ҚОС ЖЕҢІМПАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚОС ЖЕҢІМПАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жуырда ғана Астана қаласында бокстан жастар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтіп, оған шулық боксшылар да қатысқан еді. Аталған байрақты бәсекеде екі бірдей оғланымыз топ жарып, Азия чемпионы атағына қол жеткізді. Оның бірі - Мадияр Бексұлтанов болса, екіншісі - Бекнұр Батырбек.
Осыған орай, бүгін аудан жұртшылығымен бірге аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков қос жерлесімізді темір жол вокзалынан сән-салтанатымен күтіп алып, жеңістерімен құттықтады. Чемпиондардың ата-аналары мен жаттықтырушыларына алғысын білдіріп білдіріп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
Бір ғана ауданнан екі жеңімпаздың шығуы Әулиеата өңіріндегі, оның ішінде Шу ауданындағы бокс спортының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айқындап тұрғандай. Сондықтан да ауданымызда спорт саласына деген қамқорлық бұдан әрі де қарқын ала беретін болады.
Шу ауданы
13.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 432
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 621
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 622

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19317
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19168
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34308
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32877
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36680