Қазақ жерін тонаған Машкевич те жүгенсіз кетіп барады

Қазақ жерін тонаған Машкевич те жүгенсіз кетіп барады

Отандық білікті сарапшылар: «Александр Машкевич бастаған олигархтардың еуразиялық үштігі Қазақстандағы кәсіпорындары – «Қазхром» мен «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне» ВТБ банкінен кредит рәсімдеген. Артынша бірден сол қаржыны кредит түрінде Люксембургтағы бас кеңселеріне аудартып алған. ВТБ акцияларының 92 пайызын Ресей үкіметі қадағалайтынын ескерсек, қазіргі таңда біздің стратегиялық қазба байлықтарымыз залог ретінде Кремльдің қолында тұр. 2021 жылы алдын ала жасалған кредиттік келісім бойынша «Қазхром» акционерлік қоғамы ВТБ банкінен 250 миллион доллар алған. Оған дейін тағы 100 миллион доллар қарызға кірген. Бір қызығы, сол ақшаны алғаннан кейін, «Қазхром» өзінің акционеріне, яғни Люксембургтағы «ERG» корпорациясына 98 миллион доллар кредит берген. Ал оның алдында 2025 жылға дейінгі мерзімге 227 миллион доллар аударған. Бұдан бөлек, Қаңтар оқиғасынан кейін «Қазхром» АҚ өзінің барлық кредиттеріне ВТБ-дан 2 жылға шегерім сұратып алған. Демек қазір «Қазхром» кредит те, ештеңе де төлемей, ақшаның барлығын Люксембургтегі Машкевичтерге аударып жатыр. Былтырғы таза пайдасы – 439 миллиард теңге де сол акционерлерге кетті. Ал екі жылдан кейін, ақшаның барлығын сорып алған олигархтар Қазақстандағы қарызға белшеден батырып тастаған кәсіпорындарын мемлекетке өткізе салып, «гуд бай» деуі әбден мүмкін. Енді ERG-дің Қазақстандағы кәсіпорны «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне» келсек. Одан ERG кредит ретінде 423 миллиард теңгеге жуық қаржы алған. ERG Қазақстандағы компанияларын қарыздандырып, сол қаржыны өзіне неге тартып отыр? Оның бір себебі, Қазақстандағы кен орындарын кепілге қоюға болады. Бұл ретте, ERG-ге ірі акционер болып отырған Қазақстан үкіметінің өзіне болашақ ор қазып жатқанын айта кету керек. Мүмкін нәрсенің бәрін сорып тастаған, капиталды шетелге шығарып алған олигархтар кетіп қалса, тұралаған өндіріс орындарын қайта көтеруге, митингілетіп жатқан жұмысшыларға айлық төлеу үшін тағы да Ұлттық қорды ашуға тура келеді. Сондықтан ERG-дегі қаржылық операциялар Қаржы мониторингі агенттігінің жіті қадағалауында болғаны дұрыс еді. ERG акцияларының 40 пайызы Қазақстанға, 20,7 пайызы – Александр Машкевичке, 20,7 пайызы – Мұқадасқан Ибрагимоваға (марқұм Әліджан Ибрагимовтың жесірі), 18,6 пайызы – Патох Шодиевке тиесілі», – деген деректерді алға тартады. Мұны біздің Үкімет білмей ме, білсе де оған көз жұма қарап отыр ма? Бар гәп, міне, сонда... 

Ермек Сахариев
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 138
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 138
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 652
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 771
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 685
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 695

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8832
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8230
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11457
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9214
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10441