Қазақстанның ТүркПА-ға төрағалығындағы басымдықтары

Қазақстанның ТүркПА-ға төрағалығындағы басымдықтары

  Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысында Қазақстанның ТүркПА-ға төрағалығының негізгі бағыттарына назар аударды. Сессия жұмысына ТүркПА-ға мүше елдердің Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның, сондай-ақ қонақ ретінде Өзбекстанның және бақылаушысы мәртебесімен Мажарстанның парламенттік делегациялары, Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының, бақылаушы ұйымдардың және басқа да мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты. Ассамблея қызметінің алдағы негізгі бағыттары — ең алдымен, Түркі әлемінің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруға серпін беретін «Түркі келешегі – 2040» стратегиялық құжатын әзірлеу екенін айтқан Нұрлан Нығматулин: «Біз Кеңесте ТүркПА-ның Модельдік заңдар туралы ережесін қабылдадық. Сонымен бірге ТүркПА заң жобалау қызметінің 2022-2027 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлейтін боламыз. Жаңа цифрлық технологиялардың дамуы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көңіл бөлуді қажет етеді. Сондықтан, біз «Киберқауіпсіздік туралы» модельдік заң қабылдауды ұсынамыз. Тағы бір негізгі бағыт – ол халықаралық қатынас. Бүгінгі күндері әлем жұртшылығын әсіресе, Ауғанстандағы қазіргі жағдай алаңдатып отыр. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының қызметкерлері уақытша Алматыға көшірілді. Бүгінгі күні аталған ел гуманитарлық дағдарыс алдында тұр. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Алматыда халықаралық гуманитарлық — логистикалық хаб құруды ұсынамыз. Тағы бір мәселе, ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттер аясын кеңейту. Біз мерейтойлық отырысқа Өзбекстан Парламентінің өкілдері де қатысып отырғанына қуаныштымыз, қазіргі уақытта түрікмен әріптестермен де парламентаралық байланыстың нығайып келе жатқанын атап өткім келеді. Түркі әлемінің бірлігі біздің елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтумен тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстан төрағалық барысында мәдениет, ғылым және білім саласындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ерекше көңіл бөлетін болады»,— деп атап өтті. Мәжіліс Төрағасы отырыс барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл «Түркістан» телеарнасы ашылғанын, аз ғана уақыттың ішінде бұл телеарна заманға сай үздік техникалармен қамтамасыз етіліп, жоғары кәсіби мамандармен толыққанын айтып: «Түркістан бүкіл Түркі әлемінің «рухани Астанасы» болғандықтан, аталған телеканалды жалпы Түркі мемлекеттеріне ортақ арна жасауды ұсынамын»,— деді. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, ол елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси даму жолын және парламенттер қызметін жан-жақты насихаттап, бүкіл Түркі елдеріне қажетті ақпараттық орта қалыптастыруға үлес қосатын болады.

Ермек Сахариев
29.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852