"Қазақстан халқына" қорына түскен 196,6 млрд қайда жұмсалды?

"Қазақстан халқына" қорына түскен 196,6 млрд қайда жұмсалды?

15 желтоқсан күні ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басшысы Болат Жәмішевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қазіргі таңда өз мақсаттарын жүзеге асыра бастады.

Қордың құрылған кезден бастап жүзеге асырған жұмыстарына қысқаша тоқталып өткен Болат Жәмішев, журналистер алдында біраз деректерді еске салды.

Қор өзінің қызмет ету мерзімінде 67 қайырымдылық бағдарлама мен жобалардың бастамашысы болды, оларды жалпы сомасы 177 млрд теңгеге іске асыру жоспарланған. «Қазақстан халқына» қоры иелік ететін қаржы ресурстарынсыз қайырымдылық жобаларына бастамашылық жасау және іске асыру мүмкін болмас еді. Қордың ресурстары қайырымдылық жарналары есебінен қалыптастырылды. Қазіргі уақытта қорға 196,6 млрд теңге түсті. Оның ішінде 2 жыл ішінде Қор жалпы сомасы 90,9 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Бүгінгі таңда шығындар 90,9 млрд теңгені құрады, бірақ біз бекіткен және іске асырумен айналысатын жобалардың барлығы 177 млрд теңгені құрады», – деді Б.Жәмішев.

Әуел бастағы жоспарда Қорды қаржыландыру жеке көздерден, халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қаражатынан, лотерея қызметі операторының, ставкаларды есепке алу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдарынан, ірі бизнес тарапынан тұрақты аударымдарынан, қайырымдылыққа, оның ішінде квазимемлекеттік секторға арналған қаражаттан жүзеге асырылатын болады деп көрсетілген еді. Қазіргі таңда Қордың есебіне жиналған ірі көлемдегі қаражаттың құрамы туралы айтқан Болат мырзаның сөзін сенсек, 131 млрд теңгені 60 қазақстандық компания, 20 млрд теңгеден сәл астам соманы «Самұрық-Қазына» қоры аударыпты. Ал 39 млрд теңге ірі донор – жеке тұлғалардан келіп түскен. Бұдан бөлек, халықтан да ақша аударымдары бар екенін атап өткен Қор басшысы: «Бірнеше күн бұрын үш құрылыс компаниясынан балалар мен жастарға протез жасау жобасын іске асыруға 500 млн теңге түсті», – деді.

Қор басшысы Болат Жәмішевтің айтуынша, Қордың қаражатынан өмірге қауіп төндіретін, сирек кездесетін (орфандық) ауыр және созылмалы аурулары бар 382 пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген, оның 296-сы – бала. Бұдан бөлек 39 препарат сатып алынған. «Оның 9-ы алғаш рет Қазақстанда сатып алынды, оның ішінде әлемдегі ең қымбат «Золгенсма» препараты бар. Сатып алудың жалпы сомасы 31,6 млрд теңгені құрады. Ахондроплазиямен ауыратын 10 бала сүйектің өсуіне ықпал ететін инновациялық Вокссого (Восоритид) препаратын қабылдауды бастады. Атаулы көмек көрсету бойынша кеңейтілген тәсілдер мен алгоритмдерді енгізу аясында 25 пациент шетелге емделуге жіберілді, оған 460 млн теңге жұмсалды. Шетелге біз бас медициналық ұйымдардың қандай да бір бағыттар бойынша қорытындылары бар ерекше жағдайларда жібереміз. Біріншіден, бұл аурулар біздің елде емделмеуі тиіс. Екіншіден, егер емделмесе және бюджеттен қаражат ала алмаса. Онкологиялық науқастардан шетелде емдеу бойынша өтініштер өте көп», – деп атап өтті спикер.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қазірге дейін 13 аймақтағы 28 медициналық ұйымға офтальмологиялық скринингке, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықтар жеткізіп беріпті.

Қазақ ауылшаруашылық институтынан экономист дипломын алып шыққан Болат Бидахметұлы сонан бергі уақыттарда көбінде қаржы ұйымдарында қызмет еткен адам. Ал аталмыш қордың басшысы ретінде іске кіріскелі, қомақты қаржыны денсаулық сақтау саласында арнаумен айналысқандікі ме, медицина саласындағы кейбір түйткілдерді де түсіне бастағандай...

С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университеттік емханасында 2023 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін мүйізді қабықты трансплантациялау бойынша 93 ота жасалды. Шұғыл қасаң қабықты трансплантациялауды қажет ететін 304 пациент трансплантация арқылы көру қабілетін қалпына келтіре алды. Қазақстанда донорлық материалдың тапшылығына байланысты қасаң қабықтарды тасымалдау АҚШ-тан жүзеге асырылады. Жобаның бюджеті – 374 млн теңге.

Дәрігерлер қордың ақшасы қажет емес дейді. Біздің елде мәйіт донорлығы қайтадан іске қосылуы үшін заңды өзгерту керек. Біз Үкімет пен жұртшылықты трансплантация, мәйіт донорлығы туралы заңның өзгеруіне ықпал ету үшін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп тиісті конференция өткіздік. Біздің ел осыған байланысты рейтингтің ең төменгі деңгейіне түсіп кетті. 4 мың адамға ағзаларды шұғыл трансплантациялау қажет, – деп түйіндеді спикер.

«Қазақстан халқына» қоғамдық Қоры мынадай міндеттерді орындайды: 

- Қазақстан Республикасының халқына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша қайырымдылық көмек көрсету;

- төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Қазақстан Республикасының зардап шеккен халқына көмек көрсету;

- халықтың әлеуметтік осал топтары және осал топ балаларына спорттық инфрақұрылымның дамуы және қолжетімділігін арттыру бойынша жәрдемдесу;

- Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларына және басқа да көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу, қолдау;

  • Қор қызметінің басқа бағыттары бойынша қайырымдылық
  • көмек көрсету.
Ерқазы Сейтқали
18.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372