Сыбырлағанды да естіртетін ақылды аппараттар мен мамандар тек «Неміс есту орталығында» ғана бар

Сыбырлағанды да  естіртетін ақылды аппараттар мен мамандар тек «Неміс есту орталығында» ғана бар

Өзбекстаннан келген құрдасым бар болатын. Сол құрдас «келіншектің» (жасы 73-те) құлағы қағыс еститін болып қалыпты. Айқайлап сөйлеймін деп дауысым қарлықты. Одан кейін көптен бері кездеспегенмін. Бір қонақта кездесіп қалғанда әдеттегіше айқай сүрен сала сөйледім.

− Неменеге айқайлайсың? Мен естімейтіндей керең емеспін ғой! − деп ол кейіп тастады.

− Кешір, құрдас. Сен... сен... дұрыс естімейтін едің... – деп мен күмілжіп қалдым. Ол жымиып күлді.

− Бар болғырлар, маған есту аппаратын салып берді. Енді сыбырлағанды да естимін, − деп ол мәз. 

Шынында да құрдасым тамаша еститін болыпты. Осындай есту аппараттарын салса да дұрыс ести алмай жүрген талай кісілерді көрдім. Төлемдері жарты миллионнан кем емес. Ал шуыл, басқа қырылдаған дыбыстар қабаттасып, олардың әуре-сарсаңға түсіп жүргендерін көргенде ызаланатынмын. Содан күндердің күнінде ауылдан Райхан әпкем келді. Құлағы дұрыс естімейді. Әлгі құрдасымның емделген орталығы есіме түсіп, әпкемді жетектеп сонда тарттым.

Ол орталықтың аты «Неміс есту орталығы» деп аталады екен. «Е-е, немістердің орталығы екен. Әлбетте, олар сондай ұқыпты халық қой. Яғни біздерге немістер қызмет жасайтын болар» деген ойға келдім. Жо-жоқ, кіргеннен соң бірде-бір немісті кездестірмедік. Ұжымның дені қазақ. Бастығы да қазақ келіншегі. Бізді орталық қызметкерлері жік-жаппар болып қарсы алды. Мен журналистік әдетімше орталықтың басшылығымен кездесіп, сұхбат алуды шештім. Бастығы қарапайым, кішіпейіл келіншек екен. Есімі – Несібелі Нүсіпбекова Есейқызы. Мамандығы – дәрігер. 1992 жылы Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медициналық университетті бітірген. 2009 жылға дейін үздіксіз перзентханада жұмыс істеген.

− Күйеуім Арман Өтеғұлов та кардиолог дәрігер. Екеуміз ақылдасып, осындай орталық ашсақ деген байламға келдік. Оған түрткі болған – Германиядағы әріптестер. Солармен бірлесіп, неміс ағайындармен 2009 жылы орталық аштық. Олар Симекс атты аппараттармен қамтамасыз етті. Қазір соңғы үлгісі Сигния деп аталады.

− Аппараттардың мүлтіксіз жұмыс істеуінің сыры неде?

− Жақсы лор мамандардың арнасы деп білемін. Біз оларды жан-жақтан тауып, таңдай білдік.

− Аттарын айтуға бола ма?

− Неге болмасын, Кантаурова Татьяна, Күзенбаева Айна. Бұл маманымыз Орынбордағы медициналық академияны бітірген. Санкт-Петербургта ординатурада оқыған.

− Тағы қандай мамандар бар?

− Белостоцкая Евгения, Федоренко Дарья.

− Ұжымыңызда қанша адам жұмыс істейді?

− Алғашында жиырма, қазір отыздан аса адам жұмыс істейді.

− Басқа облыстарда да филиалдарыңыз жұмыс істей ма?

− Астанада Раушан Ибрагимова, Әсел Рүстембекова, Шымкентте Ақжарқын Тайтемірова басқарған филиалдар бар. Қалған жерлерде серіктестеріміз жұмыс істейді.

− Шетелде мамандарыңыз бар ма?

− Тедди Галагата (Teddy Galagata) деген білгір маманымыз бар. Сол кісімен ақылдасып отырамыз.

− Қанша аппарат үлгілері жұмыс істейді? Оларды қалай іске қосасыздар?

− 300-ден аса түрлері жұмыс істейді. Біздің басты мақсатымыз – аппараттар, өзіңіз айтпақшы, мүлтіксіз, шусыз істеуі тиіс. Әрбір құлақтың өзіндік өлшемі болады. Соған қарап аппараттарды таңдаймыз.

− Тұтынушылар келіп тексеріліп отыруы керек пе?

− Жақын жерде тұрғандарға жиі келіп тұруына, ал алыста тұрғандар 6 айда, тіпті 1 жылда келуіне болады. Егер аппараттар істемей қалса немесе мәселе туындаса, дереу жөндеп, ауыстырып береміз.

− Басқа да қандай ерекшеліктеріңіз бар?

− Мысалға, шулы жерлерде біздің аппараттарымыз оны басып, дауыстың айқындығын жоғалтпайды. Олардың жиіліктерін жөндеп береміз. Негізі ақылды есту аппараттарымыз төңіректегі жағдайға байланысты қызмет жасайды. Телефонмен сөйлескенде де аппараттар автоматты түрде қосыла алады.

− Бұл аппараттар қуатты қайдан алады?

− Қуат беруші батарейкалар алты айға дейін жұмыс істейді. Тоқпен қуат алушы аппараттар да  бар. Аккумулятордың істеу мерзімі – 5 жыл.

− Осы күнге дейін қанша тұтынушыны қуанттыңыздар?

− Жақында есептеп көргенбіз. 30 мыңдай тұтынушыны қуантыппыз.

− Техникалық қызметкерлерден бөле-жара айтатындарыңыз бар ма?

− Иә, айтпақшы, аппараттарды жөндеуші Әсет Қыдырғалиұлын ерекшелеп айтуға болады. Оны Қазақстанда №1 маман ретінде бағалауға болады.

− Сұхбатыңызға рақмет. Жұмыстарыңызда әрдайым абыройлы болып, тұтынушыларыңызды қуанта беріңіздер!

***

Ауылға осы жерден аппарат салдырған әпкеме қоңырау шалдым. Бұрын кейде алса, кейде алмайтын. Лезде телефонын көтерді.

− Қалай, Райхан әпке, мені естіп тұрсыз ба? – деп мен жай ғана үн қаттым.

− Естігенде қандай! Сыбырлағанды да еститін болдым. Дәрігерлерге рақмет! – деді ол кісі. Әпкем қуанып тұр. Шіркін, адамдардың қуанғанына ештеңе жетпейді ғой!

Сұхбаттасқан – 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ   

26.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 30
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 87
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 31
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 30

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23719
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41199
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37123
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41384