Қазақстандық кішкентай блогерлер үміткерлер қатарына кірді

Қазақстандық кішкентай блогерлер үміткерлер   қатарына кірді

Әлемдегі балаларға арналған ең беделді ойын-сауық брендінің бірі Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards сыйлығының үміткерлерін жариялады.  Салтанатты рәсім 4 наурызда Лос-Анджелесте өтеді және мұнда балалар арасындағы кино, теледидар, музыка, спорт пен әлеуметтік желілер әлемінің ең танымал өкілдері бақ сынайды. Сонымен қатар, балаларға арналған сүйікті әндер, фильмдер, телешоулар мен сериалдар да аталып өтеді.

Биылғы жылы Kids Choice Awards сыйлығына Бейонсе, Крис Эванс, Леди Гага, Селена Гомес, Лиззо, Гарри Стайлс, Серена Уильямс, Эд Ширан, Тейлор Свифт және тағы басқалар ұсынылды. Алғаш рет ұсынылғандардың арасында Дженна Ортега, Джек Харлоу, GAYLE, Джоджи, Ники Юр, Летиция Райт және басқалар бар. «Очень странные дела» сериалы алты номинация тізімінің көш басында тұр, одан кейінгі орындардан әрқайсысы төрт номинациядан тұратын «Ох уж эта Лэй-Лэй», «Классный мюзикл: Мюзикл» және «Волшебные покровители: Еще волшебнее» сериалдарын көруге болады.

Nickelodeon Kids’ Choice Awards сыйлығы әлемдік супер жұлдыздардан басқа, әлемнің әр тарапындағы инфлюенсерлер үшін аймақтық номинацияларды да қамтиды. Биылғы жылы салтанатты рәсім тарихында алғаш рет Қазақстаннан «Сүйікті қазақстандық инфлюенсерлер» номинациясы бойынша төрт үміткер: Алина Ким (Homa), Амина Малгаждар (Аминка Витаминка), Жасмин Сайделдинова (Jessysclick) және Батыр (Batyr White) сайысқа түсетін болады. Үміткерлердің бүкіл әлем бойынша жанкүйерлері Kids Choice Awards-тың ресми сайтында 31 категория, сонымен қатар әлем бойынша аймақтарда қолжетімді болатын 32 халықаралық категорияда дауыс бере алады. Nickelodeon Kids’ Choice Awards-2023 бүкіл әлем бойынша түрлі платформаларда көрсетіледі. Қазақстанда салтанатты рәсімді 8 наурыз күні сағат 20:00-де, қазақ тілінде Nickelodeon HD арнасынан көруге болады. Аймақтық номинация жеңімпазы сол күні арнаның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланады.

 

Ермек Сахариев
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Тез таралатын жұқпалы аурудан сақтану
Артықбаев Сәкен Сарсенұлы Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы - 29.03.2024 11
Қызылша – вирусты инфекция
Артықбаев Сәкен Сарсенұлы Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы - 29.03.2024 6
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 148

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 358
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6464
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8172
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6543
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6679