедті тұтқындап Мəскеуге алып кетті. Оның барлық күш жігері мен əскери талантын пайдаланып воевода дəрежесіне дейін көтерді. Тіпті оның өлімінің өзі Ресей мемлекетіне Поляк басқыншыларынан құтылуға көмектесті... Мəскеуді басып алған Польша королі Лжедмитрий күдікті воеводаның бірі деп Оразмұхамедті өлтіреді. Өзінің жерлесінің кегін қайтару үшін Петр Урусов (Едіге бидің шөбересі) Лжедмитрийді өлтіреді де Ресей патшасының тағын поляктардан босатып, Ресей мемлекетін құтқарып қалады. Жыл сайын ноябрь айында Ресейде поляктардан құтқарған К.Минин мен М.Пожарский деп ерекше атап өтеді. Бұл екеуіне ескерткішті Мəскеуде Сталин қойдырып еді. Алайда П.Урусов пен Оразмұхамед туралы Ресей ғалымдары мен саясатшылары бір сөз де айтпайды. Егер орыс ағайындар тарихқа адал болса П.Урусовке алтыннан ескерткіш қояр еді....
Осынау 1580-1730 жылдардағы 150 жылға созылған орыс пен қазақ арасындағы қырғын соғысты белгілі зерттеуші М.Əбдіров:
«...С конца XVI – начала XVIII в. начинается ожесточенная и кровополитная, длившаяся 150 лет, казахско- казачья война. С этого момента вся история взаимоотношений казахов с яицкими /Жайық өзені/ казаками заполнена взаимными набегами, враждой захватом пленных и угоном скота. Борьба шла не на жизнь, а на смерть, с переменным успехом, и в этой борьбе не было ни победителей, ни побежденных, никто не хотел уступать. (1) – деп жазған болса, қазақ елінің басына түскен соншама ауыртпалық туралы: – «...Многострадальная казахская земля обильно полита кровью наших предков, отстаивших право на мирную жизнь на древней, исконно своей территории...» (2) – деп жан-жақты анықтамасын берген болатын.
Ал, екінші 150 жылдық кезең туралы (XVIII бен XIX ғасырлар) аса қиын кезең туралы Х.Досмұхамедов: «...Осы екі ғасырдағы патша өкіметінің жұмысы қазақты əбден бағындырып алып, қазақты көпір қылып Азияға аттау болды. Қазақтың амалы таптайын деп тұрған патша өкіметінен құтылу болды. Дəуірлеп келе жатқан орыс байларының капиталымен жауласам деп, Кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды.»(3) - деп толық бейнесін берген еді.
Осылай Кіші жүз қазақтарының Ресей басқыншыларымен соғысы əрқайсысы 150 жылдан тұратын екі кезең, демек барлығы 300 жыл соғыс. Осы Кіші жүз қазақтары мен орыс казактары арасындағы қырғын соғысты М.Əбдіров: «...Они были хорошо вооружены и обучены, прекрасно организованы, дициплинированы, обладали громадным опытом борьбы с покоренными народами. Вот с такими отборными воинскими отрядами 300 лет воевали қазахи за свою свободу и независимость, отстаивая родную землю...» (4) – деп мінездеме берген еді.
Сол Ресеймен болған 300 жыл соғыстың бірінші кезеңінде, яғни жуан ортасында болған батырлардың бірі Дәулеталы бабамыз еді. Ал сол қиян кескі соғыстың 48 жылын Əбілқайыр басқарған болса, соның жанында Табын Бөкенбай батыр (1742 жылы қаза болды) және басқа батыр қолбасшылар болған еді...
Орыс-казактардың жауыздығы
Қазақ еліне толассыз шабуыл жасаған орыс-казактардың жауыздығы мен зұлымдығы туралы орыс тарихшылары да көптеп жазды. Мысалы тарихшы А.Рябинин: «...У яицких казаков был один смертельный враг - это киргизы (т.е. казахи). Они были «враги неутомимые, настойчивые, не знавшие ни страха, ни усталости. Яицкие казаки вели против них войну настоящую и ожесточенную» (5) - деп жазғаны қазақтардан басқаның бəрін тізе бүктірдік, енді тек қазақтарды бағындыру ғана қалып тұр деп жазып, қаншама қазақ ауылдарын түгелдей аямай, жауыздық пен қатыгездіктің неше түрін көрсетіп қырып, жойып жібергенін баяндайды...
А.Карпов кітабында: «...Раз это киргиз – то враг, заклятый враг и все, что носило на себе киргизский облик, все уничтожалось, билось казаками на смерть, целые аулы, старцы, жены – все истреблялось; убивались дети и грудные младенцы, - «вырастут – укусят!» говорили казаки и поднимали их на копья. Истреблять басурманина – такова была миссия казака того времени, миссия, освященная церковью» (6) – деп неше түрлі зұлымдықтарды жазды... Қазақ ауылдарын шапқанда жүкті әйелдердің қарнын жарып ішіндегі шарананы найзаға түйреп көтерген жауыздықтары фашистерден асып түсті...
1692 жылы Ресей мемлекет басына І Петр келген соң орыс əскерлерінің Қазақ жеріне жаңа қарқынды шабуылдары басталды. Себебі І Петр қалмақтардың ұйымдасқан қарулы отрядтарын қазақ еліне айдап салып отырды. Аюкені қалмақтың ханы етіп тағайындап, барлық титулды, барлық сыйлықты соған берді. Оның негізгі міндеті қазақ елін шауып қирату қана болды. Сорлы Аюке хан тегін сыйлықтар мен арзан титулдарға қызығып, өз қандастарын өлімге айдап отырғанын түсінбеген болар. Түсінген болуы мүмкін тек өлер алдында 1724 жылы қалмақтардың Əбілхайыр басқарған қазақ жігіттерінің қолынан қырылып жатқан кезінде ғана... Не деген сұрқиялық өмір. Күні кеше Шыңғысханның қандасымыз, ұрпағымыз деп жүрген халықтың Ресей сойылын соғып жүріп арам өлгені əрине жетесіздік, сұрқиялық, ұят, яғни даңқсыз өмір.
Əрине І Петр келген соң тісіне дейін қаруланған казачьи отрядтар мен қалмақтар шабуылы қазақ еліне ауыр тиді. Сол кезде қазақ елі үшін І Петрден кем емес тұлға жарқырап тарихи аренаға келді. Жас батыр қолбасшының аты Əбілхайыр (1685-1748) еді. Әрі Ресейге қарсы күресте қазақтың көптеген батырлары ерекше көзге түсті...
Әбілқайыр ханның Ресейге қарсы 48 жылғы шайқасы
Міне дәл осы кездері Ресейге қарсы соғыстың жуан ортасында Дәулеталы бабамыз болған... Бұл 1700 жылдар еді. Қазақ елі мен Ресей қоластындағы туысқан башқұрт халқын қызғыштай қорғаған ерлігі ескеріліп 1709 жылдың күзінде Əбілхайырды Кіші жүзге Тəуке ханның өзі бас болып билер кеңесінің шешімімен хан сайлады. Енді Əбілхайырдың қазақ елін Ресей басқыншыларынан 48 жыл бойы қорғаған ерліктеріне қысқаша тоқталайық. Соның 1730 жылға дейінгі оқиғалардың тірі куәсі Дәулеталы батыр болғаны анық...
1707-1709 ж.ж. башқұрт халқының ұлт-азаттық көтерілісіне Əбілхайыр 3 мың сарбазбен барып көмек көрсеткен. Ал, осы үш мың жігіт Арал мен Каспий ортасындағы елден яғни Батыс Қазақстан жерінен жиналған жігіттер еді. Ол кезде батыр бабамыз Дәулеталы 70 жасқа келіп қалған кезі болады.
150 жылдан бері Ресей қоластында болған башқұрттар Əбілқайырды үлкен туысқандық көмегі үшін оны өз еліне хан сайламақшы болып жатқанда, 1709 жылы күзде қазақ билері шұғыл шақыртып алып, Кіші жүзге Əбілқайырды хан сайлайды. Бұрын Кіші жүзде хан болған жоқ, үш жүз түгелдей бір орталыққа, Тəуке ханға бағынатын. Ресей басқыншыларымен Кіші жүз арасындағы соғыс қиындап кеткен соң оны хан болып басқаратын адам керек болды. Əбілқайырды осындай құрметті орынға сайлаған себебі оның 1709 жылға дейінгі қазақ елін Ресейден қорғаған ерліктері мен еңбегі ескерілді. Əбілқайыр кеткен соң башқұрт көтерілісі жеңіліс табады. Хан Əбілқайыр Ресеймен күресті жақсы ұйымдастыра білді.
1709 жылы қазақтар Сызранға бара жатқан орыс-казак керуенін талқандады.
1711 жылы қазақтардың 16 мың сарбазы Текеге (қазіргі Орал қаласы) астық алып бара жатырған орыс-казак керуенін талқандап, 300 жауынгерін тұтқындайды да, Хиуаға апарып құлдыққа сатады.
1713 жылы 800 жігіттен тұратын сарбаздар Самараға балық апара жатқан керуенге шабуылдап, жауынгерлерін қырып тастайды.
1714-16 ж.ж. қазақтар казак-орыс отрядтарына əлденеше рет шабуылдаған.
1718 ж. қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мыңдық əскері Теке (Яицкий городок, қазіргі Орал) қаласын қоршайды. Бұл бір айға созылады.
1719 ж. шілдеде Əбілқайыр 20 мың əскермен қаланы қайта қоршауға алады. Қазақтар Теке қаласын басып алуға сəл қалады. Күз түсісімен елдің мазасын алып қоймаған Еділ қалмақтарына (орыс-казак отрядтарының одақтастары) шабуыл жасайды.
1720-21 ж.ж. казак-орыстар бірнеше рет қазақ жеріне шабуылдар жасайды.
1720 жылдың қыркүйек айында қазақ əскерімен орыс-казактарының арасында Самара өзенінің бойында қанды шайқас болды. Тұтқынға түскен 50 қазақ жігітін өлтіріп «ерлік жасағаны үшін» атаман Никита Бородин Ресей патшасы І Петрдің мақтау грамотасымен марапатталды.
1721 жылы орыс-казактар мен қалмақтардың атаманы Балмашнов басқарған тобы Ойыл өзеніне дейін шабуыл жасап, көп тұтқындар мен мал айдап əкеткен.
1722 ж. қаңтарда 300 қазақ сарбазы қарымта қайтару үшін Шаған өзені жанындағы қысқы станицаға шабуыл жасап, 70 казак-орысты айдап əкетеді. Осы жылы ақпанда қазақтар Теке қаласы жанындағы жылқы табынын айдап кетіп оларды түгелдей жаяу қалдырады. Сондықтан Яицкий казак əскерлері І Петрдің Персия жорығына қатыса алмай қалады.
Бұған қатты кектенген І Петр қазақ елін түгелдей жаулап алуды ұйғарады. Жоңғарларды артиллериямен қаруландырып жəне оларға жаңа қаруды үйретуге капитан И.Унковскийді жіберіп, 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыны» ұйымдастырады. Батыстан казак-орыс отрядтары мен қалмақ əскерлері Қазақстанға шабуыл жасайды.
Шығыстан келген жоңғарлар Түркістан қаласына дейінгі жерлерді түгел басып алып, елді азып тоздырды. Ал батыстан баратын орыс əскерлері мен қалмақтар Түркістанға жете алмады. Себебі, сақадай сай Əбілқайыр əскерлері оларды тоқтатып қана қойған жоқ, қырып салды жəне Еділден əрі қарай асырып қуды. Соғыстардың бірінде қалмақ ханы Аюке өлтіріледі (1724).
1723-1724 ж.ж. Əбілқайыр Теке қаласына бірнеше рет шабуылдайды. Осы кезде орыс-казактармен, қалмақтардың тісіне дейін қаруланған отрядтарымен мен қазақ əскері Утва, Самара, Шаған өзендері бойында бірнеше рет бетпе бет келіп шайқасқа түседі, қырғын соғыстар болады. И.Тимофеев, И.Логинов, Никита Бородин бастаған казак-орыс отрядтары көп шығынға ұшырады. Орыстар жағынан 170 адам қаза тапты, көп адам жаралы болды. Көптеген жауынгерлер тұтқынға түсті... Осылай қазақ елінің басына түскен ауыр күндер Ақтабан шұбырындыға ұқсас жағдай Жайық орыс казактары мен қалмақтардың да басына түсті...
1725 ж. екі жақ тұтқындар алмастырады.
Ақтабан шұбырынды кезіндегі Əбілхайырдың осы бір жанкешті қимылы мен іс-əрекеті дер кезінде болды. Батыстан келе жатқан орыс пен қалмақтардың жойқын шабуылын тоқтатпағанда қазақ елі түгелдей орыс басқыншыларының қол астында қалатын еді. Сондықтан Əбілхайыр басқарған Кіші жүз қазақтары Ақтабан шұбырынды апатына ұшырамады. Керісінше күшті жауды уақытында тоқтатып қана қойған жоқ, сондай-ақ оларды талқандап Батыс жақ шекараны қауіпсіздендіріп болған соң Жоңғарларды талқандап, қазақ елін басқыншылардан тазартуға қызу кірісті. (Əбілқайыр мен Бөкенбай батыр басқарып Жоңғарларды талқандаған екі шайқас Елбасының кітабында Абылай атымен берілген. Мұндай жалған мəліметті бергендер ақыр бір күн Елбасына жауап беретіні анық деп ойлаушы едік, алайда олай болмады.).
Орыс-қазақ қатынасы тарихы қазақ халқының ұлт азаттық соғысынан тұрады. Орыс казачьи отрядтарының жауыздығы мен зұлымдығынан жəне оған қазақ, елінің жанкешті, жанталасқан шайқастарынан тұрады... Қазақ елінің орыстарға қарсы жанкешті соғыстары патриотизм мен батырлықтың жəне ерліктің шыңы болғанын бұл күнде мақтанышпен айтудың орнына көз-көрекі жасырып келе жатырмыз... Қазақ елінің ата мекенін қорғаудағы ерліктері мен батырлығы туралы орыс зерттеушілері де көптеп жазды... Мысалы: «...Казахи Младшего жуза... отличались «диким, буйным, резко выраженным характером». В степи казах почти непобедим, говорили о них, а в ручной схватке физическая сила, ловкость владеть холодным оружием и управлять конем дают ему величайший перевес над царскими войсками...» (7) – деп жалпы анықтамасын берген еді.
Әбілқайыр хан бодандыққа мойынсұнған емес
Қазақ-орыс қатынасы тарихындағы трагедияның үлкені Ақтабан шұбырынды оқиғасы болса, ұлт-азаттық соғыстардың жарқын тарихы Əбілхайыр хан бейнесі екенін мойындаймыз. Бұл жағдайды сонау 90-шы жылдар ақырында академик М.Қ. Қозыбаев пен профессор Ж.Қ. Қасымбаев --- Əбілхайыр тарихын қайта қарау керек деп мəселе көтерген еді. Қазақ хандарының еліміз тарихындағы орнын «Ұлт мүддесі үшін ғасырлар бойы күрес жүргізген Əз Жəнібек хан, Керей хан, Қасым хан, Əз Тəуке, Əбілхайыр хан сияқты тұлғалардың дəуір тарихында шоқтығы биік-ақ» (8) деп жазған еді М.Қ. Қозыбаев. Əбілхайыр Ресейге қарсы 48 жыл бойы соғысып қалайша бодан болуға өтініш жазды екен деп күдіктенген Ж.Қасымбаев осы тарихи тұлғаның тарихын қайта қарау керектігін айтқан еді (9). Алайда 2000 жылы Əбілхайырдың тарихи хатының түпнұсқасы оқылғанда төбеден жай түскендей əсер етті. Біз осы уақытқа дейін оның орысша аудармасын пайдаланып келіппіз. Сол орысша аудармасы талай ұрпақты жаңылыстырып келген еді. Ақыры шындықтың түбіне қол жеткіздік. Сол тарихи хатта «бодандық» туралы бір сөз жоқ екенін көріп тарихшылар қатты қуанды (10). Əттең Əбілхайыр хан тарихын қайта қарайтын ғылыми конференция өткіземіз деп жүргенде М.Қозыбаев пен Ж.Қасымбаев қайтыс болып кетті де аяқсыз қалды...
Башқұрттардың алғашқы Ресей патшасына қарсы көтерілісі 1645 жылы басталған еді. Оған дейін көтеріліс әлде қақтығыс бола қойған жоқ. Жалпы башқұрт ағайындар ХҮІ ғасырдың ортасында Ресей құрамына кірген болатын. Ресей патшасы Иван Грозныйдың башқұрттарға берген уәдесі сол аталған 1645 жылға дейін сақталған еді. Ресей басшылары келісім бойынша шартты бұзған соң башқұрттар көтерілісі басталып, оның тарихы 130 жылға созылды (1775 жылға дейін). Еске сала кетейік Батыс Қазақстан тарихында Ресей басқыншыларына қарсы соғыс 300 жылға созылғанын жоғарыда айтқанбыз.
Оларды жіктеп көрсетсек: 1645 жылы жоғарыда айтқанымыздай алғашқы көтеріліс болды. Сол алғашқы қақтығыстан соң башқұрт ағайындардың Ресей патшасына қарсы үлкен көтерілісі 1662-1664 жылдары болды. Одан ары тізіп көрсетсек келесі башқұрттардың үлкен көтерілісі 1681- 1684 жылдары болды.
Ал ХҮІІІ ғасырда башқұрттардың бір емес төрт көтерілісі болды. Олар 1704-1711 жылдары, 1735-1740 жылдардағы көтеріліс үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең: 1735-36 жылдары,
Екінші кезең: 1737- 38 жылдары,
Үшінші кезең: 1739-40 жылдары...
Одан ары үлкен көтеріліс 1755 -1756 жылдары болды.
Ең соңғы көтеріліс 1773- 1775 жылдары болды.
Дәулеталы бабамыздың өмір сүрген кезіндегі Башқұрт көтерілістеріне көз салсақ 1704-1711 жылдары ұзаққа созылған көтеріліс жылдарында Батыс Қазақстан елі башқұрт ағайындарға көп жәрдем бергені тарихи шындық. Әсіресе 1709 жылы Əбілқайырдың 3000 әскермен барып көмектесуіне Дәулеталы бабамыздың тікелей қатысы болғаны анық. Ол кезде ол жетпіс жасқа келіп қалған қадірмен ел ағасы болған...
Осы соғыстардың қанды оқиға болғаны соншалық башқұрт ағайындардың жартысынан көбі қырылған еді... Мұндай ерлікті адамзат тарихында тек Башқұртстан мен Батыс Қазақстан тарихында ғана көреміз... Башқұрт ағайындардың барлық көтерілісіне Кіші жүз қазақтары көптеп көмектесті, бұл оқиға барлық түркі халықтарының тарихында аса мақтанышты жағдай. Әттең осы тарихымыздың алтын беттері бүгінгі ұрпағымызға оқытылмайды.
Ақтабан шұбырынды оқиғасының шындығы неде?
Қазақ елі тарихында және әдебиетінде ең көп айтылған және жазылған «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деп аталатын ел басына үлкен ауыртпалық түскен, аса қиын кезең. Осы бір ел тарихында ұмытылмайтын оқиға туралы көп жазылғанмен біздің халқымыз осы уақытқа дейін нағыз шындықты білмей келіпті. Барлық оқулықтар мен зерттеулерде бірін бірі қайталап, қазақ елінің жалғыз жауы Жоңғар мемлекеті мен қалмақтар болғаны айтылады. «Солардың жойқын шабуылы нәтижесінде қазақ елі әбден титықтап Ресейге бодан болып пана тапты» деп көп айтылғаны соншалық жауыр болғаны рас. Қалмақтар шабуылы айтылады, орыстардың яғни казачьи отрядтарының шабуылы туралы айтылмады. Қалмақтың өзі Ресей құрамындағы ел. І Петр олардың ханы етіп Аюкені тағайындады (1694 жыл). «Жоңғар да солай Ресейдің көмегімен және нұсқауымен, яғни айтағымен қазақ еліне шабуыл жасағаны туралы көрсек те көрмеген, білсек те білмеген болып келгеніміз қалай?» деген заңды сұрақ туады. Әрине оның неше түрлі себептері болған шығар... Ал осынау егемендіктің арқасында қол жеткен жариялылық заманында осы бір ХҮІІІ ғасырдың көп проблемалары ішіндегі «Ақтабан шұбырынды» мәселесі, яғни оның ақиқат тарихы бүгінгі ұрпаққа жетпей жатқанын қалайша түсінуге болады.
Алғаш рет Қазақстан тарихшылары ішінде осы проблема туралы ақиқатын жазған ғалым Мұрат Әбдіров екенін жоғарыда атап өткенбіз. Оның «История казачества Казахстана» атты зерттеуі 1994 жылы жарық көргенде, сонша жылғы қараңғылықты прожектордай тілген болатын. Содан бері қарай Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастың бұрынғы айтылғандай емес екеніне тарихшылардың көзі жете бастады. Қысқаша айтқанда Қазақ мемлекетін әлсіреткен, ыдыратқан, құлатқан Жоңғар мен қалмақ емес, паналатып, қолтығына алды деп жүрген Ресей болып шықты. Содан бері талай зеттеулер жарық көріп жатса да, Қазақстан тарихы оқулығының ешқандай басылымына, осы айтылған және басқа тарихымыздың жаңалықтары кіргізілмегені еліміздің тарихын оқыту әлі күнге дейін тоқырау үстінде екенін көрсетеді.
Осынау қазақ еліне соншама қиянат жасаған, яғни Ресей көп жылдан бергі өзінің жасағаны аз болғандай Шығыстан артиллерияның жаңа қаруларымен жасақтап жоңғарларды айдап салғаны - шын мәнінде атақты патша І Петрдің жоспары екені бұл күнде халыққа белгісіз болса да, тарихшыларға белгісіз емес. Осынша қиянат жасап қырып жіберетіндей қазақ еліне І Петр неге шүйілді. Енді осыған қысқаша шолу жасайық.
І Петр жоңғар шапқыншылығын ұйымдастырушы
Сол Ақтабан шұбырынды катастрофасынан бір жыл бұрын, яғни 1722 жыл І Петрдің Парсы жорығы болғанда, оған Яицкий (1790 жылдан соң Урал- деп аталған) казачьи отрядынан бірде бір солдат көмекке бара алмады. Себебі олар жаяу қалған еді. Көлік аттары мен барлық жылқы табынын Əбілқайырдың жігіттері айдап кеткен болатын. Тек жылқы емес, сонда Əбілқайыр Яицкий қалашығын (қазіргі Орал қаласы, ол кезде қазақтар Теке қаласы деп атаған) басып алуға сәл қалған еді. Сондықтан І Петр «жалғыз Əбілқайырды емес, бүкіл қазақ елін басып алу керек» деп бұйрық берді. Сол үшін барлық артиллерияның жаңа қаруларымен жоңғарларды қаруландырып шығыс жақтан баса-көктеп кіргізіп, батыстан тісіне дейін қаруланған орыс әскерлерін және қалмақтарды қақаған қыс кезінде жапыртып жіберіп қазақ елін қапы қалдырып, тез арада Ресейдің отарына айналдыру керек болды. Шабуыл екі жақтан да қақаған қыста басталғаны рас.
Шығыстан шапқандар І Петрдің жоспарын орындап қазақ елін қырғынға ұшыратып Түркстанға дейін келді. Ал батыстан шапқан орыстар мен қалмақтар жоспарды орындай алмады. Оған кедергі жасаған Əбілқайыр хан болды. Ол орыстар мен қалмақтарды тоқтатып қана қойған жоқ, Еділден асыра қуып, талайын қырып жіберді. Демек қазақ елінің жартысы ғана Ақтабан шұбырындыға ұшырады.
Ақтабан шұбырынды оқиғасы, яғни жоңғар шапқыншылығы қазақ еліне Ресей тарапынан жасалған қиянаттың ең үлкені еді. Осынау біздің халқымыздың тарихындағы аса үлкен қиыншылық тудырған катастрофада екі ірі тарихи тұлға негізгі роль атқарды. Олар І Петр мен Əбілқайыр хан болатын. І Петр туралы көп жазылды, оның өмірі мен қызметі саяси және мемлекет қайраткері ретінде біздің оқырмандарымызға белгілі. Алайда біздің халқымыз әлі күнге дейін Əбілқайырдың шынайы тарихы мен ролін мемлекет қайраткері ретінде толық білмейді. Бұл жағдай әрине біздің тарих ғылымының көп кемшіліктерінің бірі...
Ресейдің кезекті қиянатынан, зұлымдығынан қазақ елін құтқарған Əбілқайыр сынды батыр қолбасшыны осы уақытқа дейін Ақтабан шұбырынды оқиғасындағы ролін айтпақ түгілі, «Ресейге қазақ елін бодан қылды» деп нақақтан айыптап келді. Оның Ресей патшасына 1730 жылы жазған «тарихи хатында» бодандық туралы бір сөз жоқ, онда тек башқұрт халқымен арадағы үзіліп кеткен достықты қайта орнату болатын. Алайда тарихшылар осы уақытқа дейін сол хаттың орысша аудармасын пайдаланып келген... Сондай-ақ Əбілқайыр ешқашан Ресейге бодан болу үшін ант берген жоқ...
1738 жылы Əбілқайыр өмірінде тағы бір ерекше оқиға болды. Оның сол жылы Башқұрт халқының Ресейге қарсы кезекті көтерілісіне көмек көрсеткені болды. Ресей басшылары ұзақ уақыт көп еңбек етіп қазақ пен башқұрт халықтары арасындағы достықты бұзуға көп еңбек сіңіргенін біз жоғарыда айттық. Башқұрттармен достық қатынасты орнату үшін Патша ағзамға хат жазбасаңыз болмайды - дегенге алданып қалған Əбілқайыр 1730 жылы хат жазып еді. Сол хатты осы уақытқа дейін бодан болу үшін жазылған хат деп Ресей басшылары жасырып келгенін жоғарыда көрсеткенбіз. Біз бұл жерде тек Əбілқайырдың 1730 жылға дейінгі, яғни Дәулеталы бабамыз өмір сүрген кезеңдегі тарихына тоқталдық. Одан кейінгі, яғни Дәулеталы батыр дүниеден өткеннен соң 18 жыл ерлікке толы өміріне шолу жасамаймыз...
Осы айтылған нақты тарихи фактілер Əбілқайыр ханның қазақ елін ажалдан құтқарған ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ тарихында бірінші орында тұрған тарихи тұлға екенін көрсетеді. Орысша айтқанда СПАСИТЕЛЬ КАЗАХСКОГО НАРОДА.
«Тарихи хат» және қаһарлы қару қазаққа неге жетпейді?
Қысқасын айтқанда І Петр Ресей мемлекеті басына келген күннен бастап Қазақ мемлекетіне қатты шүйілді, яғни 1725 жылы өлгенінше біздің халқымызға жамандығын аямай жұмсапты. Əбілқайыр Ресейдің ұлы патшасының сағын мықтап сындырды. Енді ол қазақ елін басқаша жолмен бағындыруды көздеді. Оның ойынша қазақ басқа халықтан артық емес. Ресейге бағынған талай халықтар бар, қазақ солардың бірі ғана. Тек Əбілқайыр сияқты жанкешті ұлдары болмаса... Оның көзін құртпай жоспар іске асатын емес І Петр Əбілқайырдың мөрі басылған бір хатты қолға түсіру керек деп ұйғарды.. Сонсоң оның көзін құртуға болады. Сеебебі ел ішінде оның орнын көздеп жүрген бақталас табылады.... Сонымен І Петр Əбілқайырдың қолы қойылып мөрі басылған бір хатты қалай болмасын қолға түсір деп Тевкеловке қатты тапсырды. Ол ондай тапсырманы ауызша да, жазбаша да берген екен. Тевкеловтің қағаздары арасында талай документтер табылды.
Енді тарихи хат жаздыру туралы идея І Петрдікі болғанын дәлелдейтін мына бір документті қарайық. І Петр Астарханға келгенінде Тевкеловке мынандай нұсқау берген: «стараться, ...несмотря на великие издержки, хотя бы до миллиона держать, но токмо, чтоб только одним листом под протекцию Российской империи быть обязались»...(9)
І Петрдің бұл арманы өзі өлген соң 6 жылдан соң орындалғанын білеміз (1731). Бірақ бұл хаттың мазмұны осы уақытқа дейін айтылып келгендей бодан болуға берілген хат емес еді. Башқұрт елімен бұрынғы достықты орнату үшін жазылған хат еді. Алайда осы уақытқа дейін біз оның орысша жалған аудармасын пайдаланып келіп, нақақтан Əбілқайыр сынды тарихи тұлғаны айыптап келіппіз (10) Әрине бұл басқа мақаланың үлесінде. Біздің бұл жерде айтпағымыз осы бір қазақ халқына жасалған кезекті қиянаттың өзі де І Петрден шыққанын еске салып өту негізгі міндеттіміз.
Әрине қазақ еліне қиянат пен қастандықты үйіп төккен Ресей патшасы жалғыз І Петр емес,... басқаларының жасаған жамандықтары да жетерлік. Алайда, солардың бәрінен Ақтабан шұбырынды оқиғасы асып түседі.
Ақтабан шұбырынды оқиғасындағы тарихи тұлғаның бірі И.Унковский. Осы уақытқа дейін Қазақстан тарихының барлық кітаптарында оны дипломат деп жазып, қазақ еліне жасалған қиянаттың негізгі авторлары екені әдейі жасырылып келді.
1722 жылы Жоңғарға дипломат деген бүркеншік атпен барған Иван Унковский – сол кездегі жаңа соғыс техникасы артиллериясының маманы еді. Ол сонда жаңа қаруларды жоңғарларға үйретіп қана қойған жоқ, Қазақ еліне қай уақытта, қай жерде тұтқиылдан шабуыл жасау керектігін үйретті. Қысқасын айтқанда Ақтабан шұбырындының авторы І Петр мен Ресей әскери министрлігі дайындап жіберген Унковский. Ал осынау шығыстан басталған стратегиялық жойқын шабуылды орындаушылар жоңғарлар, ал батыстан келе жатқан қалмақтар мен казачьи отрядтардың жойқын шабуылы енді басталғанда Əбілқайыр оларды тоқтатып қана қойған жоқ, көп адамын шығынға ұшыратып қырып жіберді. Қалмақ ханы Аюке (І Петрдің сүйген құлы) сонда қаза болып еді... Егер Əбілқайыр шұғыл қимыл жасамағанда Ресейдің тісіне дейін қаруландырып отырған Еділ қалмақтары Түркістанға дейін келіп жоңғарлармен қосылатын еді. Демек қазақ жері түгелдей жаудың қол астында қалатын еді...
Мұнда айта кететін жәйіт Қазақ хандығы алғашқы күнінен бастап Еуропаның зеңбірегіне (огнистрельный оружиясына) қолы жетпей шеткері қалды. Бұл әрине Ресейдің ісі екені рас, ал, шығыстан Қытай өткізбеді. Керісінше Қазақ елін қысып тұрған екі империя барлық көмегін Жоңғарға берді. Текке берген жоқ Қазақ елін құрту үшін берді, яғни оларды ашық өлімге айдап салды. Ресейден көп көмек алып тойынған жоңғар хандары бағынбайтындай қылық көрсетіп еді, қытайлар оларды қырып салды/1757/.
Жоңғар әскеріне басшылық етіп қазақ елін қырғызған артиллерия капитаны Иван Унковский 1-2 жылдан соң көз жұмды. Зерттеушілердің ойынша оны қазақ елінің қаны мен қарғысы жібермеді. Дәл сол кезде І Петрдің өлгенін де ұмытпауымыз керек. Осы оқиғалар кездейсоқ жағдай болар ма? Мысалы 1916 жылы қазақ елін қырғынға ұшыратқан Ресей патшасы 5 айдан соң өзі ұшып кетіп еді. Ал 1986 жылы қазақ жастарының қанын жүктеген Кеңес өкіметі 5 жылдан кейін ғана құлап еді... Қазақ елінің басында болған осындай ауыр күндердің ерекше ұқсастықтары бар.
Жоғарыдағы материалдарды сараптай отырып соңғы кездегі ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихы проблемаларын былай деп қорытамыз.
1. Қазақ елінің Ресейге өз еркімен қосылды деген жорамал Маңғыстаудағы Адайлар көтерілісінен соң құрылған комиссияның (1873 жылы., бастығы И.Крафт) шешімімен жоққа шығарылған еді. Тек Əбілхайыр ақталмады.
2. 2000 жылы Тарихи хат қайта оқылған соң ғана Əбілхайыр ақталды...
3. Ақтабан шұбырынды катастрофасының артында кімдер тұрғаны қазір ешкімге құпия болмай қалды. Оның артында Ресей тұрды жəне осы апатты ұйымдастырған І Петрдің өзі. Ал осынау аса үлкен апаттан қазақ елін аман алып шыққан Əбілхайыр хан екені қазақ елінің мақтанышы...
4. Əбілхайыр жазған тарихи хат дұрыс оқылғалы бері бұрынғы түсініктер түгелдей өзгеріп кетті. Сол хаттың жазылу тарихы да орыс патшасы І Петрге байланысты екені қазір ешкімге құпия емес.
Қазақ мемлекетінің қандай ерекшеліктері болды, соған қысқаша тоқталайық. Ең алдымен айтатынымыз Қазақ хандығы – ең демократиялы мемлекет болды. Себебі Хан билігі – шектеулі болды. Ханның өзі сайланбалы болды. Қазақта қырық ру болса, əр рудың басшысы яғни рубасы басқарды. Ол əрине белгілі би болды. Хан ру басылары келісімінсіз ештеңе шеше алмайтын еді. Қорыта айтқанда Хан түгелдей рубасыларына тəуелді болды.
1. Басқару мəселесімен.
2. Əскери мəселемен, себебі ханда əскер болған жоқ. Əскерді рубасылар берді.
3. Экономикалық жағынан – ханға алым салықты да рубасылар берді. Демек Қазақ мемлекетінің ханы түгелдей билер институтіне тəуелді болды.
Осы күнгі Қазақстан Республикасында əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды оқытудың көптеген проблемалары қордаланды. Солардың ішінде Қазақстан тарихының проблемалары өте көп. Осы пəнді оқытуға өкіметіміз көп қаржы бөліп келе жатыр. Алайда осы пəнді оқытудың əзірге проблемасы көбеймесе азайған жоқ...
Егеменді ел болғанымызға 30 жыл толса да, етек жеңімізді жинап еркін өмір сүріп жатсақ та, көптеген академиктеріміз бен докторларымыз болса да, ғылым мен білім саласында көптеген проблемаларымыз бар. Əсіресе гуманитарлық ғылымда, соның ішінде тарих ғылымында көптеген проблемалар қордаланды. Тек ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы тарихымыздың өзінде төмендегідей əлі күнге дейін шешімін таппаған.
І. Қазақ хандығының яғни мемлекетінің басқару жүйесі жəне билер институты. Ел басқару жүйесінің аса демократиялы болуы жəне Хан мен билердің орны мен қызметі осы уақытқа дейін студенттер мен мектеп оқушыларына арналған оұулықтарда көрсетілмеді.
ІІ. Қазақ-қырғыз қатынастары (қырғыздар қазақ мемлекетінің құрамында 150 жылдан аса уақыт болды. Ержүрек қолбасшы, батыр Есім хан оларды Көкем би арқылы, Тəуке хан Тиес би арқылы биледі).
ІІІ. Орыс-қазақ қатынастары – негізінен қырғын соғыстардан, яғни қазақ елінің ұлт-азаттық соғыстарынан тұрады. Оларды қысқаша былай жіктеуге болады:
1. ХVІ ғасырдың ақырында басталған қазақ орыс қатынасы. Қазақстанның солтүстік шегараларына құрылған Ресейдің тісіне дейін қаруланған казачьи войскаларының шабуылдары.
2. Қазақ-жоңғар қатынастары Жоңғар шапқыншылығының басталуы. Ақтабан шұбырынды оқиғасының алғы шарттары.
3. Ақтабан шұбырынды оқиғасының ақиқат тарихы
4. Қазақ орыс қатынасы жəне І Петрдің ақтабан шұбырынды оқиғасына тікелей қатысы ж.б.
5. Қазақ елін ажалдан құтқарған тарихи тұлға Əбілхайыр т.б.
6. Əбілхайырдың тарихи хатының дəл аудармасы мен мазмұны...
7. Қазақ-башқұрт қатынастары...
Қазақ-башқұрт халықтарының туысқандық қатынасын бұзу үшін Ресей империясы көп жұмыс жасады. Башқұрт ауылдарына орыс казачьи отрядтары түнде шабуыл жасап, қазақ ұрандарын айтып айғайлап, неше түрлі айғақтар қалдырып отырған. Қазақ ауылдарына дәл солай шабуылдар жасап, башқұрттардың айғақтарын қалдырып отырған... Екі халықты осылай жауластырып Ресей басшылары көп ұпай жинады... Осы тарихи жағдайды пайдаланып Əбілқайырға Ресей патшасына хат жаздырды. (Жоғарыда көрсеттік). Ал сол орыс тіліне жалған хатты аударып осы күнге дейін Əбілқайыр бодандық сұрады деп бізді ғана емес дүние жүзін алдап келді.
Дәулеталы бабамыз дүниден өткен соң 7-8 жылдан соң башқұрт қазақ қатынасы тарихына қатысты мынадай оқиға болды:
Міне сол 1738 жылы Ресей басшылары башқұрт көтерілісін басу үшін қазақтарды айдап салып бір оқпен екі қоянды атып алмақшы болды. 1738 жылдың ақпанында генерал Татищев Əбілқайырға хат жолдап – Башқұрттардан қазақтар кек алуына жақсы жағдай туды. Әрбір башқұрттың басын әкелген қазақ жігітіне 60-100 рубль ақша беремін – деп хабарлады. Сонда Əбілқайыр ақшаға қызыққан бірде бір қазақты жібермеді. Себебі Татищев ұсынған ақшаның көптігі сонша 60 сомға ол кезде 12 жақсы ат, әлде 20 жақсы сиыр алуға болатын еді. Керісінше Əбілқайыр бұрынғыдай башқұрттарға көмектескен. Алайда осынау тарихи оқиғаны Ресей тарихшылары әдейі бұрмалап айтып және жазып келе жатыр. Әрине мұның бәрі Əбілқайырдың тарихтағы ролін мұқату үшін жасалған кезекті қиянаттың бірі.
Ш.Уәлиханов осы оқиғалардан бір ғасыр кейін өмір сүрсе де, қазақ-башқұрт қатынасы тарихына көп көңіл бөлді. Сол ХІХ ғасырдың өзінде Ресей басшыларының қазақ пен башқұртты татуластыруға ешуақытта болдырмау керек деген құпия құжаттарды жинаған еді...
Шоқан жинаған және бір документте қазақтар мен башқұрттардың қайтадан мәмілеге келіп достасып кетуінен қауіптенген Ресей үкіметі Верхне-Иртыш крепостының секунд-майоры Нелюбовқа «…чтобы киргиз кайсаки, с башкирами не помирились…» деп қатаң ескертпесі сақталған (Валиханов Ч. Ч. том 3. А. 1964. С. 267-268 беттер.)
Қорыта айтқанда сол бір заманда яғни Дәулеталы бабамыз өмір сүрген ерлікке толы заман тарихына қысқаша шолу жасадық.
Дәулеталы бабамыздың ұрпақтары биылғы жылы май айының 7-8 күндері осынау халық батырының 380 жылдық мерейтойын кең көлемде тойлағалы жатыр. Шын жүректен құтты болсын деп алғыс айтамыз...