Педофилдерге қатаң заң, қатаң жаза!

Педофилдерге қатаң заң,   қатаң жаза!

«Жылаған аналардың зары сай-сүйегіңді сырқыратады. Жас қыздың адам аузымен айтуға келмейтін айуандықпен мезгілсіз қаза табуы кеудеңе өксік тығады» деп ащы мақала жазған белгілі жазушы Қанат Әбілқайыр осы мәселе бойынша Президент Қ.Тоқаевқа 7 өткір сұрақ қояды. 

Иә, Жетісу облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылындағы сұмдық оқиға бүкіл республиканы дүр сілкіндірді. Айуандықпен жасалған оқиғаның бүге-шігесі ғаламторда жазылды, Қанат Әбілқайырдың хаты да кеңінен талқыланды. Расында да педофилдер көбейіп барады. Қазақ халқында бұрын-соңды болмаған бұл зұлымдардың қазір көбейіп кеткені неліктен? Себеп-салдары айтылып, олар неге ауыздықталмайды? Заң әлсіз бе, әлде заң орындары бұған немқұрайлы қарап отыр ма? Президенттің өзі «Ондай қылмыскерлер барынша қатал жазаға лайық, оларға рақымшылық болмауы керек» деп кесіп айтты. Бірақ ол үкім заң жүзіне аспай тұр. 14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы қамау жазасы көзделгенмен, әзірге ол әлі жүзеге асқан жоқ.

Статистикаға сүйенсек, елімізде 2000-дай педофил бар. Өткен жылы 50 педофил бостандыққа шыққан. Қазір күн сайын балаларды зорлау деректері көрініс беретіні дәлелденді. Халық үрейлі. Педофил қазақша айтқанда жынды адам. Ол да кезінде бала болған. Әлде тәрбиеміз дұрыс болмады ма, әлде қоғам әсер етті ме оған?

Педофил неғұрлым қараусыз, назардан тыс қалған балаларды аңдиды. Әрине, бұған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымыздың нашарлығы да әсер етеді. Ата-ана жұмыста болады. Мысалға, Құралай дәмханада (Шолақайдағы) жұмыс істепті. Ал біз мейрамханаларда, дәмханаларда жұмыс істеп жүрген 14-15 жастағы балаларды жиі көреміз. Арзан жұмыс қолы. Күнкөріс. Сабақтан соң барып, бір-екі мыңға жалданады. 

Жазушы Қанат Әбілқайырдың 7 ескертуі өте орынды айтылған. Сарапшылар да мұндай зұлымдықтарды тоқтатудың талай жолдарын айтып жүр. Әзірге ол айтылғандар ескерілмей тұр. Мысалға, жәбірленуші балалардың мұндайға өз еркімен барды деген сылтауымен педофилдердің қылмысы жеңілдетіледі екен. Ақша берді ме, қорқытты ма, ол жағы белгісіз. Мұндай жеңілдік жасалмауы тиіс! Бір қорқыныштысы зорланған әрбір екінші жасөспірім суицид жасауға әрекеттенеді. Неге? Бұл да зерттелуі тиіс.

Сонымен, елімізде етек жайған зұлымдықтарды қалай тоқтатамыз? Көптеген мемлекеттерде педофилдерге хирургиялық кастрация жасалады. Бұл, біздіңше, піштіру әдісі. Бәлкім осылай жасаған дұрыс болар. Тағы да елімізде мынадай әрекеттер жасалып жатыр. Жыл басында 330 педофилге электронды білезік тағуға бюджеттен 356 млн теңге бөлініпті. 2021 жылы 80 адамға білезік тағылған. Бірақ... Бірақ... Қылмыс өршімесе, бәсеңдер емес. Бұл мәселені Президентіміз өзі қолға алып, заңды қатайту керек. Тез, тез! Әйтпесе жылаған ата-аналар мен жәбірленуші балаларымыздың зары жалғаса бермек. 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ЭКОБАЗАРДАҒЫ» ЖӘРМЕҢКЕДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК АРЗАН БАҒАДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.09.2022 16
ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі - 27.09.2022 14
ТҮРКІСТАНДА «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 27.09.2022 12
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТАРИХИ ТҮРКІСТАН» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.09.2022 12
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАРЫ 800 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі - 27.09.2022 11
Күн тәртібінде келелі мәселелер қаралды
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 27.09.2022 11

Топ жаңалықтар

1
Қобда ауданының 850-ден астам тұрғыны «Ауыл аманаты» жобасына қатысады
Show more
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2022-09-25 189
2
Ойылдықтар Ұлы Жібек жолының бойында «Көкжар» жәрмеңкесінің 155 жылдығын атап өтті
Show more
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2022-09-25 178
3
Ақтөбелік жастар жаппай сенбілікке шықты
Show more
Ақтөбе облысының баспасөз қызметі - 2022-09-25 184
4
Ертең Заречный тұрғын алабындағы Елек өзені үстінен өтетін көпір ашылады
Show more
Ақтөбе облысының баспасөз қызметі - 2022-09-24 197
5
Ақтөбелік команда «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінде үшінші кезеңнің нәтижесі бойынша көш басындағы үштікке кірді
Show more
Ақтөбе облысының баспасөз қызметі - 2022-09-24 230