ҚР Президенті Қ.Тоқаев Ақмола облысына барды

ҚР Президенті Қ.Тоқаев Ақмола облысына барды

Мемлекет басшысына кәсіпорын директоры Қайрат Қалманбаев ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехтың өнімдерін таныстыру барысында, былтыр 29,5 млрд теңгеге 504 комбайн шығарса, биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және «YTO» маркалы дөңгелекті трактордың төрт түрінен 300 дана шығаруды жоспарлап отырғаны және кәсіпорында 162 адам жұмыстайтынын қысқа, нұсқа жеткізді.

Келесі кезекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан салынған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Bolashaq saraiy» ғимаратында болып 1172 орындық сарайды аралап танысты.

Фото ғаламтордан алынды

Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев қатерлі ісік ауруының белгілері бар және осы дерт бойынша есепте тұрған науқас адамдарға консультативті-диагностикалық көмек көрсетуге мамандандырылған онкологиялық емханаға барды. Емхананы аралап, өңірдегі COVID-19 індетіне қатысты ахуал және денсаулық сақтау қызметінің жағдайымен қабат танысты.

Сапар соңында Ақмола облысында жаңа сайланған ауыл әкімдерімен кездекен Қасым-Жомарт Тоқаев: – Ауыл, аудандық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға. Сайлау ел тарихында алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс, әл ауқатын жақсарту үшін өткіздік, сайлау нәтижелі өтті. Сіздер үлкен жауапкершілік арқаладыңыздар. Қызметтеріңізден зор табыс тілеймін деді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы сапарын қорытындылап, облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен Көкшетау қаласын дамытудың басты бағыттары туралы есебін тыңдады. Облыс әкімінің есебін тыңдаған Мемлекет басшысы өңірді дамытудың басым бағыттарын белгілеп, бірқатар міндеттер жүктеді.

Президент тапсырмасына қысқаша тоқталсақ

Фото ғаламтордан алынды

– Облыстың алдында бірқатар міндет тұр. Соның ішінде астық жинау науқаны. Әрине, бұл науқанның сәтті аяқталуы табиғатқа тікелей байланысты екенін түсінеміз. Дегенмен, табиғи жағдайлардың кері әсерін мейлінше азайтып, астықты барынша мол жинау керек.

– Биылғы жаз айтарлықтай сабақ берді?! Мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар мал сатып алып, өздерін фермерміз деп атайды. Бірақ жем-шөп қорын әзірлеуді ұмыт қалдырады. Сіздің баяндамаңызда бұл мәселенің қамтылғаны дұрыс болды. Қазір осы түйткілді шешумен айналысу керек.

– Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін нақты істер атқарылып жатыр. Соның бір дәлелі Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесін бердік. Жарлыққа қол қойылды. Аталған құжатқа қол қойылды. Ауылға облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілуін көпшіліктің қолдауын тапты. Бұл шешім Қосшы ауылы тұрғындарының жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында қабылданды. Мәлімет деректе 40 мың адам тұрады десе, шындығында 80 мың адам тұрады. Олар тұрмыстық мәселелерімен облыс орталығы Көкшетауға баруға мәжбүр. Оған артық уақыт, қаржы шығын. Бұл тұрғындарға ауыр салмақ. Сондықтан қаланың әкімшілік мәртебесін өзгертетін осындай шешім қабылданды. Мен мұны дұрыс шешім деп есептеймін.

– Көкшетау қаласы жылу электр орталығы жоқ жалғыз облыс орталығы . жылу электр орталығының қажеттілігіне сай, құрылыс салу шешім қабылданды. Бастапқы жабалаған қаржыдан, жобаның құны бірнеше есе өсіп 240 млрд. теңгеге жетті. Қаржы шешіледі. Қала халқына жайлы жағдай жасау үшін, бар мүмкіндік қарастырылады. Үкімет аталған шешімді соңына дейін жеткізеді.

– Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Көкшетау қаласы осы саладағы басты тірек орталықтардың бірі. Бұл – ел экономикасының аса маңызды әрі тиімді бағыты. Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында державаға айналуы тиіс. Бұл – күрделі, бірақ қол жеткізуге болатын мақсат. Осы ретте облыстың рөлін асыра бағалау қиын. Елдің ауыл шаруашылығының әлеуетін жетілдіруге бағытталған Ақмола облысының жоба жоспарын қолдайтынын, өңір жұртына баса айтты.

Ел Президенті ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы шешімнің дұрыстығына тағы бір мәрте тоқталды.

– Сайлау ашық әрі әділ өтті. Тұрғындар тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ. Ауыл халқы елді мекендерін басқаруға қолайлы деп, көрген адамдарын сайлады.

– Енді, жергілікті әкімдер өздерін сайлаған азаматтардың алдында тікелей жауап береді. Олардың өз бағдарламалары болды. Сол бағдарламаларды жүзеге асыруы қажет. Сонымен қатар облыс әкімдері сайланған азаматтарға көмектесуі керек. Осы ретте мен мына мәселеге ерекше мән бергім келеді. Сайланған әкімдер өздерінің кездейсоқ сайланбағанын іспен дәлелдеуі қажет. Олар өз бағдарламаларын сөзбен емес, іспен орындауға тиіс. Өкінішке қарай, біз көп сөйлеп, аз іс атқарамыз. Ал біз бұл жағдайды 180 градусқа өзгерткеніміз жөн. Яғни,аз сөйлеп, нақты істі көп атқарған жөн – деді, Президент Қ. Тоқаев. Ақмола облысында атқарылып жатқан игі істерге мемлекет басшысының көңілі толды.

Дахан ШӨКШИР
29.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 83
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 604
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 721
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 633
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 643

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8780
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8180
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11409
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9163
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394