Қ.Тоқаев кейбір комапнияларға неге шүйлікті?

  Қ.Тоқаев кейбір комапнияларға неге шүйлікті?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында еңбек дауларының едәуір бөлігі ҚазМұнайГаздың еншілес компанияларынан шығып жатқанын атап өтті. Олардың тарапынан тиісті жұмыс атқарылғанымен, бұл жеткіліксіз. Президент облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы жиында Самұрық-Қазына мен ҚазМұнайГаз компанияларына бұл мәселемен мықтап айналысуды тапсырып: «Кейбір жеке компания басшылары жұмысшыларын ереуілге әдейі итермелейді. Бұл компаниялардың тізімі менде бар. Мақсаты – халықты қалқан еткен болып, мемлекеттен ақша алу. Біз мұны білеміз. Олар бөлінген ақшаны жұмысшыларға бермей, өз қалтасына басады. Мұндай қитұрқы әрекеттің жолын кесу керек. Осындай компанияларға аудиторлық және тағы басқа тексеру жүргізу керек»,— деді. Ол жұртты арандатып, мемлекетке қоқан-лоққы көрсетуге болмайтынын, бәрі заң аясында жасалуға тиіс екенін мәлімдеді. Сонымен қатар президент: «Жаңаөзенде тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық штаб құру қажет. Оған мемлекеттік органдар мен Самұрық-Қазына белсене қатысуы керек. Бұл штаб шұғыл шешім қабылдауға және халықпен тығыз қатынас орнату тиіс»,— деді.  

Ермек Сахариев
24.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 12860
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 12868
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 27976
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26668
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30148