Қашықтықтан тал еккің келсе – Bir Tal ал!

Қашықтықтан тал еккің келсе – Bir Tal ал!

«Бір тал кессең, он тал ек!» деген қазақы қағиданы білеміз. Ал қашықтықтан тал егу дегенді естігеніңіз бар ма? «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері тал егуге халықты көбірек жұмылдыру мақсатымен «Bir Tal» криптомонетасын ойлап шығарды. Блокчейн технологиясының көмегімен ендігі жерде кез келген адам қашықтықтан тал егіп, еліміздің экологиясын жақсартуға өз үлесін қоса алады. Белсенділігімен танылған қоғамдық ұйымның «Қазақстанда 19 млн. тал егеміз!» деген экологиялық бастамасына бұқара да, билік те бірден назар аударды. Осы орайда күн сайын біздің өмірімізге дендеп еніп келе жатқан блокчейн технологиясын түйткілді экологиялық мәселелерді шешуге пайдаланған қаржы саласының білікті маманы«Байтақ - Болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры Ерғали Кенжебаевпен арнайы сұхбаттасқан едік. 

Bir Tal-ды қалай ойлап таптық?

- Ерғали Қосыбайұлы, қашықтықтан тал егу деген идея басыңызға қалай келді? Осы идеяны қалай жүзеге асырдыңыздарBir Tal деген атауды «Бір тал кессең, он тал ек» деген мақалдан алдыңыз ба? Әңгімемізді осыдан бастасақ.

- «Бір тал» деген идеяның авторы - «Байтақ - Болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Азаматхан Әміртай«Бір тал» деген атауды содан алып, Bir Tal криптомонетасын ойлап шығардық. Тамашаидеяны криптомонетамен ұштастыру көп еңбекті талап етті. Бұл жерде ойымызды криптоиндустрия саласының, соның ішінде блокчейн технологиясының көмегімен іске асырдық. Бұл технология 5-ші буындағы Relictum Pro деп аталады. Бір қуанарлығы, Relictum Pro әр адамға өзінің криптомонетасын шығаруға мүмкіндік берді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, озық технологияны экология саласына қолдандық. Bir Tal осылай пайда болды. Криптомонетаның эмиссиясы – 19 млн. Bir Tal монетаның құны – 1000 теңге (2 АҚШ доллары)тұрады. Бұл баға ешқашан өзгермейді (қаржының тілімен айтсақ, stability). Блокчейн технологиясын қаржы саласында ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, көлік (логистика) сияқты кез келген салаларда қолдануға болады. Мәселен, әділ, ашық сайлау өткізуге осы технологияны қолданатын әлемдік тәжірибе бар. Өз басым блокчейнді экологияға, соның ішінде тал егуге қолданғанымды мақтаныш көремін. Өйткені, мұндай игілікті істі Қазақстанда ғана емес, әлемде бірінші болып жүзеге асырдық. 

- Ақша аудару, цифрлық валюта дегенде бірден банк ойымызға оралады. Жаңашыл бастамаңыздың банк жүйесімен, әділет, салық органдарымен қандай байланысы бар? Мұндайда заңды түрде тіркеліп, рұқсат алу керек пе?

- Жоғарыда Сіздің қойған сұрақтарыңыз халықты ойландыратыны рас. Қазіргі кезде әлемде блокчейн технологиясына ерекше назар аударып отырған елдер көбейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 30 маусымда өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің отырысында блокчейн технологиясын пайдалану және енгізудің келешегіне назар аударғаны мәлім. «Аталған бағыт – қаржы жүйесінің болашағына деген «футуристік» көзқарас қана емес, сондай-ақ жүзеге асыруға болатын жоба. Көптеген мемлекеттер өздерінің цифрлық валюталарын іс жүзінде сынақтан өткізуге кірісіп те кетті. Олардың қызметтері үшін экожүйе әзірленіп, құрылып жатыр. Біз қаржылық институттарымызды жаңа жағдайларға бейімдеуге дайын болуымыз керек» деді Президент сол отырыста. Мінеки, біз, «Байтақ - Болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері Президенттің сол үндеуін қолдауды жаңа технологияны өз өміріміздің бір саласына, соның ішінде тал егу деген сауапты да пайдалы істен бастадық. Фискалдық жүйеде орталықтандырылмаған қаражат (орысшасы – децентрализованный финанс, ағылшыншасы – defi) деген сөз тіркесі бар. Ұлттық банк жуырда ұлттық ақшамызды цифрлық теңгеге ауыстыру туралы ресми мәлімдеме жасап, ақпарат таратты. Сол мәлімдемеде «орталықтандырылмаған ақшаны жеке бақылауға аламыз» деген жерлері бар. Демек, орталықтандырылмаған ақша бар деген сөз. Яғни, біз қашықтықтан тал егуде осы defфункциясын қолданамыз. Bir Tal криптомонетамыз блокчейнде жұмыс істейтіндіктен оны әділет басқармасына, салық органына тіркеудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Тіпті, біз банк жүйесінен алшақтай береміз. 

Әр адамның талы егіледі

- Ереке, қазір жұрт криптовалюта, криптомонета, блокчейн, биткоин деген сөздерді естігенімен, толық түсіне бермейді. Сіздер интернеттен BirTal.kz сайтын ашып, барлық қазақстандықтарды тал егуге шақырып отырсыздар. Relictum Pro блокчейн платформасында криптомонета сатып алып, қашықтықтан тал егуге болады дегенді қарапайым тілмен түсіндіріп беріңізші. 

- Иә, кез келген адамның криптовалюта, криптомонета дегенді естігенде бірден шошитыны рас.  «Қаржылық пирамидаға кіріп кетеміз», «биткоин – байлардың ермегі» деген пікірдегі жандар да бар. Меніңше, мұндай күдікті ойлардан арылып, криптоиндустрияға көшетін кезіміз келді. Сол себептен, криптоиндустрияны өзімізгежақындата беруіміз керек. Енді «Bir Tal.kz» атты сайтымыз қалай жұмыс істейді дегенді түсіндірейін. Интернеттен ағылшын тілінде Bir Tal.kz деп іздесе, сайт ашылады. Сол жерден «тал егу», «нұсқау» деген жазулар шығады. «Тал егуді» бассаңыз өтініш формасы (аты-жөніңізді, ЖСН-ін, ұялы тел. нөмірін, еmail-ды жазасыз) көрсетіледі, соны толтырып, 1000 теңгеге Bir Tal монетасын сатып аласыз. Монета сатып алған адам сол жерден біздің шотымызды көреді. Егер 1 тал емес, 101 таля болмаса 1001 тал сатып алатын болсаңыз, ақшаны экологиялық альянстың шотына аударасыз. Ақшаңызды каспиголдпен жібересіз бе, кез келген банктің карточкасынан аударасыз ба, өз еркіңіз. Осылайша, еліміздегі 19 млн. халық бір-бір талдан сатып алса, 19 млн. тал егуге болады. Ешқандай да бюджеттің ақшасын пайдаланбай, елімізді жасыл-желекке айналдыра аламыз. Bir Tal.kz сайтының жалғыз ғана мақсаты – мағлұмат беру. Таратып айтсам, блокчейн деген не?, 5-ші буындағы Relictum Pro технологиясы деген не?, осы салада әлемде қандай жаңалықтар болып жатыр деген ақпараттар береміз. Сайтымыздың тағы бір мақсаты – экология жанашырларын бір жерге топтастыру. Сайтқа кірген адам телеграм-чатымыздың жұлдызшасын көреді. Жұлдызшаны үстінен басып, чатқа кіреді. Телеграм-чатымыз – бұл бір үлкен отбасы деуге болады. Яғни, бір тал сатып алып, тал еккен әр адам осы отбасының мүшесі болады деген сөз. 

- Қазақстанның бір қаласында тұратын адам екінші бір қаладан тал еккісі келіп, сайт арқылы монета сатып алды делік. Сонда оның бір талы офлайн егіле ме, әлде, онлайн егіле ме? Оны кім егеді?

«Байтақ - Болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыс және аудан орталықтарында, үлкен қалаларда филиал басшылары бар. Екіншіден, қазір кеңінен етек жайған блокчейн технологиясын қолдайтын қауымдастық та белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мысалы, Павлодарда тұратын бір азамат елордада тал еккісі келсе, біз оны өз филиалымыз арқылы жүзеге асырамыз. Әр адамның талы шын егіледі. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласындағы төрт ауданның әкімдіктеріне ынтымақтастық туралы меморандумға отыруға ұсыныс жасадық. Сарыарқа ауданы әкімінің ұсынысымызды қолдаған жауабын алдық. Қалған аудандардан да жауап күтіп отырмыз. Меморандумға тараптар қол қойғаннан кейін, өзіне міндеттеме алады. Әкімдіктер жер бөлу, шұңқыр қазу, талдарды әкелу сияқты жұмыстарды атқарса, біз әрбір тұрғыннан жиналған қаражатқа егетін тал сатып аламыз. Тал егуге қарапайым адамдар, еріктілер өздері келеді. Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!» деген аталы сөз бар. Қазір кім болса да, тал егіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосқысы келеді. Бірақ, жұрттың көбінің мүмкіндігі, уақыты болмай жатады. Міне, осындай жағдайда Bir Talмонетасын сатып алып, қалаған жеріне егеді. Әразамат монетасын сатып алады, біз мына жақтан талын егеміз. Реликтум-Про платформасы монетаны лезде таратады. Монетаны сатып алған сәттен бастап, оның 2 доллары Relictum Proплатформасында сақталып тұрады. Себебі, ол соның монетасы болып есептеледі. Өзі қалаған уақытында пайдалана алады. Яғни, 1000 теңге далаға кеткен жоқ. Әрі тал егілді, әрі блокчейнде қалтасында 2 доллары бар адам тіркелді. Одан кейінгі мақсат – монетизация. Bir Tal криптомонетасына құндылық бере бастауымыз керек. Ол үшін Bir Tal көп адамда болса, 19 млн. халықтың блокчейндегі әмиянында тұрса, монетаның құны да арта түседі. Жоғарыда блокчейн технологиясын қолдайтын қауымдастық туралы сөз еттік. Қазіргі кезде өз монетасын блокчейн базасында ұстап отырған жандар бар. 2022 жылдың 24 қыркүйегінде листингте олардың монетасы биржаға шығарылады. Сол кезде блокчейндегі монеталарды еуроға, теңгеге я болмаса биткоинға ауыстыруға болады. Бұл – бөлек мәселе. 

Балапанды күзде санайды

- Экологиялық альянстың жаңашыл бастамаларының бірі – 2022 жылы 30 сәуірде елордамыздағы «Көктал-2» ықшам ауданындағы Моншақты көшесінде өткен «Мен ағаш отырғыздым! Досыңды шақыр!» деп аталатын экологиялық сенбілік екені мәлім. Қашықтықтан тал егу туралы Сіздердің ютуб-арнадан көп мағлұмат алдық. Экологиялық акцияны Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, аудан әкімдіктері толық қолдады ма? Қашықтықтан тал егу бойынша бүгінге дейін еліміз, елордамыз бойынша қанша тал егілді? Бұл бағытта қандай да бір статистика жасалды ма?

- Иә, өзіміздің ютуб-арнамыздан экологиялық акциямыз туралы шамамыз жеткенше көбірекақпарат бердік. Бүкіл ел қолдау білдіріп жатыр. Ендігі жерде өз мақсатымызды халыққа дұрыстап жеткізуді жөн көрдік. Экоакцияны Сарыарқа ауданының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Экология, геология және табиғи ресурстарминистрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдады. Ал «қанша тал егілді» дегенге назар аударған жоқпыз. Блокчейнде кім қанша тал еккені жөніндегі ақпарат анық көрініп тұрады. «Балапанды күзде санайды» дейді ғой. Істі бастамай жатып, еккен талымызды санап жүргеніміз жөн болмас. Ең бастысы, ісіміздің оңға басататынына, халықтың қолдайтынына көзіміз жетті. Бұл – жай ғана қиял емес, шын нәрсе. Егер статистика қажет болса, экологиялық орталықтар өз-өзіне есеп берсін. Ал әкімдіктерге статистикалық деректер керек болса, біз блокчейннен алып береміз. Ол жерде ешқандай да құпия жоқ. «Тал егуге берген ақшам қайда?» деп ешкім сұрамайды, себебі, кім қанша тал еккені туралы мәлімет сақталады. Өшіргің келсе де, өшпейді. Блокчейн деген бір-біріне жабысып тұрған әлемдік блокшынжыр ғой. Сол шынжырдан ештеңені суырып ала алмайсың, өшіре алмайсың. Төлеген ақшаңның есебі секундына дейін ап-анық жазылып тұрады. 

- Менің түсінгенім, Bir tal криптомонетасын сатып алған әр адам - «Байтақ - Болашақ» экологиялық альянсына мүше болып қабылданады. Яғни, еліміздің экологиясын жақсартуға үлес қосады. Алайда, тал еккісі келетін адам қандай да бір партияға, қозғалысқа кіргісі келмейтін болса не істейді? 

- Өздеріңіз естіген боларсыздар, біз экологиялық партияны тіркеуге өтініш бердік. Бұл процесс жүріп жатыр. Bir Tal.kz сайтына кіріп, тіркелген адам өзінің ЖСН-ын жазады. Сол кезде ол туралы толық ақпарат мәліметтер базамызға түседі. Алайда, бұл жерде бір ескеретін жайт, өз еркімен тал еккен әр адам – табиғат жанашыры. Ол экологиялық партияға мүше бола ма, болмай ма – өзінің ықтияры. Екіншіден, мүшелікке өту үшін өтініш жазып, ресми ұстанымын білдіруі тиіс. Bir Tal-ды сатып алған әрбір адам – біздің қолдаушымыз, ниеттесіміз, бір қадам болса да болашақта тіркелетін партиямызға мүшелікке үміткер. Бірақ біз партияға өту керек деп ешкімді мәжбүрлемейміз. 

- «Байтақ - Болашақ» экологиялық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы қашан құрылды? Алдағы іс-әрекеттеріңіз, жоспар-жобаларыңыз туралы айтып берсеңіз. 

- Елордадағы филиалымыз 2017 жылықұрылды. Мен биылғы маусым айынан бастап осы филиалдың директоры қызметіне кірістім. Бүгінгі таңда Экологиялық альянстың еліміздің барлық облыс орталықтарында өз өкілдіктері бар. Біздің филиал негізінен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен, аудан әкімдіктерімен, елордадағы барлық мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдармен қоян-қолтық қарым-қатынас жасауға мүдделі болып отыр. Сөзімнің басында айтқанымдай, бас қаладағы аудан әкімдіктерімен екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға отыру жұмысын бастадық. Бір ғана тал егу, сенбілік өткізумен шектеліп қалмаймыз. Таза ауыз су, ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) және т.б. әртүрлі мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен, еріктілермен, ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеуге білегімізді сыбанып кірісеміз. Соның ішінде, әртүрлі жобаларымызға демеушілер тартамыз. Мәселен, бүгінге дейін Bir Tal криптомонетасын сатып алып, қарапайым адамдардың қашықтықтан тал егуіне көмек көрсеткен екі құрылыс компаниясымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтсақ, «Сотис групп» ЖШС және «ДК Проект» ЖШС-тері әрқайсысы 25 талдан егіп, ізгі бастамамызға қолдау көрсетті. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, аталған демеушілеріміздің көмегімен бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарымызға енгіздік. Мысалы, «Қазақстан – Көк аспан» деген тақырыппен елордадағы жас ақындар арасында жыр мүшәйрасын өткіземіз. «ЭКО Қазақстан» тақырыбында жас дарынды экологтар, оқушылар мен студенттер арасында дәстүрлі ән, жыр-терме байқауын, сондай-ақ спорттық жарыстар өткізуді де жоспарлап қойдық. Сондай-ақ, «Ел ертеңі» экологиялық-мәдени жобасы аясында экологиялық мәселелерді батыл көтеріп, билік пен бұқараның назарына шығару үшін БАҚ-тарда бейнероликтер жасап таратамыз. Әлеуметтік желілерде арнайы бағдарламалар ашып, ең түйткілді және маңызы зор мәселелерді талқылап қана қоймай, құзырлы органдардың құлағына жеткізіп, қандай да бір оң шешім қабылдауына ықпал жасаймыз. Бұлардың бәрі – алдағы күндердің еншісіндегі іс. 

  • Ерғали Қосыбайұлы, мазмұнды да мағлұматы мол сұхбатыңызға алғыс айтамын! Барлық бастамаларыңыз бен істеріңізге сәттілік тілеймін!

 

Сұхбаттасқан Төлен ТІЛЕУБАЙ.
15.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 133
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 69
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 63
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 48
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 465
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 433
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 457
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 449
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 447
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 464
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 454
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 647

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9689
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9068
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12302
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10073
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11282