Қазақтың азғындауы қайда апарады?

Қазақтың азғындауы қайда апарады?

Соңғы жылдары көгілдірлер, гейлер, лесбилер, трансгендер, т.б. осындай көңілді нілдей бұзатын атаулар пайда бола бастады. «Еркек пен еркек, әйел мен әйел қосылып, отбасы болып жатыр» деген сұмдық оқиғалар орын алғаны жөнінде ақпараттар желдей есті. Бұларды қазақша аударсаң, жезтабан, қызтеке деген сөздерге келеді. Бұл сұмдық нәрселер жыландай жылжып, мысықтабандап қайдан келді? Біз үлгі-өнеге ететін Батыс, Еуропада мұндайлардың тірлігі заңмен бекітілгені туралы да естідік. Естіген кезде жанымыз түршікті. Енді міне, олар әртүрлі әлеуметтік желілерде, тайраңдап көз алдымызда, көшемізде жүр. Адам баласының азғындауының ең шырқау шегі деп пе, әлде қараңғы шыңырау құзға құлауы деп айтуға бола ма, әйтеуір, сөзбен жеткізе алмайтын сұмдық нәрсе.

«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, жақында тағы бір адам айтқысыз дерек қау қамысқа тиген өрттей бұрқ ете қалды. Гейлер мен лесбилердің саны Қазақстанда 1,5 миллион! Мәссаған! Нанасыз ба, оның 990 мыңы қазақ! Ал ендеше, егер рас болса, құрыған жеріміз осы! Бар болғаны 14 миллион қазақтың осыншасы осындай азғындық жолға түссе, жетіскен екенбіз!

Өткенде олар тайраңдап көшеге шеруге шыққанда әншейінде әділеттілік іздеп, ұлт мүддесін ту қылып көшеге шыққан демонстранттарды түрмеге тығатын полицейлер әлгілерге «сүйсіне» қарап, жайбарақат тұрды. Сонда биліктің мұндай жайбарақаттығына халықтың ызасы келді. Ертеңіне бұл митингіге қарсы саусақпен санарлықтай адам шықты. Билік үнсіз қалды. Мұны қалай түсінеміз? Қарапайым халықтың қолынан ештеңе келмейді. Енді не істейміз, ағайын-ау? Көз алдымызда азғындық жолына түскен қаракөздерімізді қалай құтқарамыз? Мұның себебін дәрігерлер, мамандар психологиялық ауытқуға, ауруға тірейді. Бала кезінде жан дүниесі жарақат алғандар осындайға барады-мыс. Ғаламтордың кесір-кесапаты, ондағы әлем-жәлем болып киінгендерге, сырға таққандарға еліктеудің ақыры осындайға апарады. Әкесіз өскен балалар мұндай сорақылыққа тез беріледі екен. Мектептерде мұғалім ер кісілердің жоқтығы да себепкер деп айтты біреулер...

Ең жаманы мұндайлардың басын біріктіретін, «тәрбиелейтін» трансклубтар өте көп. Құрманғазы мен Пушкинді «сүйістірген» клуб жазасыз қалды. Бұл біле білген адамға сүйегімізге таңба. Иә, қазақ шыт-шыт жарылып бөлініп жатыр. Тілге, дінге бөліндік. Үндемедік. Руға бөлінушілік етек жайды. Оған көз жұмып қарап отырмыз. Осыдан он шақты жыл бұрын Иегова деген дінге жарты миллион қазақ кетті деп айтылды. Қазір оның саны қанша? Оны ешкім білмейді. Енді латын әліпбиі келсе, Қазақстан халқы тағы да бөлінбекші. Бір елде қос әліпби. Масқара! Сайлауға бір апта қалды. Жаңа сайланар Президентке халықтың үкілеп отырған үміттері көп. Соның бірі және ең бастысы – қазақтың бөлінушілігіне тосқауыл қою. Әйтпесе бөлінгенді бөрі түгілі көршілеріміз де талап жеуге даяр тұр. Әрбір қазақ осы таланудың, азғындаудың, бөлінудің себеп-салдарын біліп, күресуі тиіс. Әйтпесе құримыз, жойыламыз, қазағым!

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8775
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8175
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11404
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9158
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10389