Нұр-Сұлтан қаласындада «ARTSPOR TEDU» мемлекеттік реформасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында пара-каратэден қалалық чемпионаты өтті. Чемпионаттың салтанатты ашылуынан кейін ересек және жас спортшылар өнер көрсетті.
– Бұрын мұндай жарыстар тек денсаулығы жақсы балалар арасында өткізілетін. Қазір мүгедек балалар арасында да жиі өтеді. Жарысқа 60-қа жуық спортшы қатысты, – дейді Пара-каратэ федерациясының президенті Мейрамгүл Дукуева.
Жарысты ҚР Пара-каратэ федерациясы, Нұр-Сұлтан қаласының WKF каратэ-до және дәстүрлі жауынгерлік өнер Федерациясы және №91 мектеп-гимназиясы ұйымдастырды. Жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Турнирге мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Бұл пара-каратэ чемпионаты мемлекеттік реформасы аясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
– «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұқаралық спорт, дене шынықтыру және балалар басымдыққа ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысы балалар мен жасөспірімдердің спорттық әлеуетін қолдаудың жаңа институтын енгізуді тапсырды. Осыған байланысты Президент Жолдауын қолдау мақсатында балалар, жастар және мүгедектіктің барлық түрлері бар ересектер қатысқан чемпионат ұйымдастырылды. Бұл мүгедектер арбасына таңылған, көрмейтін, саңырау мылқау, ақыл-ойы бұзылған және аутизм ауруы бар балалар. Чемпионаттың басты мақсаты – елордада осы спорт түрінің танымалдылығын арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы чемпионатына қатысатын мықты спортшыларды анықтау», – деді спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.
Аталған чемпионат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Қазір елімізде Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жылға дейін әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бұқаралық спорт және жасөспірімдер арасында дене шынықтыруды дамытумен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектердің де спортпен шұғылдануына көптеген мүмкіндіктер ашып отыр. Қалада спорт алаңдары, спорт кешендері салынып, тұрғындардың спортпен еркін айналысуына зор мүмкіндіктер жасалған. Қаланың барлық балалары Нұр-Сұлтан қаласында «ARTSPORTEDU» мемлекеттік бағдарламасы аясында №10, 37 және 91 мектептердің секциялары мен үйірмелерде қаржыландыру бойынша жаттығады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған жасөспірімдер спорт мектебінде де білім алып жатыр.