Қала әкімі қауіпсіздікті қадағалауды тапсырды

Қала әкімі қауіпсіздікті  қадағалауды тапсырды

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков облыс орталығындағы мектеп директорларымен кездесіп, оларға оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты міндеттер жүктеді.

Бұл туралы Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады. Атап өткендей, кездесуде шаһар басшысы білім ұяларындағы санитарлық талаптардың сақталуы мен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне назар аударды. 

Бүгінде мектептерде бейнебақылау жүйесі, дабыл түймелері қойылып, ішкі істер органына байланыстырылған. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамсыз етуде мамандандырылған күзет қызметі іске кіріскен. Қазіргі уақытта 38 мектептің қауіпсіздігін қадағалау мамандандырылған күзет агенттіктеріне тапсырылып отыр. Қалған мектептер бойынша конкурстық рәсімдер жалғасуда. 

Қала әкімі Абат Абайұлы бейнебақылау жүйелерінің жұмыс жасауы, мектеп аумағын бақылауда ұстау сынды күнделікті жұмыстарды мектеп басшылары қадағалап отыруы тиістігін ескертті. Сондай-ақ жиында шәкірттердің жолда жүру қауіпсіздігі қозғалды. Күзгі және қысқы мезгілдерде қараңғылық ерте түсетіндіктен, бұл мәселе де алаңдаушылық тудырады. Бүгінде білім ұйымдары аумақтарында жол белгілері қойылып, жарықтандырылды. Осы ретте оқушылардың сыртқы киімдерінде, сөмкелерінде жарыққа шағыласатын белгілердің болуына назар аударылуы қажет. Бұл мәселеде ата-аналармен жұмыс істеу тапсырылды.

Жиында білім ұйымдарына жылудың берілуі, мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуына қатысты мәселелер қозғалып, білім сапасын көтерудегі міндеттер бойынша жұмыстарды жетілдіру жайы да айтылды.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 28
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1016
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7063
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10911
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7132
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7274