Татар тілі үшін жанталас жүріп жатыр

Татар тілі үшін  жанталас жүріп жатыр

Жақында татаринформ сайтында Дүниежүзілік татар жастары форумы ұйымдастырып жатқан «Мен татарша сөйлеймін» акциясы жайлы байқау жарияланғандығы туралы хабар таралды. Онда 26 сәуірде «Мен татарша сөйлеймін!» науқаны бойынша сахнасында өнер көрсеткісі келетіндер үшін тірі музыка байқауына қатысуға шақырып, өтінімдердің 5 сәуірге дейін қабылданатындығы айтылған екен.

«Сізге тірі аспаптарда, минусовкамен немесе акапелламен жазған әніңізді жазып, бейнеге түсіру қажет. Кәсіби камера ма, әлде телефон камерасы ма, маңызды емес. Орындаушылар саны шектелмейді. Татар классикалық ақындарының шығармаларынан мәтін алуға рұқсат етіледі (және ұсынылады). Жазбада толық ән болуы керек, үзінділер қабылданбайды. Клиптер байқауға қатыса алмайды», – дейді Дүниежүзілік татар жастары форумының баспасөз қызметі.

Бұл сырттай қараған адамға жай ғана бір науқандық шаралардың бірі болуы мүмкін. Алайда оның мақсаты – татар тілін насихаттауға, қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жанталастың бір көрінісі еді. Себебі татар тілінің жағдайы жылдан-жылға қиындап бара жатыр. Татарстан Республикасының Ата Заңында татар тілі орыс тілімен бірге қолданылады деп жазылған. Яғни ресми мәртебесі бар тіл. Өкінішке қарай, бұл қағаз жүзінде ғана қалып отырған жайы бар. Ресейде таяу жылдары «ұлттық тілдерді мәжбүрлеп оқытуға болмайды» деген саясат қолға алына бастағалы татар тілі ең алдымен мектептерден кері ысырыла бастады. Бұрын мектептерде «міндетті оқытылатын пән» ретінде аптасына 5-6 сағатқа дейін оқытылып келген болса, 2017 жылдан бері «міндетті пән» мәртебесінен айырылып, тек ата-аналардың өтінішімен ғана оқытылатын пән болып белгіленді. Сөйтіп аптасына 2-3 сағат қана оқытылатын болды. Оның жағдайына Мәскеу тарапынан осындай «қамқорлық» көрсетіліп отырғандықтан, мектеп бітіруші түлектерге де міндет болып саналмайтын болды. Осылайша Татарстанда барлық мектептер орыс тіліне біржолата көшіп тынды. Қазіргі күнде татар тілі тек кейбір мәдени іс-шараларда, ауылдық жерлерде этникалық орталарда қолданылатын деңгейге түсіп қалды. Татар тілді телеарналар, радио мен мерзімді басылымдар әлі де өмір сүріп жатқанына қарамастан, олардың аудиториясы уақыт озған сайын тарылып бара жатыр.

Татарстан Ресей федерациясы құрамындағы ел болғандықтан, оның егемендігі БҰҰ жағынан толық мойындалмаған. Сондықтан да Түркі елдері ұйымы мен Түрік Кеңесі сынды халықаралық ұйымдарға мүше болып кіре алмай отыр. Түркі әлемімен дербес қарым-қатынас жасауға, өз алдарына дипломатиялық байланыстар орнатуға олардың құзыреті жете бермейді.

Ресей үкіметі осыдан бірнеше жыл бұрын Татарстан басшылығына қатысты «Президент» атауын «Райыс» деп өзгерткен болатын. Кейбір саясаткерлер Кремль осындай «майда-шүйде» өзгерістерді біртіндеп енгізе отырып, ең соңында Татарстан Конституциясында қарастырылған «қалаған уақытында бөлініп шығуына болады» деген баптарды біржолата алып тастауды көздейді деп күдік келтірген еді.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
26.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 30
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 87
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 31
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 30

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23719
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41199
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37123
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41384