Қазақ елінің қатардан қалуына, қарыштап дамымауына қазақ халқы кінәлі ме, әлде қазақ билігі кінәлі ме?

Қазақ елінің қатардан қалуына, қарыштап дамымауына қазақ халқы кінәлі ме, әлде қазақ билігі кінәлі ме?

Қарап отырсақ, соңғы кездері билік өкілдері тарапынан қазақты масыл, жалқау деп ашына жамандап, айыптай сөйлеу белең алуда. 

Ойпырмай, расында да солай ма? Әлде мәселе халықта емес, биліктің өзінде ме? Осы мәселені салыстыра отырып, саралап бір көрейікші.

1971 жылы ғана құрылған  Біріккен Араб Әмірліктерінің Шейх Заид бастаған билеушілері аз ғана уақыттың ішінде түйе мініп түз кезген малшылардан миллионерлер, миллиардерлер, тіпті ірі магнаттар жасады.  Кезінде Британияның отары болған малай халқы, ұлт көсемі Махатхир Мохамадтің көшбасшылығымен бас аяғы ширек ғасырда экономика мен саяси өмірдің сан саласында адам сенгісіз жетістіктерге жетті. Оғанға дейін, бұл халық осы біз секілді өз жерінде 40 пайыздан аса алмай азшылыққа айналып, экономикасының маңызды салаларын басып алған қытай мен үндіс диаспорасынан тепершілік көріп, негізінен алғанда тек ауыл шаруашылығымен ғана айналысып, мал бағып, каучук өндіріп қана күнелткен болатын.  Бәзбіреулер мәселе халықтың мінез-құлқында, ұлттық ерекшелігінде, біз басқалар секілді алғыр, еңбекқор, табыс табуға икемді емеспіз дер. Жоқ, олай емес. Меніңше, МӘСЕЛЕ ЖЕР ИЕСІНДЕ ЕМЕС, ЕЛ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ! Мысал ретінде, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін екіге бөлініп қалған неміс халқын алайық. Заманында Германия Федеративтік Республикасы (ФРГ) мен Германия Демократиялық Республикасының (ГДР) даму екпіндері жер мен көктей болды. Сол себепті социалистік жүйедегісі ұтылып, капиталистік жүйедегісіне жұтылып кетті. Енді, қазіргі тап сол кездегі немістің тағдырын бастан кешіп, оңтүстік пен солтүстік болып, өзара теке тіресіп жатқан корей халқына келейік. Дұрыс басқарудың нәтижесінде Оңтүстік Корей елі экономикасы, технологиясы өзгелерден озық, әлеуетi солтүстіктегі қандастарынан анағұрлым артық алдыңғы қатарлы алпауыт елге айналды. Сингапур, Гонконг, Тайван, Қытай Халық Республикасы төртеуінің де негізгі халқы қытай ұлтының өкілдерінен тұрады. Бірақ та, бұлардың да даму қарқындары әр түрлі. Дэн Сяопиннің экономикалық реформаларынан кейін ҚХР елеулі секіріс жасап ілгері басқаны рас. Бірақ әлі де болса халқының әл ауқатын асыру жағынан алдыңғы үшеуінің шаңына да ілесе алмай салпақтаумен келеді.  Байқап қарасақ бұлардың бәрінде бір ұлт, бірақ  басқару жүйелері әр түрлі. Соған орай жеткен жетістіктері де, көрген нәтижелері де әр басқа. Қазіргі кезде адамзат баласы үшін ел басқарудың бір-біріне қарама-қарсы негізгі екі саяси жүйесі бар. Оның бірі - ДИКТАТУРА, ал екіншісі - ДЕМОКРАТИЯ. Диктатура жүйесінде халық биліктің айтқанына көніп, айдауына жүреді. Ал, демократиялық жүйеде билік керісінше бұқара халықтың көңіл-күйін аңдып, әуеніне қарай төңкеріліп қойған талабын дер кезінде бұлжытпай орындауға тырысады. Сорымызға қарай мелекет басқару жүйесі ретінде біз құжат жүзінде демократия құндылықтарын мойындап оның шарттарын қабыл алғанмен, іс жүзінде диктатураның дүмбілез жолына түсіп кетіпіз. Бұның дәлелі, елімізде құқықтық мемлекетке жат, жуан жұдырықтыларға ғана қолайлы басқару жүйесінің орынауы. Биліктің азаматтардың Конституциялық заңды құқықтарын белден басып, тізеге салатын мүмкіндікке ие болуы.  Еркіндік бар жерде ғана ел экономикасы дамиды. Бұл бұлтартпайтын аксиома.  Оның нақты дәлелі саясатта демократияға, экономикада либерализимге басымдық берген Батыс елдерінің басқаларды басып озуы. Дамудың даңғыл жолына түсе алмай тұралап жатуымыздың түпкі төркіні осыда жатқан тәрізді. Кезінде Малайзияда малай халқы ондағы басым, яғни доминантта болған қытайлар мен үндістер үшін жалқау, ынжық, мешеу халық саналатын. Сол тағдыры қай жағынан алып қарасаңда бізбен егіз малай халқы аз ғана уақыттың ішінде өздерінің бейнетке төзімді, еңбекқор, ақылды да, алғыр халық екенін барша әлемге паш етті. Басқару жүйесінде бағы жанса қазақ та өзінің әлеуетті мүмкіндігін әлемге әйгілеп, әліақ алыс-жақынды тәнті ететін болады.

АРДА ҚАЗАҚ БАРЫНДА, ҚАЛАДЫ АБАЙ ТАҒЫНДА! | Qazdauiri.kz

Авторы: Мұқтарбек Тұрысбекұлы
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 214
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 210
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 715
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 839
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 752

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8908
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8302
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11530
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9286
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10514