ОТЫРАРДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

 ОТЫРАРДА  ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ
Отырар ауданы, Қоғам ауыл округіне қарасты Талапты ауылында заманауи медициналық нысан ел игілігіне берілді. Медициналық нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиева қатысып, тұрғындарды құттықтады.
Салтанатты шарада ауыл қариясы Сыздық Одаманов ауыл тұрғындары атынан шынайы алғысын айтып, ақ батасын берді.
Жалпы Талапты ауылындағы бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бюджет есебінен салынған. Дәрігерлік амбулатория стоматология, зертханалық аппараттар, ЭКГ және гинекологиялық орындықтармен қамтамасыз етілген. Аталған нысанда 1 дәрігер, 3 медбике, 1 акушер, 4 кіші қызметкер жұмыс істейді.
Айта кетейік, Қоғам ауыл округіне қарасты Талапты ауылында 1350-ге жуық халық тұрады. Аталған елді мекеннен медициналық нысан салу ауыл тұрғындары үшін көптен бері көкейде жүрген мәселенің бірі болатын. Бұған дейін аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың ауыл тұрғындарымен кездесуінде көтерілген бұл мәселе бүгінде оң шешімін тауып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
26.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1167
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7215
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11079
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7279
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7426