Қуғын-сүргін құрбандары толық ақталады

Қуғын-сүргін құрбандары толық ақталады

Тарихымыздың жоғын түгендеп, қоламтасын қайта қоздату – мемлекеттің назарында тұрған мәселе десек артық кетпеспіз. Бұл үрдіс әлі талайға жалғасары сөзсіз. Соның бірі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» қаулысы еді. Содан бергі екі жылда мемлекеттік хатшының қатысуымен комиссияның екі кезекті отырысы өтіп, атқарылатын жұмыстар жан-жақтылы пысықталған болатын.

Бұл аса ауқымды жұмыс. Оның жай-жапары, маңыздылығы туралы, қазіргі таңда комиссия құрамындағы ғалымдарымызбен әр саладан тартылған қызметкерлердің істеп жатқан шаруалары туралы көпшілікті хабардар етіп отыру, тілші қауымның міндеті болмақ. Осы мақсатпен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сарапшысы Дана Мұхамедияқызына хабарласып, бірнеше сұрауларға жауап беруін өтінген едік.  

 

– «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия» қазіргі таңда қандай жұмыстармен айналысып жатыр? 

– «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі-Мемкомиссия) құрылды. Мемкомиссияның негізгі міндеті 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық, заңды және саяси ақтау еді. Мемкомиссияның қорытынды жұмысының мақсаты «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы» Заң жобасын, сондай-ақ Мемлекет басшысына Мемкомиссияның жұмысы туралы баяндама дайындау болып табылады. Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мемкомиссияның төрағасы болып, ал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) Мемкомиссияның жұмыс органы болып белгіленді. Жұмыс органы мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Мемкомиссияның тиімді жұмысы үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарының негізгі, ақталмаған санаттары бойынша 10 жұмыс тобы, 2 кіші комиссия (әдістеме бойынша, саяси қуғын-сүргін жөніндегі жабық архив қорларын жан-жақты зерделеу және оларды кезең-кезеңімен құпиясыздандыру бойынша) құрылды. Жұмыс тобының құрамына (53 адам) ҚР ҰҒА академиктері, жетекші ҒЗИ және ЖОО ғалымдары тартылды.

БҒМ қатысуымен барлық облыстарда және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін әкімдер орынбасарларының басшылығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша мәслихат депутаттарының, ғалымдардың, өлкетанушылардың, консультативтік-кеңесші органдар форматында  17 өңірлік комиссия құрылды. Жоспарлар дайындалып, белгіленген кеңестер өткізілді. Өңірлік комиссиялардың құрамына 265 ғалым тартылды. Қостанай облысындағы комиссия құрамында ерікті негізде қаржылық шығынсыз жұмыс істейтін жұмыс топтарының мүшелері де бар. Қазіргі таңда барлық республикалық маңызы бар қалалар мен облыстарда азаматтардан өтініштер, деректер жинау үшін түрлі мессенджерлердің ашық платформасында арналар жұмыс істейді.

Мемкомиссияның қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ету, талдау жұмысын одан әрі ұйымдастыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Мемкомиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі Жобалық офис құрылды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Жобалық офистің қызметі заңды тұрғыда бекітілді. Өкімге сәйкес Жобалық офиске мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу органдарының өкілдері іссапарға жіберілді.

 Жобалық офистің жетекшісі «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының Президенті, Қазақстанның тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресте зардап шеккен адамдарды ақтау және мәңгі есте қалдыру жөніндегі президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымов Сабыр Ахметжанұлы болып табылады. Қазіргі уақытта жұмыс топтарының, кіші комиссиялардың, сондай-ақ өңірлік комиссиялардың мүшелері еліміздің архивтері мен кітапханаларында елеулі іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

2021 жылы Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарының мүшелері республиканың бірқатар қалаларының аумағында архив материалдарын жинау бойынша 30 ғылыми-іздестіру іссапарларын іске асырды. Нәтижесінде 268 715 архив құжаттардың кадрлары жиналды, олар болашақ құжаттар жинақтарында пайдаланылатын болады.  Өкінішке қарай, жаһандық қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылы ғалымдарымыз шетел архивтеріне іссапарлар жасай алмай қалды.  

Сонымен қатар, еліміздің барлық өңірлерінде ақталмаған санаттағы азаматтардың жаңа есімдерін анықтау бойынша экспедициялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды топтық жерленген орындарын анықтау жұмыстары жүргізіліп, өңірлерде барлығы 82 орын анықталды. Жамбыл облысында мұндай орынның 3 картасы жасалды. 

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірыңғай республикалық деректер базасының сайты әзірленуде. Сайт негізінде ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы республика көлемінде қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың барлық санаттарын (бай-кулактар, орташалар, депортацияланған халықтар, арнайы қоныс аударушылар, дін қызметкерлері) қамтитын жүйелендірілген электрондық деректер базасы ұсынылған. Сайтты қалыптастыру бойынша жұмыс ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталады және интернет ресурстарда жалпыға қолжетімді болады».

 

– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау қызметі неге кешігіп келді? 

– «Бұл мәселе бойынша тәуелсіздіктен кейін, яғни 1993 жылғы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданған. Бұл заң негізінде біраз адамдар ақталғаны белгілі. Алайда бұл заңда Кеңес үкіметінің саясаты салдарынан Қазақстанда болған қуғын-сүргін яғни, шаруалар көтерілісі, бай-кулактарды жою, олардың мүліктерін тәркілеу және күштеп отырақтастыру, жаппай коллективизациялау, 1920-33 жылдар аралығындағы шараларға қарсы көтерілген халыққа және дін өкілдеріне қатысты жаппай жазалау нәтижесінде құрбан болғандар қолданыстағы «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында қамтылмай қалған. Сондықтан осы жағын ескере келіп жаңа заң қабылдаудың қажеттілігі туындағаны сөзсіз. 

Сонымен қатар оларға қатысты құжаттар ҚР ҰҚК, Бас прокуратура,  ІІМ-нің арнайы архивтерінде құпия режимде сақтаулы болған. Бүгінгі күні құпия құжаттардың сақталу мерзімінің аяқталуына байланысты құпиясыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде ҚР Бас прокуратурасы 2 млн астам құжаттың «Құпия» деген күшін жойды. Сонымен қатар ІІМ арнайы архивтерінде 2 мың 190, ҰҚК арнайы архивтерінде 333 қуғын-сүргіндерге қатысты архив істері және 1937-1938 жылдардағы КСРО ІІХК-нің 7 нормативтік құқықтық актілері бұдан ары «Құпия» болмайтын болды. Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялардың мүшелері ҚР Бас прокуратурасы, ҰҚК, ІІМ, Қорғаныс министрліктерінің жабық архив қорларымен әлі де жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда Мемкомиссияның жұмысына тартылған ғалымдар архивтерде зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесі бойынша әрі жұмыс тобының жетекшілері зерттеу қорытындысын дайындайтын болады. Қорытындыға міндетті түрде құқықтық сараптама жасалуға тиіс. Құқықтық сараптамада ақталуға жататын, «қуғын-сүргін құрбаны» деп тануға болатын санаттар көрсетілетін болады».

– Уақыт бөліп, сауалдарымызға жауап бергеніңіз үшін алғыс айтамыз!

 

Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601