ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА «НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК» САЯСАТЫ – ҚАТАЛДЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА «НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК» САЯСАТЫ – ҚАТАЛДЫҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ

Бұдан бірнеше жыл бұрын Астана қаласында теміржол вокзалы ғимараты мен вокзал маңы аумағында «Сенің өмірің. Сенің таңдауың. Сенің қоғамың» ұранымен «Құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік. Есірткіге нөлдік төзімділік» акциясы өткені есімізде. Шара Астана қалалық «Даналық» медицина колледжі студенттерінің флешмобымен ашылды. Акцияны  «Астана - есірткісіз қала» жоспарын іске асыру аясында Көліктегі Ішкі істер департаменті, Жастар саясаты мәселелері және Білім басқармасының қолдауымен «Құқық» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Оған құқықбұзушылық әрекеттерге қатысы бар кәмелет жасқа толмағандар тартылған. Акция аясында түрлі байқаулар, спорттық шаралар мен колледж студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Мақсат - түрлі топтағы адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. Бұл бастаманы іліп әкеткен өңірлер көп. Себебі өте маңызды дүние болатын.

Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегенімен құқық бұзушылық, заңды сыйламау жиі көрініс береді. Оған түрлі факторлар да әсер етуі мүмкін. Әсіресе жастардың бұзақылығы, ерсі қылықтары, қоғамдық орындарды ластап, өзгелердің еркін жүріп тұруына кедергі келтіруін де жатқызсақ болады. Құқық бұзушылыққа  «нөлдік төзімділік» саясаты осындай жағдайда орын алмақ. Түсінікті болуы үшін айта кеткен дұрыс, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» саясаты - ұсақ бұзақылық, үнсіздік заңын сақтамау, дәліздерге қоқыс тастау немесе қоғамдық орындарда темекі шегу болсын, кез келген құқық бұзушылыққа қоғамның теріс реакциясын білдіреді.

Құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен хабарламаларға жедел ден қою, рейдтер, дәрістер, қауіпсіз тәртіп туралы жадынамалар әзірлеу – Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері заңды сақтау, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.

Мысалы Астанада шетелдікті алдап кеткен такси жүргізушісі ұсталды. Елордалық таксопарктердің бірінің жүргізушісі әуежайдан қонақүйге дейін жеткізіп салғаны үшін 45 мың теңге алған. Бұл қолданыстағы тарифтен ондаған есе артық. Енді такси жүргізушісінің өзі айыппұл төлейтін болады.Тағы бір жағдай Павлодарда орын алды. Бір әйел кіреберісте баспалдақта жатқан мысықтың үстіне сірке суын төккен. Үй жануары клиникаға жеткізілді, жағдайы ауыр, ал қатыгез әйелге қатысты қандай жаза қолданылатынын тергеу анықтайды. Жануарға қатыгездік жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл екі жағдай туралы куәгерлер хабарлады. Елімізде ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуде азаматтық қоғамны рөлі ерекше, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын іске асыру бойынша жұмыстар қолға алынды.

Ең бастысы – ұсақ қылмыс болмайтынын түсіну. Балалардың тентектігі де қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін.   Қазақстандық полицейлер осыны ата-аналар мен балаларға түсіндіруде. Мысалы, тәртіп сақшылары оқушылармен 90 мыңға жуық кездесу өткізді. Олар құқық бұзушылықтар, соның ішінде есірткі қылмыстары, буллинг, бопсалау, вандализм және бұзақылық үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы айтады. Ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатын бұзушылықтарға ерекше назар аударылады. ІІМ қауіпсіз тәртіп ережелерін сақтауға дағдыландыру үшін балаларға «Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек», ата-аналарға – «Бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек» тақырыбында жадынамалар әзірледі. Олар әлеуметтік желілерде, мобильді мессенджерлерде, ата-аналар, мектеп және жалпы үй чаттарында таратылады. Әңгімелесулер, дәрістер, кездесулер мен жадынамалардан басқа, полиция жергілікті тексерулер жүргізеді. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам жедел-профилактикалық іс-шара, рейдтер, жергілікті тексерулер мен акциялар өткізілді. Іс-шаралардың қорытындысы бойынша, кәмелетке толмағандардың түнде ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 86 мыңнан астам ата-ана мен 1,5 мың мекеме иелері әкімшілік жауапкершілікке, 10 мыңға жуық ата-ана бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. 1,3 мың кәмелетке толмаған бала ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Полиция балалардың оқу орындарындағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Оқу жылы басталғалы әрбір мектеп пен колледжге учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар және жедел қызметкерлер бекітілді. Олардың міндеттеріне оқу орындарына жүйелі түрде барып-тұру, сабақ өткізу, оқушылармен әңгімелесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға теріс әсер ететін және қылмыстық идеологияны тарататын адамдарды анықтау жатады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық фактілері туралы полицияға «102» нөмірі немесе «111» сенім телефоны арқылы хабарлауға болады. Көрсетілген телефондар бойынша ақпараттық, консультациялық, психологиялық көмек және қолдау тәулік бойы жүзеге асырылады.

ІІМ-нің хабарлауынша, әрбір қазақстандық үлес қосса ғана ғана балаларды қорғап, қоғамда құқық бұзушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға болады.

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
15.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 150
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 148
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 660
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 780
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 693
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 703

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8843
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8240
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11467
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9224
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10451