Қазақстан ЕҚЫҰ жұмысында үлкен рөл атқарып отыр

Қазақстан ЕҚЫҰ жұмысында үлкен рөл атқарып отыр

    Норвегияның «Vårt Land» (Біздің жер) газетінде осы елдің  бұрынғы премьер-министрі, Христиан-демократиялық партиясының жетекшісі Кьелл Магне Бондевик: «Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болып қана қоймай, оның жұмысында үлкен рөл атқарып отыр. Қазақстан – ядролық қарусыздану ұранын бірінші болып іс жүзінде орындаған ел. Қазақстанның Орталық Азияда да, Еуропада да, жалпы әлемдік деңгейде маңызды халықаралық рөл атқарсақ деген үлкен амбициясы бар. Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға Премьер-министр ретінде қатысқан кезде мен мұны бірден байқадым. Сессяилардың бірінде мен Қазақстанның сол кездегі Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге шақырту алдым. Алдымда өз елінің амбициясын батыл таныстыра білетін саяси көшбасшы отырды. Ол Норвегиямен және басқа да Еуропа елдерімен тығыз ынтымақ орнатуға ынталы болды. Қазақстанның даму жолы тұрақты. Салыстырмалы түрде жоғары экономикалық өсімге қол жеткізді деп айтуға болады. Дегенмен игілікті неғұрлым әділ бөлу жолында әлі де қиындықтар бар. Ел аймақтағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға көп күш жұмсайды. Бұл Орталық Азияның басқа елдері үшін өте маңызды. Терроризм, адам саудасы және энергия тапшылығы сияқты сынақтарды Орталық Азияға Қазақстанның ықпалынсыз шешуі қиын. Бұл тұрғыда Еуропа Қазақстанмен де, бүкіл Орталық Азиямен де тығыз ынтымақ орнатуы керек деп есептеймін. Бұл Еуропалық Одақ үшін де, НАТО үшін де үлкен жауапкершілік. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше және оның жұмысында үлкен рөл атқарып отыр. Елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қазір ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар жөніндегі жоғарғы комиссары болып қызмет атқарады. ЕҚЫҰ бұрынғы коммунистік елдер мен демократияға ден қойған Батыс елдері үшін маңызды кездесу орны болды. Қазақстан ұйымның осы әлеуетін тез ұғынып, оның аясындағы мүмкіндіктерді өз дамуына оңтайлы пайдаланып отыр»,— деп жазды.

Ермек Сахариев

Ермек Сахариев
30.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 236
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 374
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 371
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 603
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 545

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9248
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8644
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11871
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9642
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10853