Қарағанды облысында қанша жаңа мектеп пайда болады

Қарағанды облысында қанша жаңа мектеп пайда болады

Қарағанды облысында үш жыл ішінде он тоғыз жаңа мектеп салынады. Екі жаңа жоба биыл пайдалануға беріледі. Осы жылға жоспар – апатты мектептердің орнына екі мектептің құрылысына кірісу және 142 білім беру нысанын жөндеу.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысындағы білім беру саласының дамуы туралы айтып берді.

– 1–4 сынып аралығында балалар тегін ыстық тамақпен қамтылған. Барлық білім беру ұйымдарында дабыл түймелері мен құлақтандыру жүйелері орнатылған, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. – 500-ден астам оқушысы бар мектептерде мамандандырылған күзет енгізілген және турникеттер орнатылған. Барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесін заңнаманың талап етілетін нормаларына сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Балаларды, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды спортқа тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Мысалы, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзуден 10 жаттықтырушы аутистік спектрдің аурулары мен ментальді бұзылыстары бар балалармен сабақ өткізу үшін оқытудан өтті. 80-нен астам бала қамтылды. Жаңа оқу жылынан бастап Қарағандыда аутизмі бар балаларды қолдау орталығы өз жұмысын бастайды.

Балалар жылы аясында облыс орталығында «Баршаға арналған өнер» жобасы жұмыс істейді, ол мектеп оқушылары мен студенттерге театрларға, концерт залдары мен мұражайларға тегін кіруге мүмкіндік берді.

 

                                                                                                                                     

Жомарт Шаймұрат
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 140
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 147
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 426
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 828

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18332
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18194
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33381
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31932
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35689